«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Демократиялық дәстүрлерге сай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған түбегейлі саяси жаңғыртулар Конституцияға енгізілген түзетулер мен толықтыруларға жалғасып, маңызды демократиялық басымдықтарды айқындап берді. Бұл билік институттарын өзгеше формада қалыптастыруға, қоғамды саяси жағынан толығымен трансформациялауға жол ашары сөзсіз. Мәжіліс пен мәслихат депутатттарының соңғы сайлауы саяси бәсекелестіктің күшеюіне айтарлықтай ықпал етіп, көппартиялылықты дамытуға және елдегі парламентаризмді нығайтуға зор серпін …

Демократиялық дәстүрлерге сай Read More »

Кім қанша төлейді?

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес жыл сайын белгіленеді. Осыған байланысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылғы қаңтардан бастап МӘМС үшін кім қанша төлейтінін анықтады. Міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар көлемі МӘМС туралы заңда бекітілген және ол биыл өзгеріссіз қалды. Ал ең төменгі жалақы және айлық …

Кім қанша төлейді? Read More »

МЕКТЕПТЕ ТАМАҚ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАМАҚ теріскей оқушылары тегін тамақтан
неге қағылып отыр?

Қымбатшылық қос бүйірден қысып барады. Дүкендегі азық-түлік аспандап тұр, енді жығылғанға жұдырық болғандай қала­мыздағы жеке кәсіпкерлер мектептегі ыстық тамақтың баға­сын өсіруді көздеп отыр. Петропавлдағы мектеп асханаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қазіргі бағамен, яғни 500 теңгеге бір оқушыны тамақтандыру мүмкін емес екенін айтады. Бұлай жалғаса берсе, азық-түлікке кететін шығын мен аспаздардың жалақысын өтей алмай қалуымыз мүмкін дейді. …

МЕКТЕПТЕ ТАМАҚ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАМАҚ теріскей оқушылары тегін тамақтан
неге қағылып отыр?
Read More »

Қосымша грант бөлінсе…

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мемлекеттен қосымша 800 грант сұ­рап, алдағы оқу жылы барлығы 2 мың түлекті тегін оқытуды көздеп отыр. Қосымша оқу орындары негізінен, журналистика, құқықтану, дизайнер мамандығын таңдаған түлектерге бөлінбек. – Өткен жылғы қыркүйек айынан бастап, Аризона университетімен бір­лескен жаңа білім беру бағдарлама­лары ашылды. Ауыл шаруашылығы бағытында – 3, ІТ-технология және педагогикалық биотехнология …

Қосымша грант бөлінсе… Read More »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШАҒЫМЫ

“AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы “Жер аманаты” комиссиясы мен қоғамдық қабылдауға жүгінген бір топ солтүстікқазақстандық шешімін таппай келе жатқан мәселелерін жеткізді. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылында шабындық жерлер жетіспейді. Анатолий Бишельдің сөзіне қарағанда, тауарлы-сүт фермасы салынғалы мал жаятын және жемшөп дайындайтын жерлер тарылып кеткен. Жаңа кәсіпорынның иесі барлық жердің шөбін өзі ғана шауып алатын болған. …

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШАҒЫМЫ Read More »

Екі үміткер де – әйел

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевтің қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтіп, Парламент Сенаты депутаттарын сайлау күніне дайындық мәселесі сөз болды. Асқар Жоламанұлының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 5 үміткер ұсынылған. Барлығы да Конституция мен сайлау туралы конституциялық заңның талабына сай тексерістен өтіп, 3 үміткер тіркелген. Екі кандидаттың …

Екі үміткер де – әйел Read More »

КӨМІР ҚОРЫН МОЛАЙТУ КЕРЕК

Облыстық әкімдік отырысында өңір басшысы Айдарбек Сапаров көмір қорын молайтып, жолдарды уақтылы тазалау, қыстан қысылмай шығудың қамын жан-жақты ойластыру міндеттерін қойды. Жыл соңында №2 Петропавл жылу-электр орталығында қатты отынның тапшылығы байқалған. Қазір кәсіпорында 17 тәулікке ғана жететін 103 мың тонна көмір қоры бар. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Павел Шилов …

