«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Е-ҚЫЗМЕТ” жұмыс сапасын арттырады

Тілеген ҚАСКИН, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңестің төрағасы. Жаңа кадр саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік қызмет қызметкерлері құрамын басқару жүйесінің тиімділігін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтерінің іс-әрекеті типтік ереже негізінде жүзеге асырылады, атап айтқанда, мемлекеттік органдағы кадрлық қызметтің құрылымы, саны, іс-әрекет аясы мен міндеттері, сол сияқты тиісінше …

“Е-ҚЫЗМЕТ” жұмыс сапасын арттырады Read More »

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДІ жарқын болашақ күтеді

Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Облыстық газетте ай сайын жарияланатын “Қазақстаным – қара шаңырағым!” қосымшасын жүргізгендіктен, бірлік, келісім тақырыбына көбірек қалам тербеймін. Жұмыс барысымен өңірімізде өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдерімен кездесіп, қазақ жеріне аяқ басқан сәттен бастап, осы күнге дейінгі тіршілігі жайлы әңгімелесеміз. Әр әңгіменің өзегі біреу – бейбіт өмір сүру. Иә, бүгінгі қоғамда бейбіт өмір …

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДІ жарқын болашақ күтеді Read More »

ЕГЕМЕНДІК пен ТҰРАҚТЫЛЫҚ – НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ШЕШКЕН ЕКІ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Биылғы Тәуелсіздіктің 21-ші жылы тарихқа тұрақтылық пен өркендеу жылы болып енді. Қазақстан өрлеу үстінде. Осының өзі еліміз өткен сындарлы жолды тағы да еске түсіруді, осы тарихи үдерісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай рөл атқарғандығын пайымдауды қажет етеді. ХХ ғасыр дүниежүзі тарихына жаңа мемлекеттер құрған саясаткерлерді сыйлады. Үндістан Республикасының пайда болуы мен …

ЕГЕМЕНДІК пен ТҰРАҚТЫЛЫҚ – НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ШЕШКЕН ЕКІ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ Read More »

ДИҚАНДАР ДІТТЕГЕН МЕЖЕГЕ ЖАҚЫН

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша, 1 қазанға дейін өңірдегі барлық 3838,0 мың гектар дәнді дақылдар алқабының 3652,2 мың гектары немесе 95,2 пайызы жинап алынды. Бағалы дақыл бидай мен аралас дақылдардың бір-екі күндік қана жиым жұмыстары қалды. Науқан басынан өте ширақ қимыл танытқан облыстың көптеген аудандары орақ жұмыстарын қазан айына жеткізбей аяқтады. Барлығы 4660,2 …

ДИҚАНДАР ДІТТЕГЕН МЕЖЕГЕ ЖАҚЫН Read More »

ҚАДІРМЕНДІ ҚАРИЯЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

 Кеше облыс әкімі Серік Біләлов Халықаралық қарттар күніне орай алдыңғы буын өкілдерімен кездесіп, мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ардагерлердің жағдайына үнемі назар аударып, қамқорлық көрсетіп келеді. Осының негізінде өңірімізде соғыс және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуде ауқымды жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңда қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын …

ҚАДІРМЕНДІ ҚАРИЯЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ Read More »

Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Петропавл қаласы 2012 жылғы 14 тамыз №221 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 27-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 74-бабы 3-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Солтүстік …

Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы Read More »

№1 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ республикалық сайысқа қатысып қайтты

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Төтенше жағдайлар министрлігінде түрлі ұлттар өкілдерінің арасында “Мемлекеттік тіл – менің тілім” және ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білетін ТЖМ қызметкерлері арасында “Тілдарын” сайыстары өтті. Оларға өңірлік сайыстардың 33 жеңімпазы қатысты.Сайысқа қатысушылар күні бойы екі залда қатар өз білімдерін көрсетті. Ең алдымен “Тілдарын” сайысына қатысушылар үш тілде бейнетаспалар …

№1 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ республикалық сайысқа қатысып қайтты Read More »

