«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОНЦЕРТТІК МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Сенбі күні Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыстық филармонияның 48-інші концерттік маусымының ашылу салтанаты өтті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Концерт оркестрлер айтысымен басталды. Сахна төрінде батыс пен шығыстың үн қатысуы ретінде симфониялық-концерттік және “Есіл” халық аспаптар оркестрлері белгілі классикалық туындыларды айтыс мәнерінде орындады. Симфониялық-концерттік оркестр И.Дунаевскийдің “Капитан Гранттың балалары” фильмнен увертюра ойнаса, “Есіл” халық …

КОНЦЕРТТІК МАУСЫМ АШЫЛДЫ Read More »

ЕЛБАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ ғылыми-тәжірибелік конференцияға арқау болды

Нұрсайын ШӘРІП,“Солтүстік Қазақстан”. Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында өңір басшысы Серік Біләловтің төрағалығымен “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. Іс-қимыл стратегиясы” тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған Ресей жаратылыстану ғылым академиясының вице-президенті, ТМД-ның ықпалдасу мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры, Ресей мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, экономика ғылымының докторы Анатолий Спицын, ҚР Парламенті Сенатының …

ЕЛБАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ ғылыми-тәжірибелік конференцияға арқау болды Read More »

“ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ” өңірлік байқау-көрмесі мәреге жетті

  Нұрсайын ШӘРІП,   “Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыс әкімі Серік Біләлов “Қазақстанның үздік тауары” өңірлік байқау-көрмесіне қатысушыларды қабылдап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Кездесуді ашқан өңір басшысы Серік Біләлов: – Аталмыш шара отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұрғындар арасында сапа идеясын әйгілеу мақсатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл …

“ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ” өңірлік байқау-көрмесі мәреге жетті Read More »

АЛТЫН КҮЗДІҢ СЫЙЛЫҒЫ – “Берекелі Қызылжар жәрмеңкесі”

Сенбі күні облыс орталығында өңірдегі орақ науқанының аяқталуына орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған барлық аудандар ет-сүт, көкөніс өнімдері мен балдың, жемшөптің бірнеше түрін әкеліп, қала тұрғындарының қажетті тауарларды қолжетімді бағамен сатып алуларына жағдай жасады. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл күнгі ауа райы жәрмеңке үшін өте қолайлы, жаймашуақ болды. М.Жұмабаев көшесінің К.Сүтішевтен Абай көшесіне дейінгі …

АЛТЫН КҮЗДІҢ СЫЙЛЫҒЫ – “Берекелі Қызылжар жәрмеңкесі” Read More »

ӨҢІРЛІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ діни сауаттылықтарын көтерді

10-11 қазан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен “Конфессияаралық үнқатысуды нығайтудағы Қазақстан тәжірибесін насихаттаудағы БАҚ рөлі” тақырыбында семинар өтті.  Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Еліміздің әр өңірінен 40-тан астам журналист қатысқан аталмыш шарада Дін істері агенттігінің өкілдері, дінтанушы ғалымдар, атақты журналистер мен кинопродюсерлер, теріс діни ағымдардың жұмысынан зардап шеккендерге көмектесетін орталықтардың директорлары көрген-білгендерін …

ӨҢІРЛІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ діни сауаттылықтарын көтерді Read More »

ЕЛ ҚАЗЫНАСЫН ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРЫДЫҚ Өйткені, “қазаннан қақпақ түсіп, иттен ұят кеткен” кезде еңбек еттік

Сансызбай РАЙЫМБЕКОВ,мемлекеттік қаржылық бақылау қызметінің ардагері. Еліміз Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап көптеген келелі міндеттермен бірге ел бюджетін, яғни мемлекет қазынасын толтыруға да баса мән берілді. Экономикалық дағдарыстың барлық тарапқа бірдей әсері болғаны белгілі. Агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп кәсіпорындары, бюджеттік мекемелер өнімдер мен қызметтер жеткізушілер алдында қандай қарызға батқан болса, мемлекеттік бюджет пен қорлардың төлемдері және өзінің …

ЕЛ ҚАЗЫНАСЫН ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРЫДЫҚ Өйткені, “қазаннан қақпақ түсіп, иттен ұят кеткен” кезде еңбек еттік Read More »

