«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСКЕРТКІШ ТҰР есімі өшіп қалған…

Бұл суреттегі ескерткіш кімге арналған деп ойлайсыз? Қазақтың қай баласына мұндай құрмет көрсетілген? Осы ескерткіш тұрған саяжолдан әрлі-берлі өткендердің бәрінің болмаса, бірінің ойына келер сауал бұл.   Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Өз басым бұл ескерткіштің кімге арналғандығын білгендіктен, мәрмәр тасқа аты-жөнінің жазылған-жазылмағанына мән бермеппін. Алайда: “Мен үлкен ғалым, академик, қоғам қайраткері, жерлесіміз Евней Букетов туралы айтқалы …

ЕСКЕРТКІШ ТҰР есімі өшіп қалған… Read More »

ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ– ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы” АҚ Басқармасы отырысының хаттамасына сәйкес Алма Мырзалинова “Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы” АҚ филиалының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры болып тағайындалды.  Алма Жәкімқызы 1960 жылы Петропавл қаласында туған. Еңбек жолын Ақмола облысының Көкшетау ауданындағы С.Сейфулин орта мектебінде бастаған. Кейін Петропавлдағы темір жол мектеп-интернатында, №1 лицейде, …

ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ– ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ Read More »

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекіткен кестесі бойынша елімізде маусымның 3-і мен 6-сы аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 4405 оқушы мектеп бітірді. Соның 2410-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. “Алтын белгіге” үміткер 111 оқу-шының 27-сі өз білімдерін толығымен дәлелдеді. Ең жоғары 122 ұпайды Қызылжар ауданындағы Шаховское орта мектебінің түлегі Әсел Сұртаева …

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ АЯҚТАЛДЫ Read More »

ЕЛБАСЫ ШЕШІМІ ЕЛ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Айнагүл СЫЗДЫҚОВА,№2 Благовещенка орта мектебінің мұғалімі. Өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам арасында үлкен резонанс тудырған зейнетақыны жаңғыртуға бағытталған заң жобасының тағдырына қатысты көпшілік күткен шешімді қабылдағанда Қазақстан халқы ер-әйелге бөлінбестен, бір кісідей қуанғаны анық. Солардың қатарында өзім де бармын. Үкімет пен Ұлттық банк бастама жасап, Парламент қабылдаған заң жобасының толықтай күшіне енуіне Мемлекет …

ЕЛБАСЫ ШЕШІМІ ЕЛ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ Read More »

ҚЫРДАҒЫ ДҮБІР АЯҚТАЛДЫ

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметтеріне сүйенсек, 7 маусым күні облыс аумағында көктемгі егіс жұмыстары өз межесіне жетті.   Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Биылғы жылы өңір егістіктерінің 3620 мың гектарына – дәнді дақылдар, 410 мың гектарға – майлы дақылдар, 27,5 мың гектарға – картоп, 5,1 мың гектарға көкөністің басқа түрлері себілді. Биыл агроқұрылымдар мал шаруашылығына …

ҚЫРДАҒЫ ДҮБІР АЯҚТАЛДЫ Read More »

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына зейнетақы реформасының мәселелері жөніндегі Ү Н Д Е У І

Қымбатты отандастар! Республика Конституциясына сәйкес менің қарауыма Үкімет пен Ұлттық банк бастамашы болған зейнетақы жүйесі туралы жаңа заңнама келіп түсті. Мен заңнаманы жақтаушылардың да, оған қарсылық білдірушілердің де дәлел-дәйектерімен жақсы таныспын. Ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасын теңестіру туралы мәселе қазіргі ең өзекті тақырыпқа айналды. Мұның себебін мен Үкімет пен Ұлттық банк іс-әрекетінің олқылығынан да …

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына зейнетақы реформасының мәселелері жөніндегі Ү Н Д Е У І Read More »

