«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУ АРНАСЫНДА

Үстіміздегі жылы ұстаздар қауымы өздерінің кәсіби мерекесін жоғары қоғамдық-саяси белсенділік жағдайында қарсы алып отыр. Елбасы “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламалық мақаласында атап көрсеткеніндей, ұлттық білім беру жүйесін табысты жаңарту барлық жаңғырту үдерісінің тиімділігінің негізгі факторларының бірі болып табылады.   Орал ҚАППАСОВ,облыстық білім басқармасының бастығы. Бүгінгі күні біз білім қоғамымызды …

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУ АРНАСЫНДА Read More »

“ӘСКЕР БАЛАЛАР КӨЗІМЕН”

Республикалық “Әскер – балалар көзімен” атты әскери-патриоттық акция аясында 2012 жылғы қыркүйектің 29-ы күні Ішкі әскер Әскери институтында қала және облыс мектептерінің оқушыларына “Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – әскери кәсіпті насихаттап, жас армияшылардың қозғалысын одан әрі дамыту, жастар арасында қылмыстың алдын алу. Осы күні әскери өмірдің тәртібімен танысуға білім ордасына 200-ден аса …

“ӘСКЕР БАЛАЛАР КӨЗІМЕН” Read More »

СТУДЕНТ ТЕР – “ТАЗА СЕССИЯ” ҮШІН

Қазақстан Студенттер альянсы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) қызметкерлерімен бірлесіп “Таза сессия” республикалық акциясының аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен “Сыбайлас жемқорлықпен күресте жастардың рөлі” атты тақырыпта “дөңгелек үстел” өткізді.Аталған шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа …

СТУДЕНТ ТЕР – “ТАЗА СЕССИЯ” ҮШІН Read More »

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ЖЕТІМДЕРГЕ ҚАРАЙЛАСТЫ

Облыстық сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта болды. “Балалар жайын ұмытпа – алимент төле!” айлығының аяқталуына және жаңа оқу жылының басталуына орайластырылған бұл шараның мақсаты балаларға қайырымдылық көмегін көрсету еді. Сот орындаушылары оқушыларға кеңсе жабдықтарын сыйға тартты. Сондай-ақ департамент қызметшілері балаларға тәтті-дәмділерін әкеліп, дастарқан жайды. Мектеп-интернат …

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ЖЕТІМДЕРГЕ ҚАРАЙЛАСТЫ Read More »

ЛАҢКЕСТІКПЕН КҮРЕС – баршаға ортақ мәселе

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Жоғары оқу орындарында дінтану пәнін енгізу қажет. Бұл жайында облыстық Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “Лаңкестік – көлеңкелі саясаттың құралы” атты “дөңгелек үстел” барысында сөз болды. Жиынға қоғамдық ұйымдардың құқық қорғау органдарының өкілдері, оқушылар мен студенттер қатысты. Терроршының психологиялық портреті қандай? Жастарға дін туралы білім жеткілікті деңгейде берілуде ме? Әңгіме …

ЛАҢКЕСТІКПЕН КҮРЕС – баршаға ортақ мәселе Read More »

ТАРАЗДАҒЫ ТҮРМЕДЕ ОТЫРЫП, петропавлдық зейнеткерді алдаған алаяқ

СҚО ІІД криминалды полиция басқармасының және Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері облыс орталығындағы зейнеткерлерге қатысты ұялы телефон арқылы алаяқтық жасаған ер адамды анықтады. Күдікті Тараз түрмелерінің бірінде жазасын өтеп жатқандардың бірі болып шықты.   Жәбірленушілердің біреуі – Петропавл қаласының 75 жастағы тұрғыны Софья Алексеевнаға белгісіз біреу телефон шалып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкерімін …

ТАРАЗДАҒЫ ТҮРМЕДЕ ОТЫРЫП, петропавлдық зейнеткерді алдаған алаяқ Read More »

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

СҚО ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Ұрұмханов “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Осы жолғы қабылдауға келген азаматтардың мәселелері әр қырлы: өмірдегі нақты жағдайлар, азаматтардың жеке басына қатысты туындаған оқиғалар, полицияға қызметке орналасу, азаматтық алу, қаладағы қоғамдық тәртіпті күзету, тағы басқалар. СҚО ІІД-нің бастығы жазылғандардың әрқайсысын мұқият тыңдап, азаматтардың әрбір өтініші …