“ЖАС МҰҒАЛІМ МЕКТЕБІ” АШЫЛДЫ

Білім берудегі ақпараттық технологиялар және әдістемелік жұмыс орталығының бастамасымен Петропавл қаласындағы тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектеп негізінде облыстың жас мамандары үшін “Жас мұғалім мектебі” ашылды. Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Жас мамандарға арналған семинарға облыстың барлық аудандарынан қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және бастауыш сыныптарының еңбек өтілдері үш жылдан аспайтын …

“ЖАС МҰҒАЛІМ МЕКТЕБІ” АШЫЛДЫ Read More »

ЕКАТЕРИНА ГУДЗЕР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Өзге ұлт балалары мен жастар арасында “Мемлекеттік тіл – мәртебеміз” республикалық байқауы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің тапсырысы бойынша биыл 5 қазанда Астана қаласында “Ұлттық прогресс үшін” жас мамандар кеңесі” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл байқаудың облыстық кезеңінде І орынды иеленген Жамбыл ауданының Озерное орта мектебінің 10-сынып оқушысы Екатерина Гудзер, ІІ орын иегері …

ЕКАТЕРИНА ГУДЗЕР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ Read More »

Қайрат ЛАМА ШАРИФ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – АҚИҚАТ ДІННІҢ ЖАУЫ

– Қайрат Қайырбекұлы, “Діни экстремизмнің алдын алу” және “діни экстремизмге қарсы күресу” ұғымдарының арақатысы жөнінде не айтасыз? Олар тәжірибеде қалай жүзеге асып жатыр?– Дін істері агенттігі конфессияаралық келісіммен қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім еркіндігі құқығын және діни бірлестіктермен өзара байланыс салаларын, сондай-ақ аталмыш бағыттағы салааралық үйлестіруде мемлекеттік стратегияны жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып табылады.Татулық …

Қайрат ЛАМА ШАРИФ: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – АҚИҚАТ ДІННІҢ ЖАУЫ Read More »

ЖЫЛУ ҚУАТЫН ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ОРНАТУ – қуат үнемі жөніндегі мемлекеттік саясаттың бір бөлігі

2012 жылғы 1 шілдеден бастап “Қуат үнемі және қуат тиімділігін арттыру туралы” Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы №541-ІV Заңындағы 8-бабының 4-тармағы күшіне енді, соған сәйкес тұтынушылар жылу қуатын есептегіш құралдардың болуына немесе болмауына байланысты жылу қуатына сараланған тариф бойынша ақы төлейтін болады. Енді жеке тұлғалар үйлерінде жалпыүйлік жылу есептегіш құралдары болмаған жағдайда 20 пайызға …

ЖЫЛУ ҚУАТЫН ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ОРНАТУ – қуат үнемі жөніндегі мемлекеттік саясаттың бір бөлігі Read More »

30 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ “Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қорының” солтүстікқазақстандық салымшыларына тиесілі

Сәрсенбі күні “Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ облыстық филиалының бас кеңсесінде бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  “Солтүстік Қазақстан”. Еліміздің жұмыс істейтін әрбір 4-ші азаматы қордың салымшысы болып келетін “Халық банкі ЖЗҚ” АҚ-ның облыстық филиалы биылғы жылы ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Солтүстікқазақстандық 103000-нан аса тұрғын қорға сенім білдіріп, үстіміздегі …

30 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ “Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қорының” солтүстікқазақстандық салымшыларына тиесілі Read More »

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында “Әділет кеңес береді” деген тақырыпта республикалық акция өтіп, оның аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді. Облыстық әділет департаменті ұйымдастырған шара “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының қолдауымен өтті. Оған партия белсенділері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушылары мен студенттері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Мұндай акция бірінші рет ұйымдастырылып отырған …

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН ДЕРТ ЖҰҚПАСЫН ДЕП оны айыптаймыз және сақтандырамыз

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Алдыңгүні “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында “Жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру. БАҚ-тың рөлі” деген тақырыпта шара өткізілді. Әріптесіміз Ақләйлек Жаукина жүргізген бұл шара брифингтен басталды. Оған “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Омаров, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасы бастығының орынбасары Расул …

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН ДЕРТ ЖҰҚПАСЫН ДЕП оны айыптаймыз және сақтандырамыз Read More »

