АТТЕСТАТТАУ ӨТУДЕ
Облыстық төтенше жағдай жөніндегі департаментте кезектен тыс аттестаттауға орай брифинг болып өтті. Қыркүйек-қараша аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет мамандарының біліктілігі тексерілетін болады. Ал аталмыш де-партаментте сыннан өтетіндердің саны – 812. Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Данаевтың айтуынша, 2 қазаннан бастап өңірлік комиссия мүшелері әңгімелесу жүргізуде, соның нәтижесі бойынша қызметкерлердің лауазымына сәйкестігі анықталатын болады.