КӨМІР ҚОРЫН МОЛАЙТУ КЕРЕК Read More »

КӨҢІЛДІ КЕШ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Мәңгілік” би ансамблі мен Ольга және Михаил Лахтиндер ашқан би студиясының концерті өтті. Өнерпаздар қызылжарлықтар­ды ерекше әсерге бөледі. Шығар­машылық ұжымдар репертуарын­дағы тамаша туындылар көрермен­дерге қуаныш сыйлады. Кештің кө­ңілді өтуіне филармония әртістері де атсалысты. “Мәңгілік” би ан­самблінің көркемдік жетекшісі Ми­хаил Лахтин әр көрерменнің көңі­лінен шығу үшін өнерпаздар біраз ең­бектеніп, тер төккенін …

КӨҢІЛДІ КЕШ Read More »

Марияға – марапат

Петропавл қаласының тұрғыны Мария Симонова “Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін” медалімен марапатталды. Жа­қында бойжеткен жанып жатқан үйден ер адамды алып шыққан болатын. Мария Симоноваға марапатты облыстық төтенше жағдайлар де­пар­таменті бастығының міндетін ат­қарушы Дмитрий Растихин табыс етті. Азаматтық қорғау полковнигі бұл оқиғаның жастарды жауаптылыққа, жанашырлыққа, қиын сәтте көршісіне көмектесуге деген ұмтылысқа тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті. “Мария №42 …

Марияға – марапат Read More »

“Погон таққан ғалымдар”

Қылмыс орындарындағы із­дер мен заттай дәлелдерді іздеу­мен, алумен және зерттеумен ай­налысатын криминалистер осы­лай аталады. Олардың жұмысы­ның нәтижесінде күдіктілердің кі­нәсі дәлелденеді немесе жоққа шы­ғарылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған орын­дар криминалистерсіз тексеріл­мей­ді, олардың қатысуы міндетті. Жалпы өткен жылы кримина­листер 2,5 мыңға жуық оқиға ор­нына шықты. Бұл облыста тір­келген барлық қылмыстардың 70 пайызын құрайды. Мамандар тер­геу …

“Погон таққан ғалымдар” Read More »

Қоян аулауға шығып, елік атқан

Жоспарлы рейд барысында Қы­зылжар ауданындағы Соколовка ауылдық полиция бөлімшесінің қыз­меткерлері тексеру үшін “Mitsubishi Montero” жол талғамайтын көлігін тоқ­татқан. Көлікте Петропавл қаласының 41 және 38 жастағы тұрғындары болған. Полиция қыз­мет­керлері артқы есікке жұққан қан­ды байқап қалады. Тексеріс бары­сында салоннан арнайы қапшыққа салынған 12-ші калибрлі “АТА-ARMS” тегіс ұңғылы қаруы мен жа­нуарлардың еті бар сөмке табылған. Құжаттарды тексеру …

Қоян аулауға шығып, елік атқан Read More »

ҮСІП ҚАЛҒАНДАР

Жыл басынан бері жарақат алған, үсік шалған 400-ден астам адам Петропавл қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының көмегіне жүігінді. Емдеу мекемесі баспасөз қыз­ме­ті­нің мәліметінше, жарақат бө­лімшесіне қаралғандардың 150-інің сүйектері сынған, тағы 12 адам үсік шалып, мамандардың көмегіне жү­гінуге мәжбүр болған. “Үсік шалғандар негізінен мас күй­де түседі. Оларды аман алып қалу үшін ота жасауға тура келіп …

ҮСІП ҚАЛҒАНДАР Read More »

Жолақы өспек

Петропавлда қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттамақ. Шаһар­да жолақы соңғы рет 2017 жылы өскен. СҚО “Автокөлік одағы” тасы­малдаушылар қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, еңбекақы төмен болған­дықтан жүргізуші табу қиын. Қазір бұл салада кадр жетіс­пеушілігі мәселесі өткір тұр. “Біз қалалық қоғамдық көлікте жүру ақысын өсіруді сұраймыз. Бұл біздің қазіргі жағдайымызды айтар­лықтай жеңілдетеді. Мәселен, Қостанай 1 қаң­тардан бастап …