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ ТЫС ҚАЛМАДЫ

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Бұрнағы күні Петропавлда былтыр ашылған ЕС-164/6 түзеу мекемесінде, яғни әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқандар Қазақстан халқы тілдері фестивалінен сырт қалмай, мәдени іс-шара өткізді. Сайыс барысында мекемедегі әйелдердің дені өнерлі екендігін дәлелдеп, сахнада ән салып, би биледі. Ал фестивальдың негізгі бөлімінде қыз ұзату, келін түсіру секілді халқымыздың салт-дәстүрлерінен …

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ ТЫС ҚАЛМАДЫ Read More »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ фестивалі өтті

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Облыстық мәдениет басқармасы және халық шығармашылығы мен мәдени қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер арасында “Мейірімділік пен түсінушілікке жол ашық” атты фестиваль өтті. Мұндай шара осымен 14-ші мәрте ұйымдастырылды. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың басы бір жерде тоғысып, олардың …

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ фестивалі өтті Read More »

ӘНІ мен БИІ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН мектеп-интернаттағы тіл мерекесі

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Анна КУЧЕРЕНКО,зейнеткер. Облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернатта тіл мерекесі күні үлкен мерекелік концерт өтті. Оны Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы ұйымдастырды. Мерекелік концерттің шымылдығын күмбірлеген домбыраға қосыла шырқалған қазақ әнінің әуеніне сай орындалған “Жұлдыз” биі ашты. Одан кейін ұлттық мәдени орталықтардың оқушы өнерпаз балалары өз өнерлерін ортаға салды.Мысалы, …

ӘНІ мен БИІ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН мектеп-интернаттағы тіл мерекесі Read More »

ҚОШ БОЛ, ҚАРУ!

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер заңсыз қару сақтаудың екі фактісін әшкереледі. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары түскен ақпарат бойынша облыс орталығында тексеріс шарасын жүргізу нәтижесінде “Рахат” ЖШС-нің сауда өкілінің жалға алған жеке тұрғын үйінен зауыттық нөмірі жоқ “Револьвер” пистолеті, 29 гильза, 2 оқ табылды. 43 жастағы …

ҚОШ БОЛ, ҚАРУ! Read More »

ҚЫМБАТ КӨЛІК АЛАМЫЗ ДЕГЕНДЕР тағы бір алаяқтың құрбаны болды

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Қалалық ІІБ 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше петропавлдыққа қатыс ты алаяқтық жасаған Ресей азаматын құрықтады. Бұл қылмыстың даму барысы қарабайыр: 33 жастағы қала тұрғыны көлік айдап әкелумен айналысқан. Тіркелген жеке кәсіпкерлік құжаттары, екі жақты міндеттер көрсетілген келісімшарттар – мұның бәрі АҚШ-тан көлік алуды аңсаушылардың ешбір күмәнін тудырмау …

ҚЫМБАТ КӨЛІК АЛАМЫЗ ДЕГЕНДЕР тағы бір алаяқтың құрбаны болды Read More »

ЕСІРІП ЕЛІК АТҚАНДАР жануарлар әлеміне 323 600 теңге көлемінде зиян келтірді

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Олег БЕСПАЛОВ,облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының м.а. Аумақтық орман және аңшылық шаруашылығының қызметкерлері жүргізген рейдтік шаралар барысында заңсыз аңшылықты кәсіп етіп жүрген браконьерлерді ұстады. Жамбыл ауданының Есперлі елді мекенінің аумағында Петропавл қаласының төрт тұрғыны қанды қасап жасапты. Айғақ ретінде олардың мініп келген “Ауди-80” автокөлігінен …

ЕСІРІП ЕЛІК АТҚАНДАР жануарлар әлеміне 323 600 теңге көлемінде зиян келтірді Read More »

ҚҰРДАСТАР АМАН-САУ ЖҮРСІН…

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Мағжан РАҚЫМОВ,еңбек ардагері. Мен өз өмірімде әр саладағы басшылармен қызметтес болдым. Бірақ жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, адамдық болмысыңды сақтай білу әр адамның өзіне байланысты. Біз айтатын сөзімізді, жасайтын ісімізді пайымдап, бағалай білетін халықпыз. Мұндай қасиет бойымызға қанымызбен біткен. “Ұлық болсаң, кішік бол” деген нақыл сөздің жаны бар. …

