БӨГЕТТЕРДІҢ БЕРІКТІГІН ТЕКСЕРДІ
Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су тасқыны кезінде бұзылған гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру жалғасуда. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мамандармен бірге жөндеу барысын тексерді. Жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын 8 бөгет нығайтылып, биіктетілді. Жеңіс саябағында ашық кәріз жүйесі орнатылуда. Ал биотоған айналасында 1968 жылы салынған бөгеттің ұзындығы 3,4 шақырымды құрайды. Оның қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі мен …