КӨТЕРДІҢ КӨККЕ ЕЛІҢДІ (Ғабит Мүсіреповке)
Кәкімбек САЛЫҚОВ,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын. Аулыңа келдік тағы да,Ардақты Ғабит ағамыз.Туған жердің бағына,Асқақтай түсті бағаңыз. Жарқырап тұр алтын күз,Тойыңа шашу шашқандай.Мұражайыңды да көрдік біз,Тарихқа таңба басқандай.Тәуелсіз ел боп жаңардық,Жаңғырды жазған хатың да.Мәңгілік есте қаларлықАудан бар сенің атыңда. Айналды бейнең мүсінге,Еңбегің елге танылды.Рухың бар оның ішінде,Тасқа да жұлдыз тағылды. Бүкіл ел саған болды үндес,Орындап …