«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРСЫЛАСТАРЫН ШАҢ ҚАПТЫРДЫ

Жуырда Шымкент қаласында велоспорттан Қазақстан Республикасының кубогы мен ел чемпионатының төртінші туры өткен болатын. Оған қатысқан Қарағанды, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы мен Астана қалаларының велошабандоздары командалық, топтық жарыс, сондай-ақ жеке жарыстары бойынша сынға түсті.Қазақстан Республикасының кубогында аса шиеленісті өткен 120 шақырымдық топтық жарыста облыстық велоспорттан олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінің …

ШЫМКЕНТТЕ ҚАРСЫЛАСТАРЫН ШАҢ ҚАПТЫРДЫ Read More »

АУЫЛДАРДА ЖАРЫС ЖАЛАУЫ КАШАН ЖЕЛБIРЕЙДI?

Фархат ТАСТАМБЕКОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Балалық шағыңда велосипедің болмаса, ал қазір “Бентли” мініп жүрсең де, балдәуреннің бір бөлшегінен айрылғаның. Өйткені, автомобиль алғандағы қуанышың алғашқы велосипедке ие болғандағы бақытыңа жете алмайды. Ауылда бұл табиғи көліктің пайдасы бұзау іздегенде тиетін еді. Жолсыз жерлермен, ойды, қырды қалдырмай, орман кезіп жүре беруші едік. Сөйтсек, сол кездің өзінде қазіргі спорт әлемінде …

АУЫЛДАРДА ЖАРЫС ЖАЛАУЫ КАШАН ЖЕЛБIРЕЙДI? Read More »

“ЖӘРДЕМ” мен “АЛПАШ” борышқа батып тұр

Шаруашылық жүргізу құқығындағы “Қазақстан су шаруашылығы” республи-калық мемлекеттік кәсіпорнының “Есіл су” филиалы облыстағы негізгі ауызсу жеткізуші болып табылады. Ол топтық су құбырлары желісі бойынша облыстың 197 мың адам тұратын 208 ауылдық елді мекеніне ауызсуын береді. Биылғы жылы кәсіпорынмен 231 су пайдаланушы шартқа отырған. Топтық су құбырлары желісінің су алар орындарында есептегіш құралдары қойылған, босатылатын су …

“ЖӘРДЕМ” мен “АЛПАШ” борышқа батып тұр Read More »

ҚАРЫЗГЕРЛЕР БОЛМАУЫ ТИІС

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Коммуналдық қызмет қарыздарының ең көп жинақталатын жері – электр қуаты мен жылуға төленетін ақы. Осы қуат түрлерін таратушы “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-іне қалалықтар 126 миллион теңге, ал облыстың аудандары тұрғындары 24 миллион теңге берешек. Кәсіпорын директоры Мағауия Сағындықовтың айтуынша, сол себепті өндірісті жаңғыртуға жұмсалар қыруар қаржы қолға тимей отыр. Сондықтан да қарызгерлермен күрестің маңызы …

ҚАРЫЗГЕРЛЕР БОЛМАУЫ ТИІС Read More »

БЕРЕШЕКТЕРДІ ӨТЕУ ҮШІН белсенді әрекет қажет

Облыс әкімі Серік Біләлов коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындардың алдындағы берешектерді жою мәселесі және оны азайту жөнінде қолданылып отырған шараларға арналған кеңейтілген кеңес өткізді.  Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Онда күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасаған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Антон Федяев коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде қордаланған қарыздарды жою үшін жан-жақты пәрменді жұмыстардың …

БЕРЕШЕКТЕРДІ ӨТЕУ ҮШІН белсенді әрекет қажет Read More »

КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ көкжиегін кеңейту – уақыт талабы

Кеше Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруа-шылығы колледжі қабырғасында Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесіп, “Білім мен бизнестің серіктестігі – агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізі” деген тақырыпта республикалық семинар өткізді. Оның барысында жергілікті кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының көрмесі ұйымдастырылды.  Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Оқу орындары мен агроөнеркәсіп кешенінің кәсіптік білім беру саласында кадрлар даярлау және қайта …

КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ көкжиегін кеңейту – уақыт талабы Read More »

ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы лауазымына қаржы полициясының полковнигі Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар тағайындалды.Нұрлан Аманкелдіұлы 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген.1996 жылы – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (заңгер), 2005 жылы …

ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ Read More »

Мерекелік құттықтаулар

Біздің егемен елімізде Құрбан айт бүкілхалықтық мерекеге айналды. Бұрын оны мұсылмандар ғана тойлап келсе, енді оның алғашқы күні діни мейрам ретінде ел көлемінде атап өтіледі. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың асыл дініміздің өркендеуіне жасап отырған зор қамқорлығы.Құрбан айттың тарихы сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан бастау алады. Содан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса келіп, ардақты да соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед …

Мерекелік құттықтаулар Read More »

Мерекелік құттықтаулар

Құрметті солтүстікқазақстандық мұсылмандар!Қасиетті мереке – Құрбан айт құтты болсын!Бұл – қайырымдылық, ізгілік, аяушылық сияқты ең жоғары адамгершілік құндылықтарды бейнелейтін, біздің биік жалпыадамзаттық мұраттарға шынайы берілгендігімізді айғақтайтын айтулы мұсылман мерекелерінің бірі. Бұл мұраттарды мақсат тұту адамдарды ізгі істерге бастайды, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға ықпалын тигізеді.Құрбан айт қазақстандықтардың асқан бай рухани мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады, …

Мерекелік құттықтаулар Read More »

ЖҰРТ КҮТКЕН ҮЙЛЕР мен БАЛАБАҚША жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі

Сейсенбі күні өңір басшысы Серік Біләлов облыс орталығында салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді. Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ, журналист. Жамбыл және Челюскин көшелерінің қиылысында 200 пәтерлік тұрғын үй салынып жатыр. Облысымызда соңғы ширек ғасырда мұндай ірі баспана тұрғызылмапты. 2010 жылы басталған құрылысқа бүгінде 120 адам жұмылдырылған. Оның 30-ы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы аясында еңбекке тартылған екен.9 …

ЖҰРТ КҮТКЕН ҮЙЛЕР мен БАЛАБАҚША жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі Read More »

КҮЛСЕ, КӘРІ КҮЛСІН!..

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Шіркін, қала қарияларының күлкісі қандай әдемі: сабада әбден шайқалған қымыздай тығынын атып жіберердей булығады келіп! Рас, қоғамдық орында отырғандықтан, мәдениеттіліктен жаңылмайды: ауыздарын арандай ашып, “а-ха-ха” деп ақтарылмайды. Есесіне күлкі ауыздан емес, көзден шығады: шұбырған жасқа ие бола алмай, орамалын қалтасынан он рет алады, он рет салады. Жас кездегідей иықтары селкілдеп күлмесе де, …

КҮЛСЕ, КӘРІ КҮЛСІН!.. Read More »

ЕҢБЕГІҢНІҢ ЖЕМІСІН еңкейгенде тересің

Елімізде 1998 жылғы қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу жүзеге асырылды, мұның негізгі себебі халқымыздың тұрмысын жақсарту болды. Кемеңгер ӘМРИН,“Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы”облыстық филиалының директоры. Зейнетақы реформасы Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жылғы 20 маусымдағы заңға сәйкес жүргізілді. Сол жылы Үкіметтің 1997 жылғы 4 маусымдағы №926 қаулысымен “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік …

ЕҢБЕГІҢНІҢ ЖЕМІСІН еңкейгенде тересің Read More »

ЖАНАШЫР ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ

Жанахмет ТАСШЫҒҰЛОВ,СҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаменттің директоры. Елбасы Нұрсұлтан На-зарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауында: “Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өңірлік маңызды нәрсе”, – …

ЖАНАШЫР ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ Read More »

“БУРАБАЙ”

Тоқтар ЗІКІРИН. Бақ мекенін тапқанда тым қолайлы, Елін сүйген ерлері ту қадайды.Қазақтың маңдайының бағы бар ғой,Бауырына басқан сұлу Бурабайды. Табиғаттың көркемі-ай Тәңір берген,Жер-жұмағы сияқты өмірге енген.Асқақтап өр көңілдің күмбезіндей,Оқжетпес көз тартады көрінгеннен.Қарағай көл жағасы қалың өскен,Самсаған сан қазақтың қолы дескен.Аңыздай айтылмаса бұл Бурабай,Қазіргі кейпін осы танымас та ем. Айдыны мөлдіреген жақұт көлім,Өзіңнен сезінеміз уақыт демін.Оқжетпестей …

