«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЧЕМПИОНДАР ҰСТАХАНАСЫ

…Осынау байырғы гимнастика залында жиі боламын. Өткен жылдардағы түлектердің есінде тамаша сақталған, 60-шы жылдардың басында салынған спорт залын қазір осылай атайды. Сол кездегі пединституттың ректоры Вагинак Арутюно-вич Цатурян мамандығы бойынша математик болса да, спортты жақсы көретін және гимнастикалық снарядтарда жаттығу үшін спорт залына жиі келетін. Көптеген пединститут түлектері осы күнге дейін оқу орнын жағымды жағынан …

ЧЕМПИОНДАР ҰСТАХАНАСЫ Read More »

БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС, ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ – Балғаным Оспанованың ұстанымы осындай

“Құрмет белгісі” орденді А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдаған Балғаным Оспанова сонау батыстан теріскейге келіп, Қызылжар өңірінің дәмін татам, отын оттап, суын ішем деп ойламаған да болар. Оның бәріне де Құдай қосқан қосағы, солтүстіктің тумасы Кемел Қарашаұлы себепкер болды. Екеуі қол ұстасып, отау құрғалы облыс орталығында қалап …

БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС, ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ – Балғаным Оспанованың ұстанымы осындай Read More »

БІЛІМ мен ЕҢБЕК ҰШТАССА…

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әр Жолдауында, әр сөйлеген сөзінде еліміздің білім беру саласына, жастарымыздың білімді болып өсуіне көп көңіл бөліп келеді. Президентіміз бұдан 15 жыл бұрын халыққа ұсынған алғашқы Жолдауында: “2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады”, – деген еді. Бүгінгі күні осы айтылған сөздерінің орындалғанын өз …

БІЛІМ мен ЕҢБЕК ҰШТАССА… Read More »

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҮЙРЕТЕРІ МОЛ

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Ол арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет іспетті. Алайда, мазмұндық, рөлдік ойындардың баланың зейінін, қиялын қалыптастырудағы маңызы зор. Ал белгілі бір ережелерге құрылған ақыл-ой ойындары баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінін арттырумен қатар, ерік-сезімін дамытады.Ұлттық ойындардың қатарындағы мазмұнды, бейнелік, еліктеу сияқтыларына …

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҮЙРЕТЕРІ МОЛ Read More »

АТА-АНА ЖАДЫНА

* баланың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен салыстырмаңыз;* баланы қателескені үшін кемсітіп, бетінен алмаңыз; * балаңызды жетістіктері мен дәрежесі үшін емес, сол қалпында жақсы көретіндігіңізді сездіріңіз;* әрқашан өз балаларыңыздың қылықтарын түсінуге тырысыңыз; * ешқашан шешім шығаруға, әсіресе, жаза қолдануға асықпаңыз.Жақсы отбасыда жазалау деген болмайды. Бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Раушан ҚАЗБЕКОВА, Әбу Досмұхамбетов …

АТА-АНА ЖАДЫНА Read More »

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАТЕЛІК

Ата-аналардың негізгі қателігінің бірі баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетіне шектеу қоя беруі болып табылады. Баланың қате қылығын тыйған кезде орнына басқа дұрыс нәрсені көрсету керек. Олай болмаған жағдайда алдағы қателігін қайталауы болмаса қырсық мінезділікке бейімделуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен ойнағысы келсе, дереу кесені қолынан жұлып алғаннан гөрі “Ойнасаң, мә, мынау сынбайтын ыдыспен ойна”, – …

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАТЕЛІК Read More »

МЕЙІРІМ мен СҮЙІСПЕНШІЛІК – тәрбие берудің негізгі мәйегі

Психология ғылымында дәлелденген, балалар үшін орны ерекше осы бір әрекетке тоқталып өтейік. Әуелі баланы тыңдай білу керек. Әр нәрсені дұрыс түсінуге баланың ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған себепті іздеп, оған ұрса жөнелеміз. Балалар балалықпен қателік жасайды. Оны қателігі үшін ұрсып, жазалаймыз. Балалар өзін не …

МЕЙІРІМ мен СҮЙІСПЕНШІЛІК – тәрбие берудің негізгі мәйегі Read More »

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІНІҢ жас ұрпаққа берері мол

Еңбек – бар қиындықты жеңбек. Әлемнің әміршісі де еңбек. Ендеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласы да сол адал еңбек ету арқасында сапалы да салиқалы ғұмыр кешуге үндейді. Осы орайда білім беру саласында адал еңбек еткен Ерубаевтар әулетіне тоқталғанды жөн көрдік.  Қайырбек Ерубаев 1935 …

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІНІҢ жас ұрпаққа берері мол Read More »