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Read More »

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САРДАРЛАР СЫНАҒЫ

Мұрат ҰРҰМХАНОВ,СҚО ІІД-нің бастығы полиция полковнигі. Қазақстан Республикасы Президентінің “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” деген тақырыптағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Мемлекет басшысы 2012 жылғы 8 сәуірде “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы” Жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс аттестаттаудың мақсаты бизнес пен қоғамның қолдауына жауап беретін қазіргі …

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САРДАРЛАР СЫНАҒЫ Read More »

ЖҮРЕК ОНКҮНДІГІ: ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР

Қыркүйектің 30-ы мен қазанның 10-ы аралығында Жүрек ауруларына қарсы күрес онкүндігі өтіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, жүрек ақаулары Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша өлімнің негізгі себебі болып табылады. Сол үшін әр адам жүрек ақауларының алдын алу үшін өз денсаулығына баса назар аударғаны дұрыс.Жүрек-қантамыр ауруларына шалдығудың бірден-бір себебі – дұрыс тамақтанбау. Майлы …

ЖҮРЕК ОНКҮНДІГІ: ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР Read More »

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ ҚАШАН ДА АРДАҚТЫ

Халықаралық Қарттар күні мен Ұстаздар күніне орай қазақ мектеп-гимназиясының мұражай меңгерушісі Айнаш Серікқызының ұйымдастыруымен, сондай-ақ мұражай белсенділерінің ат салысуымен, әсем безендірілген мұражайда он шақты ардагер ұстаздың басы қосылып, оларға сый-қошемет көрсетілді.  Зәуреш ШАКЕНОВА, қазақ мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Кездесуге 9,10,11-сынып оқушылары және мектебіміздің жас мамандары қатысты. Жас мамандар қарт ұстаздардан ақыл-кеңес сұрап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.Бір-бірімен жүздесіп, …

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ ҚАШАН ДА АРДАҚТЫ Read More »

“ҚЫЗЫЛЖАР СУ” ҚАРТТАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ

Облыс орталығын сапалы ауызсумен қамтасыз етуші “Қызылжар су” ЖШС-інде Қарттар күні кәсіпорынның ардагерлерін құттықтау игі дәстүрге айналған. Биылғы жылы да кәсіпорын әкімшілігі мен ардагерлер кеңесі, кәсіподақ төрағасы Баян Қанафиннің мұрындық болуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жалпы 208 ардагерге сый-құрмет көрсетілді. Мереке иелерінің қуанышына олардың әріптестері мен кәсіпорын басшылары да ортақтасты.Ел көлемінде өткізілетін Қарттар күнi мерекесiнiң, Қарттар …

“ҚЫЗЫЛЖАР СУ” ҚАРТТАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ Read More »

ЭТНОБІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІ ҚАРИЯЛАРЫНА облыстық ассамблеяда қошемет көрсетілді

Қарттар күні мерекесі өңірімізде кеңінен аталып өтуде. “Қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіңде қауқары қайтып, сақалшашы ағарған кісіге ізет қыл”, деген даналықты ұстанған қоғам аға буынға ықылас, ілтипаттарын айрықша көрсетуде. Осындай ізеттілік танытудан Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы да тыс қалмады.  Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Бұрнағы күні облыстық ассамблея құрамындағы этнобірлестіктер аға буын өкілдеріне өз …

ЭТНОБІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІ ҚАРИЯЛАРЫНА облыстық ассамблеяда қошемет көрсетілді Read More »

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАҒЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ

Анна КУЧЕРЕНКО,зейнеткер. Облыстық жетім балаларға ар-налған мектеп-интернатта өздерінің ардагер ұстаздарын әспеттеген Қарттар күніне арналған салтанатты кеш өтті. Онда мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Динара Рақышова бар өмірлерін бала тәрбиесіне арнаған аға ұрпақ өкілдерін мерекелерімен құттықтап, олардың әлі де мектеппен байланыстарын үзбей, ортақ іске ақылшы болып орталарында жүргенін қалайтынын айтты. Салтанатты мерекеде ұлағатты ардагер ұстаздардың …