БАҚЫТ АЛДАБЕРГЕНОВА – “Үздік педагог – 2013” облыстық конкурсының жеңімпазы

Облыстық Білім басқармасы мен Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен республикалық “Үздік педагог – 2013” конкурсының II облыстық кезеңі өтті. Оған өңіріміздің барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткізілген конкурстардың жеңімпаздары қатысты. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Үздік педагог – 2013” атағын жеңіп алуға аудандар мен қаладан 13 ұстаз қатысты. Конкурс үш кезеңнен тұрды. …

БАҚЫТ АЛДАБЕРГЕНОВА – “Үздік педагог – 2013” облыстық конкурсының жеңімпазы Read More »

ОБЛЫСТАҒЫ АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ

2012 жылы жолаушы тасымалдау 178 автобус бағыты бойынша жүзеге асырылды, оның ішінде 44-і – қалаішілік, 22-сі – қала маңындағы, 105-і – қалааралық (республика ішінде) және 7-еуі – халықаралық бағыттар. Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсету құқығына ие болған заңды тұлғалар 98 автобус маршрутына (қызмет жасайтындардың 55,1%), жеке тұлғалар 80 маршрутқа (44,9%) қызмет көрсетеді. Автобустық маршруттардың тұтастай …

ОБЛЫСТАҒЫ АВТОБУС БАҒЫТТАРЫ Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ

Облыстың барлық аудандарының ауыл шаруашылығы құрылымдары өсімдік шаруашылығы өнімін пайдамен өткізді. 2012 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары өсімдік шаруашылығы өнімін өткізуден 32426,9 млн. теңге пайда алды, соның ішінде бидай өткізуден – 26184,8 млн. теңге, мал азықтық дақылдардан – 10,3 млн. теңге, картоптан – 410,7 млн. теңге, күнбағыс тұқымдарынан – 352,4 млн. теңге, арпадан – 1653,2 млн. …

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ Read More »

АТМОСФЕРАҒА ЗИЯНДЫ ШЫҒАРЫЛЫМ

2012 жылғы деректер бойынша облыс кәсіпорындарының тұрақты көздері ауа бассейніне 75,7 мың тонна зиянды заттар шығарған, ол 2011 жылғы деңгейден 1,6%-ға төмен. 2012 жылғы деректер бойынша облыста өз қызметі барысында атмосфераға ластаушы заттар шығаратын 1473 кәсіпорын орналасқан. Бұл кәсіпорындарда 7161 тұрақты ластау көзі шоғырланған.  

ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБИҒИ ӨСІМІ

Ағымдағы деректер бойынша үстіміздегі жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 578,9 мың адамды құрап, жыл басынан 0,6 мың адамға немесе 0,1%-ға кеміді. Халық санының кемуі жұртшылықтың көші-қон есебінен орын алды. Үстіміздегі жылғы қаңтар-наурызда 1000 адамға шаққанда тұтастай облыс бойынша халықтың табиғи өсімінің жалпы коэффициенті 0,35 адамды құрады (2012 жылғы қаңтар-наурызда минус 0,02).

ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ ОБЛЫСТАҒЫ КӨШІ-ҚОН ЖАҒДАЙЫ

2013 жылғы қаңтар-наурызда біздің облыстағы тұрғындар саны көші-қон есебінен 682 адамға азайды. Облысішілік көші-қонды қоса алғанда жалпы көшіп келгендер саны 2094 адамды (2012 жылғы сәйкес кезеңде – 2725 адам), жалпы көшкендер саны 2776 (3761) адамды құрады. Облысқа республикадан тыс жерлерден 189 (293) адам көшіп келсе, 430 (630) адам көшіп кеткен.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 2012 ЖЫЛЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНУЫ ЖӘНЕ…

Жылына орташа жан басына шаққанда 263,6 кг. сүт және сүт өнімдері, 113,2 кг. – нан өнімдері және жарма өнімдері, 63,2 кг. – ет және ет өнімдері, 207,8 дана жұмыртқа тұтынылды. 2012 жылы облыстағы үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері бойынша нан өнімдері және жарма өнімдерінің тобынан орташа жан басына шаққанда 58,8 кг. бірінші сортты бидай ұнынан …