ЕҢБЕКСҮЙГІШ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында, мінберлерден сөйлеген сөздерінде жастармен жұмыс мәселелеріне, олардың болашағына, өмірге дайындығына баса назар аударады. “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламалық мақаласында Президентіміз: “Басты бағыт – жас қазақстандықтарды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке бейім-деудің тиімді жүйесін құру”, Бүгінгі қоғам мен экономика жастарға да, жалпы білім беру …

ЕҢБЕКСҮЙГІШ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ Read More »

ҰЛЫ ЕЛІН ҰШТАСТЫРҒАН ӘЛЕМІМЕН

Санжар ТАСТАМБЕКОВ,Бостандық орта мектебінің 8-сынып оқушысы. Ой қозғап, сергітетін саналарды,Халықпыз құрметтеген даналарды.Жылулық нұр таңыма жеткеннен соң,Ұлылық ұрпағыңа таралады.Ғабеңнің кең көлемді шығармасы,Қазақтың кең даласын араладыТіліне тиек еткен тақырыбы.Ең асыл-аналарға арналады, Арайлап атқан бүгін жыр таңым бар,Өзіңді сүйіп оқыр ұрпағың бар.Ғабеңдей алыптардың арқасында,Арылдық кер заманнан қылтаны барӘлемді әлдимен тербететін,Мыңдаған білімі мол “Ұлпаның” бар. Көркем сөз зергерісің, қаламгерсің!Өнерің …

ҰЛЫ ЕЛІН ҰШТАСТЫРҒАН ӘЛЕМІМЕН Read More »

БЕЙІМБЕТТІ ҚОРҒАУ немесе парасаттылық мінбесінен айтылған сөз

– Жандар бар деп жаулық ниет бізбенен,Кезең туды “Халық жауын” іздеген.Бас араздық кесірінен, жаладанҚамау көріп жатыр жандар жүздеген. Қайғы кернеп, үрей жұтып бар алап,Кінәсізді “кінәлі” деп қаралап.Ұлтын сүйген талай жанның жүрегін“Ұлтшыл” деген ызғарлы сөз жаралап. Жалған жала сұр жыландай жақындап,Жақсылардан қалмай қойды тақымдап.Бүгін, міне, өсек-жала кетпекші,Ортамыздан Бейімбеттей ақынды ап. Жету үшін биік асу, белеске,Сенбеу керек …

БЕЙІМБЕТТІ ҚОРҒАУ немесе парасаттылық мінбесінен айтылған сөз Read More »

БІРТУАР ТҰЛҒА

Жарқын ЖҰПАРХАН. Мен бәрін кітабыңнан сезінемін,Құшақтап кітабыңды көз ілемін.Киесі қазағымның дара Ғабит,Иесі көсемсөздің өзің едің. Қызықпай іліміне ібілістің,Айтқанын данышпанның кімің ұқсын?!Жанына Жаратқанның нұры түскен,Қазақта қайталанбас құбылыссың! Жағынбай, жалпақтамай жат жырына,Сенгенсің Жаратқанның Хақтығына.Алаштың сөзі болдың, көзі болдың,Айналдың ақиқаттың ақ нұрына. Жаралған Ар-Намыстан жан-жүрегі,Әр жазбаң тебірентер мәңгі мені…Сен туған топырақта бүгін, міне,Тәуелсіз, тәуекелшіл таң күледі! Қорғаштап қаламыңмен …

БІРТУАР ТҰЛҒА Read More »

“АБАЙ ЖОЛЫН” ҚОРҒАУДА АЙТЫЛҒАН АДАМДЫҚ СӨЗ

Қасым НҰРҒАЛИЕВ,ақын, Дәуқара ОМ-нің мұғалімі, Мағжан, Қожаберген жырау мүшәйраларының жүлдегері. Жел сөздерден ісердей боп алқымы,Сөйлеп жатыр бәз біреулер алқына.Екі тәулік болды, міне, осымен,“Абай жолы” түскеніне талқыға.Жағымпаздар шешенсуде жай қалмай,Жайшылықта жүретұғын байқалмай,Күмілжиді әлденеден көпшілікКөкейдегі келген сөзді айта алмай.Пір тұтса да сөз абызы Абайды,Күдікті ойлар жан-жағынан қамайды.Ақиқаттың айтамын деп арызын,Көзі көрген аузы күйген талайды.Аталы сөз айтар болсаң …

“АБАЙ ЖОЛЫН” ҚОРҒАУДА АЙТЫЛҒАН АДАМДЫҚ СӨЗ Read More »

КӨТЕРДІҢ КӨККЕ ЕЛІҢДІ (Ғабит Мүсіреповке)