Жолақы өспек Read More »

Балықшының денесі табылды

Өңірде іздеу жарияланған 31 жас­тағы Болат Ақиевтің денесі қар ас­тынан табылды. Марқұм үстіміз­де­гі жыл­ғы 6 қаңтар күні Шал ақын ауда­нына қарасты Ступинка елді меке­нінің маңындағы көлге балық аулау­ға кетіп, содан үйіне қайтып оралмаған. Жігіт Ғабит Мүсірепов атындағы ау­данның орталығы – Но­воишим ауы­лының тұрғыны болып шықты. Болат Ақиевті іздеуге еріктілер, полицейлер, ауыл тұрғындары жұ­мылдырылды. Облыстық төтенше …

Балықшының денесі табылды Read More »

ҰБТ-ның бірінші кезеңі

Ел көлемінде коммер­ция­лық негізде оқуға түсем деу­шілер Ұлттық бірыңғай тес­тілеуден өтуде. Түлектердің сынағы ақпанның 11-не дейін жалғасады. Жалпы Қазақстан бойынша электрондық фор­матта өтіп жатқан ем­тиханда білімін саралауға 125 мыңға жуық мектеп оқушысы өтініш білдірді. Қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған сту­денттер, ақылы негізде “Педа­гогикалық ғылымдар” маман­ды­ғына ауысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ қалауы …

ҰБТ-ның бірінші кезеңі Read More »

Борышкерге берілетін үш мүмкіндік

Биыл 3 наурыздан бастап елімізде жеке тұлға банкрот болуға өтініш бере алады. Азаматтар “жеке тұлғаның банкроттығын” қолдану үшін үш түрлі нұсқаның бірін таңдай алады – соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру. 2022 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” заңға (Банкроттық туралы заң) …

Борышкерге берілетін үш мүмкіндік Read More »

Баж мөлшері өзгерді

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңгені құрайды, ол мемлекеттік баж мөлшерімен тікелей байланысты болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта Салық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 АЕК, яғни 690 теңгені құрайды. Төлқұжат едәуір қымбатқа түседі:8 АЕК – 27600 теңге. Төлқұжат пен жеке куәлікті …

Баж мөлшері өзгерді Read More »

Баланың қауіпсіздігі — бәрінен маңызды

“AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Отырыста екі негізгі мәселе қаралды. Кеңес мүшелері алғашқы сауал – оқу орындарында, интернаттар мен мектепке дейінгі мекемелерде орнатылған бейнебақылау камераларын жедел басқару орталығына қосу және білім ошақтарының аулаларында дәретханалардың болуы мәселесіне қатысты ойларын …

Баланың қауіпсіздігі — бәрінен маңызды Read More »

Он есеге артқан

Қызылжар ауданында ауылдарды дамыту – алға қойған негізгі бағыттардың бірі. Әрбір елді мекен заман талабына сай өркендеп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне бейім болуы қажет. Ел Үкіметінің де алға қойып отырған басты мақсаты осы. 2023 жылы аудан бойынша тоғыз елді мекенде жол жөнеделетін болады. Бұл туралы аудан басшысы Жанат Сәдуақасов айтты. Жалпы аудан бойынша жолдың ұзындығы …

Он есеге артқан Read More »

Қар тоқтатудың пайдасы көп

Халық арасында “қыстың қамын жаз ойла” дейтін тіркес қалыптасқа­ны белгілі, ал теріскейлік диқандар, керісінше, жаздың қамын қыста ой­лайтын болған. Желтоқсан айында өңірде қар жаумай, қара суық бол­ғаны белгілі. Қаңтар қалың қарын ала келді. Осы сәтті күткен диқандар егіс алқаптарында қар тоқтатудың қамына кірісіп кеткен. Ауыл шаруа­шылығы басқармасының мәліметін­ше, бұл жұмыс 3,1 млн. гектар ал­қапта жүрізілуі …

Қар тоқтатудың пайдасы көп Read More »