ҚҰРДАСТАР АМАН-САУ ЖҮРСІН… Read More »

ШӨККЕН ШАҚТА ҚУЫРШАҚҚА ҰҚСАЙСЫҢ…

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Болат ҚОЖАХМЕТОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Шөкімдей болып әбден шөккен адам қуыршақ сияқты екен ғой: көзі жаудырап, сөзі аузынан шықпай, сілейеді де отырады. Құдайдан тілеп алған кәріліктің езгісі етің түгіл, сүйегіңнен де анық аңғарылады: екі иығыңды қойып, басың да кішірейіп кетеді. Аузыңда ақ тіс қалмағанына қамығып жүргеніңде, құлағыңды қаңылтырмен қаптағандай …

ШӨККЕН ШАҚТА ҚУЫРШАҚҚА ҰҚСАЙСЫҢ… Read More »

ҚАРТТАР мен МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛАДЫ

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Қазіргі уақытта облыста 90 мыңнан астам зейнеткер, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушы 23,3 мың адам тұрады. Олардың 4144-і жалғыз тұрады, ал 1189-ы – жалғызбасты адам.Қарттар мен мүгедектердің проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жылда әдеттегідей 1 қазан-1 қараша аралығында қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы өткізіледі. Алда өткізілетін айлық …

ҚАРТТАР мен МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛАДЫ Read More »

Қымбатты ардагерлер!

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл 1991 жылдан бастап БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімі бойынша жыл сайын Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.1 қазаннан бастап зейнеткерлерді, аз қамтылған қарт азаматтарды қолдау жөнінде айлық жарияланды.Облысымызда 90 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани қалыптасуына орасан …

Қымбатты ардагерлер! Read More »

АЗАМАТТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫН УАҚТЫЛЫ ҚАРАСТЫРМАҒАН 252 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Өңір басшысы Серік Біләловтің төрағалық етуімен облыстық әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Алдымен мемлекеттік органдардағы есепке алу-тіркеу тәртібін, сонымен бірге “Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру тәртібі туралы” заңды сақтау мәселесі қарастырылды. Бас прокуратураның Құқықтық статистика …

АЗАМАТТАРДЫҢ ШАҒЫМДАРЫН УАҚТЫЛЫ ҚАРАСТЫРМАҒАН 252 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды Read More »

РҮСТЕМ АҚЫЛБАЕВТЫҢ ҒАНА ТҰЛҒАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Германиядағы ДНК сараптама нәтижесі бойынша “Арқанкерген” оқиғасында қаза тапқан Рүстем Ақылбаевтың ғана тұлғасы анықталды. Ал қалған екі адамның мәйітінде неміс сарапшылары тұлғаны анықтау бойынша жарамды ДНК жасушаларын таба алмады. Бұл жайында “ҚазАқпарат” тілшісіне Бас әскери прокуратурасының баспасөз хатшысы Ақбар Әбділдин айтты.Бұдан бұрын хабарланғандай, “Арқанкерген” шекара бекетінде әскери …

РҮСТЕМ АҚЫЛБАЕВТЫҢ ҒАНА ТҰЛҒАСЫ АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ӘУЛИЕ МҮРДЕСІНІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ Петропавл епархиясына жеткізілді

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыс әкімі Серік Біләлов өңірімізге әулие Спиридон Тримифунтскийдің 1700 жыл сақталған мүрдесінің қасиетті қалдықтарын әкелген Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен, грек діни қауымының өкілдері: протоиерей Эвангелиос Кутраспен, діни қызметші Спиридонмен кездесті.Өңірімізде 118 діни бірлестіктің жұмыс істеп жатқандығын тілге тиек еткен өңір басшысы Серік …

ӘУЛИЕ МҮРДЕСІНІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ Петропавл епархиясына жеткізілді Read More »