Кәкімбек САЛЫҚОВ,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын. Аулыңа келдік тағы да,Ардақты Ғабит ағамыз.Туған жердің бағына,Асқақтай түсті бағаңыз. Жарқырап тұр алтын күз,Тойыңа шашу шашқандай.Мұражайыңды да көрдік біз,Тарихқа таңба басқандай.Тәуелсіз ел боп жаңардық,Жаңғырды жазған хатың да.Мәңгілік есте қаларлықАудан бар сенің атыңда. Айналды бейнең мүсінге,Еңбегің елге танылды.Рухың бар оның ішінде,Тасқа да жұлдыз тағылды. Бүкіл ел саған болды үндес,Орындап …

КӨТЕРДІҢ КӨККЕ ЕЛІҢДІ (Ғабит Мүсіреповке) Read More »

СОҚА АЙДАҒАН БАЛАЛЫҒЫМ Елбасы мақаласын оқығанда есіме түсті… (Эссе)

Тілеген ЖЕТЕЕВ. “Адамның күні – адаммен” деген нақыл сөздің шындық екеніне дау жоқ. Жасым 70-тен асқанда артымда қалған соқпақ іздерімді – өткен күндерімді саралап қарасам, жақсылардың шарапатын, жамандардың қиянатын көрген күндерім аз болмапты. Әрине, адамның өз ортасына сыйымды, абыройлы болуы көбіне өзінің жеке басына, бойындағы туабіткен қабілетін дұрыс бағалап, ел игілігіне жарата білуіне байланысты. Менің …

СОҚА АЙДАҒАН БАЛАЛЫҒЫМ Елбасы мақаласын оқығанда есіме түсті… (Эссе) Read More »

АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР Құрмет кітабына енгізілді

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Қатты жаңбыр жауса, жалп ете түскелі тұрған сары жапырақтар сияқты сиреп қалған қариялардың бәрі де ардақты. Солардың ішінде елімізге ерекше еңбек сіңірген ардагерлер аз емес. Міне, соларды облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет кітабына енгізу жөнінде осыдан екі ай бұрын шешім қабылданған болатын.Өткен жұма күні өткізілген облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісінде Құрмет кітабына …

АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР Құрмет кітабына енгізілді Read More »

ТАҒДЫР СЫНЫНА ТӨЗЕ БІЛГЕН кейуананың жасы – 100-де

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. “40 жыл бойы ет комбинатында жұмыс істедім. Сол жерден зейнеткерлікке шықтым. Басымнан талай қиындық өтті. Бірақ оларға мойынсынбадым. Жаратқанның осы күнге дейін жетуіме мүмкіндік бергенін жақсылыққа балаймын”, – дейді қарт ана. Жылы жүздесу барысында облыс әкімі мереке иесімен, оның туысқандарымен тілдесіп, амандық сұрасты. Қарттар күніне орай өңір басшысы Матрена Бондареваға теледидарды сыйға …

ТАҒДЫР СЫНЫНА ТӨЗЕ БІЛГЕН кейуананың жасы – 100-де Read More »

102 ЖАСТАҒЫ КҮЛДАШ ӘЖЕЙ 3 ұл, 6 қыздан 8 немере, 28 жиен сүйіп отыр

  Кеше өңір басшысы Серік Біләлов пен қала әкімі Болат Жұмабеков Бензострой ықшамауданының Гагарин көшесінде кенже қызы Әлия Дүйсенбекованың қолында тұратын 102 жастағы Күлдаш Мүсәфірованы Қарттар күнімен құттықтап, бағалы сыйлық тарту етті. Нұрсайын ШӘРІП,“Солтүстік Қазақстан”. – Құдай қосқан қосағым, Ұлы Отан соғысының мүгедегі Кәрке Мүсәфіров екеуміз де Қызылту (қазіргі Уәлиханов) ауданының Кіші Қараой ауылында дүниеге …

102 ЖАСТАҒЫ КҮЛДАШ ӘЖЕЙ 3 ұл, 6 қыздан 8 немере, 28 жиен сүйіп отыр Read More »

ЖАЛЫН — ЖАЙБАРАҚАТТЫҚҚА ЖАУ

Биылғы жылдың соңғы 9 айында облыс көлемінде 646 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 400 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 32 адам, оның ішінде 1 бала қайғылы қазаға ұшырап, 23 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өрт салдарынан 136 құрылыс орны отқа оранып, оның ішінде 42 тұрғын үй, 58 бас мал, 33 автокөлік толығымен күйіп …

ЖАЛЫН — ЖАЙБАРАҚАТТЫҚҚА ЖАУ Read More »

ЖАҢА БЕКЕТ АШЫЛДЫ

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында облыстық өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі басқармасы жанынан газ бен түтіннен қорғау бекеті ашылды. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыстық өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі басқармасының бастығы Ерік Мәжитов отқа оранған ғимарат ішінде 40-45 минутқа дейін болып, зардап шегушілердің өмірі мен дүние-мүліктерін тілсіз жаудан аман сақтап қалуға …

ЖАҢА БЕКЕТ АШЫЛДЫ Read More »