ШЫҒЫНДЫ АЗАЙТУ, НӘТИЖЕНІ ЖАҚСАРТУ ЖОЛЫНДА

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. 1970 жылдан бастап, жыл сайын 14 қазанда бүкіл әлем жұртшылығы белгілі бір ұранмен өтетін Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. Биылғы 2012 жылдың бұл күнгі ұраны: “Шығынды азайтамыз, нәтижені жақсартамыз. Стандарт тиімділікті арттырады” болып отыр. Кеше облыстық мәслихаттың кіші залында осы Дүниежүзілік стандарттар күні мерекесіне арналған “Стандарт тиімділікті арттырады” деген тақырыпта ақпарат күні …

ШЫҒЫНДЫ АЗАЙТУ, НӘТИЖЕНІ ЖАҚСАРТУ ЖОЛЫНДА Read More »

ЕҢБЕГІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ “АСЫЛ АНА”

Теңдік СӘРСЕКЕЕВА, “Асыл ана” қоғамдық бірлестігінің төрайымы. “Асыл ана” қоғамдық бірлестігі 1997 жылдан бері асырауында балалары бар мүгедек әйелдердің ұйытқысына айналды. Ұйымымыз алғашқы күннен бастап аналар мен балаларға қиын жағдайда қол ұшын беріп, патриоттық, мәдени және рухани тәрбие шараларын өткізу арқылы олардың моральдық-психологиялық рухын көтеру мақсатын ұстанды. Нәтижесі оң тиімділікке қол жеткізді: аналар мен балалар …

ЕҢБЕГІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ “АСЫЛ АНА” Read More »

АНА АҚЫЛЫН АЛҒАН АРУ – елдегі ең үздік ұстаздардың бірі

Қарапайым, көпбалалы отбасында туып-өскен Күлзия Бабышева бала күнінде заңгер болуды армандаған. Бірақ отбасы жағдайына қарап, анасының нұсқауымен сол кездегі Петропавл педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған. Бір қызығы, ол оқуға түскенде де, кейін маман ретінде диплом алып шыққанда да мұғалім болып істемейтініне 100 пайыз сенімді болған. Алайда, 1979 жылы жоғары …

АНА АҚЫЛЫН АЛҒАН АРУ – елдегі ең үздік ұстаздардың бірі Read More »

ҚАЗАҚСТАНДА ПІКІР АШЫҚТЫҒЫНА ҚЫСЫМ ЖОҚ

Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ,Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. Мен HumanRights Watch-тың В.Козловқа қатысты үкімді пікір айту еркіндігіне берілген соққы деген мәлімдемесімен үзілді-кесілді келіспеймін. Козловтың өзі мен басқа да оппозиционерлер ұзақ жылдар бойы Президент жөнінде де, Қазақстанның саяси жүйесі жөнінде де ұдайы өз пікірлерін білдіріп, қатқыл да жағымсыз баға берумен болды. Сол кездері ешкім де оларды қудалаған жоқ, өйткені, …

ҚАЗАҚСТАНДА ПІКІР АШЫҚТЫҒЫНА ҚЫСЫМ ЖОҚ Read More »

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Серік ПІРНАЗАР. Кеше Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Ол баспасөз өкілдері алдында үстіміздегі жылдың 9 айындағы прокурорлық қадағалау жұмыстарының кейбір нәтижелері мен күні кеше Ақтау қалалық сотында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларға қатысты қаралған сот процесі туралы айтып берді. Бас прокуратураның ресми өкілі бұқа­ра­лық ақпарат құралдары өкілдеріне берген брифингін прокуратура …

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ БАСТЫ НАЗАРДА Read More »

ЖҰРТҚА ҰНАЙ БІЛЕДІ, жақсылық қана тілегі

Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында қызмет атқарып келе жатқан ұялы байланыс операторларының саны 8-ден асады екен. Атап айтқанда, азды-көпті “Kcell” (Актив, Vegaline), “Beeline” (Дос сауда белгісі) және шведтердің Tele2-сі және CDMA стандартындағы “Pathword/Dalacom” ұялы байланыс желісі қызметін қолданатын еліміздің азаматтары қаражатына қарай тарифтік жоспарды таңдайды. Ендеше бүгінде қандай ұялы байланыс операторы, қандай тарифтік …

ЖҰРТҚА ҰНАЙ БІЛЕДІ, жақсылық қана тілегі Read More »