“БУРАБАЙ” Read More »

ҮЛГІЛІ КАБИНЕТТЕР КОНКУРСЫ

Оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында “Психологтің үлгілі кабинеті” және “Әлеуметтік педагогтің үлгілі кабинеті” конкурсы өтті. Онда психолог және әлеуметтік педагогтер кабинеттерінің талаптарға сай жабдықталуы және өңіріміздің білім беру саласында еңбек етіп жүрген талантты психологтері мен әлеуметтік педагогтері анықталды.  Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. “Психологтің үлгілі кабинеті” конкурсына қатысқан орыс тілінде білім беретін мекемелер арасында 1-орынды Петропавл қаласындағы …

ҮЛГІЛІ КАБИНЕТТЕР КОНКУРСЫ Read More »

ДІНДАРЛАР СОТТАЛҒАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қайрат ЖАНАХМЕТОВ,ЕС-164/3 мекемесінің бастығы. Соңғы кезде Қазақстан аумағында діни экстремизм тақырыбын барынша ауқымды қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Өйткені, теріс ағымдарды қазақ қоғамына енгізуге әрекет етушілер жиі бой көрсетіп жүр. Сондықтан діни шараларды Құдайға құлшылық ететін жерлерде ғана емес, сонымен қатар қылмыскерлер жазасын өтеп жатқан мекемелерде де өткізу – заман талабы.Осыған орай Павлодар облысы “Мәшһүр Жүсіп” …

ДІНДАРЛАР СОТТАЛҒАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ Read More »

“САЙЫПҚЫРАНДАР” АТТАРЫНА САЙ ЕКЕН

Айнагүл ҚАБДІЛМАНҚЫЗЫ,журналист. Өткен аптада Шал ақын ауданының орталығында “Солтүстік жастары” қоғамдық бірлестігінің, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің ұйымдастыруымен көңілді және тапқырлар клубының фестивалі өтті. Оған ауылдық округтер мен Сергеевка қаласының мектеп оқушыларынан құрамдалған бес команда қатысты. Онда аудан әкімінің кубогы жүлдеге тігілді.Фестивальда жоспарланған “Біздің Отанымыз – Қазақстан, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі” …

“САЙЫПҚЫРАНДАР” АТТАРЫНА САЙ ЕКЕН Read More »

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ҚҰРЫЛДЫ

Облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен өңірімізде психология және әлеуметтік педагогика мәселелерін зерттеу жұмысымен айналысатын оқушылардың ғылыми қоғамы құрылды. Ол еліміз бойынша бұл саланы зерттеумен айналысатын алғашқы қоғам болып табылады.  Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Оқушылардың ғылыми қоғамының (ОҒҚ) жұмысына облыстық білім беру саласындағы әдіс-темелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскерлері, ОҒҚ …

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ҚҰРЫЛДЫ Read More »

СЕЛҚОСТЫҚ — ҚАСІРЕТ БАСЫ, онымен күресті өз ортамыздан бастаған жөн

Соңғы уақытта қоғамда селқостық белең алып барады. Алайда, бұл жаман әдетпен күресу мүмкін емес деу қате. Бұл – баршамызға ортақ мәселе, сондықтан оның тамырына балта шабуға асыққанымыз жөн. Мәселен, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, біреуді қорлау немесе тіл тигізу, тұрғын жайларды бүлдіру, саябақтар мен демалыс орындарында қоқыс тастау – мұның барлығы айналамызға, жанымыздағы адамдарға немқұрайды қараудан …

СЕЛҚОСТЫҚ — ҚАСІРЕТ БАСЫ, онымен күресті өз ортамыздан бастаған жөн Read More »

ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ӨТКІЗІЛМЕК

Мұсылман қауымының жылда асыға күтетін ұлық мерекесі – Құрбан айтты жоғары дәрежеде өткізу имамдар мен молдалардың іскерлігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне тікелей байланысты. “Қызылжар” мешітінде осы мәселеге орай қалалық және аудандық мешіттер бас имамдарымен өткізілген екі күндік семинар-кеңесте наиб имам Қадырбек Шәріпов осыны қадап айтты.Басқосуда бас имамдар айтулы мерекеге дайындық ерте басталғанын айтты. Атап айтқанда, мешіттер, базарлар …

ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ӨТКІЗІЛМЕК Read More »