ҰЛТ ҮШІН ТУҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА
Көк шалғыны көсілген, қалың орманы сыңсыған кең даланың төсін қаққа бөліп қара жол шұбап жатыр. Бұл – жай жол емес. Мағжан туған киелі Сарытомарға, Сасықкөл жағасына апаратын үлкен жол. Алапат ақындық күші теңдессіз даңқты бабамыздың шыққан тегіне бастайтын даңғыл жол. Жасынан білім қуып, асқақ арманына құлаш ұрған бала Мағжан Қызылжарға барған ұлы жол. Бұл жолдың …