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 2012 ЖЫЛЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНУЫ ЖӘНЕ… Read More »

ОЙ-САНАСЫ УЛАНҒАНДАРҒА оң бағыт нұсқайтын бірлестік

Соңғы жылдары елімізде діни ахуалға назар аудартқызған оқиғалар орын алғаннан кейін, жер-жерде алдын алу шаралары ұйымдастырыла бастады. Өңірімізде де мұндай жұмыстар қолға алынып, дәстүрлі діннің өкілдері әр буын өкілдерімен кездесулерін жиілетті. Осындай кездесулерді ұйымдастырып жүрген “Прозрение-Көз жету” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Доценкомен кездескен едік.   – Максим Юрьевич, алдымен қоғамдық бірлестіктің атауына тоқталсақ?.. – Қоғамдық …

ОЙ-САНАСЫ УЛАНҒАНДАРҒА оң бағыт нұсқайтын бірлестік Read More »

ДІНИ ЖОЛ-ЖОРА ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

Қошан ҚАЛИ, “Солтүстік Қазақстан”. О дүниелік болған адамды соңғы сапарға шығарып салу да қажетті жабдық жасау арқылы тындырылатын шаруа. Мұндайда ауылдағылар да, қаладағылар да керегін көбіне базардан іздейді.

ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙДЫҢ БІРІ – ШАҒБАН

Руслан БОЛАТҰЛЫ, “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы. Берекеті мол айлардың бірі – Шағбан. Биыл бұл маусымның 10-ы басталды. Ол – қасиетті үш айдың бірегейі. “Көптеген жақсылықтың бастауы” деген мағынаға ие “шағбан” сөзімен аталған қасиетті ай Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді.

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ БӘРІ АЙНАДАҒЫДАЙ АНЫҚ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қазақстанның электрондық лицензиялау жүйесінің әлемнің 64 елінің жобалары ішінде үздік атануы ұлттық ақпараттық технологияның ілгері дамып отырғанын көрсетеді. Ал мұның ел экономикасына да ықпалы бар, әсіресе, орта және шағын бизнесті дамытуда өндірістік кәсіпорындардың лицензия алуын жеңілдетудің тиімді тұстары жетерлік. Женевада өткен халықаралық конкурста Қазақстанның электрондық лицензиялау жүйесі өз санатында үздік жоба …

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ БӘРІ АЙНАДАҒЫДАЙ АНЫҚ Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҒА БАССЫН ДЕП…

“Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” АҚ-ы Қазақстан бойынша облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан фирмалары мен өкілдіктері арқылы шағын кредит бере отырып, ауыл тұрғындарына және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне нақтылы қолдау жасайды. “Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” АҚ-ы 2007 жылдан бастап “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдинг” АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.Үстіміздегі жылы облыстық әкімдіктің жанындағы “Жұмыспен қамту …

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҒА БАССЫН ДЕП… Read More »

КӨШ БАСЫНА ШЫҚҚАН КӘСІПОРЫН

“Өндірістегі жаңғырту деп осыны айт!” деген таңданыс менің ғана тілімнің ұшына оралмай, басқалар да осындай ойда болары сөзсіз. “Молпродукт” ЖШС-нің өндіріс алаңының осыдан екі жыл бұрынғы көрінісі бүгінгі жаңа ғимараттың шаңына да ілесе алмайды екен. Ең бастысы – осындай өзгерістен кейін кәсіпорын агроөнеркәсіптік тауар өндірушілердің көш басына шыққан. Осыған орай серіктестіктің директоры Роза Сүлейменоваға жолығып, …

КӨШ БАСЫНА ШЫҚҚАН КӘСІПОРЫН Read More »

Фотоайыптау

Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. МАҚАЛ.       Жарнама – күрделі іс пе қоғамдағы?Әйтеуір, қате жазу жоғалмады.“Детское питание” деген атауБолып тұр “Балалр тоғамдары”   Петропавл қаласының Мир көшесіндегі жарнамадан. Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.