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАҒЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ Read More »

ҮЙІНЕ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

  Қатран Сұлтанов ішкі істер басқармасында көп жылдар бойы қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Полковник қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы болып тұрған кезінде зейнетке шыққан. Нафиса Сұлтанованың өзі де ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Бүгінгі күні құрметті демалыста.Кездесуге ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев пен ІІД кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ғали Мұсақұлов та …

ҮЙІНЕ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ Read More »

САХНАДАҒЫ ҰЗАҚ ҒҰМЫР ИЕСІ – Людмила Ванюкованың қуанышы

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әкімшілігі 16-23 қыркүйек күндері аралығында Орал қаласында өткен Әзірбайжан Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX республикалық фестивалінен кейінгі ойларымен бөлісу мақсатында баспасөз маслихатын өткізді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Халық қаһарманы, КСРО және Қазақ КСР-нің халық әртісі, КСРО және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты атанған Әзірбайжан Мәмбетов Погодин …

САХНАДАҒЫ ҰЗАҚ ҒҰМЫР ИЕСІ – Людмила Ванюкованың қуанышы Read More »

ҚАЗАҚСТАНША ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ – БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің ІІ сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап өткеніндей, биылғы жылы Қазақстан сенімді даму үстінде. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) өсімі 5,6 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің көрсеткіші 25 мың долларға дейін өсті. Жұмыс істеп тұрған бірқатар өндірісті жаңғырту белсенді жүргізілуде. Жаңа 440-тан астам индустриялық кәсіпорын сомасы 800 миллиард …

ҚАЗАҚСТАНША ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ – БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ Read More »

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – ШЫҒЫС пен БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

Осыдан 6 жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жас ұрпағы сүйіп оқитын туындыға айналған “Қазақстан жолы” атты кітабын шығарды. Бұл еңбекте Тұңғыш Президенттің жаңа мемлекет – егемен Қазақстан Республикасын құрудағы ерен еңбегі баяндалады. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бүгінде Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына – 21 жыл. Бүкілдүниежүзілік тарих тұрғысынан қарасақ, бұл – қас-қағым ғана сәт. Алайда, жас …

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – ШЫҒЫС пен БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР Read More »

“АЛТЫН КҮЗ”

Тоқтар ЗІКІРИН Көктем мен жазы –  қонағыАуысып тағы күз келді.Сары алтынға орады,Орманды, қырды, түзді енді… Тізіліп ұшар көкте құс,Қош айтысып кетті олар…Орылған алқап теп-тегіс,Орағы есте сақталар. Қайыңдар тіпті жүдеді,Жапырағынан тоналып.Өзгерген өңір түр-өңі,Тыныштығы да оралып. Суретті салған Руслан АБДРАФИКОВ.

КОНЦЕРТКЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Құрметті петропавлдықтар мен қала қонақтары! Сіздерді 22 қазан “Метро” ойын-сауық орталығында өтетін әлемге әйгілі “Ұлытау” тобы және Қыдырәлі мен Қарақаттың мерейтойлық концертіне шақырамыз. Басталуы сағат 18.00 және 20.30. Билеттер “Метро” кассасында сатылады. Анықтама телефондары: 33-45-67, 8-702-877- 43-99.  Келіңіздер – көріңіздер!

ШӨП ТҮГІЛ, АДАМ ШЫҒЫНЫ ДА БАР

Өткен аптаның жұма күні Есіл ауданының Покровка ауылында қайғылы жағдай орын алды. Кешкі сағат 23 шамасында №10 өртке қарсы қызмет бөліміне Покровка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы қоңырау шалынды. Оқиға орнына жедел жеткен өртке қарсы қызмет мамандары тілсіз жау баспананы жалмап, үйдің шатыры құлағандығын байқаған. Өртті ауыздықтау барысында жатын бөлмеден 38 жастағы ер …

ШӨП ТҮГІЛ, АДАМ ШЫҒЫНЫ ДА БАР Read More »