Ісмердің байлығы – қолында
Көне замандарда қалыптасып, бүгінге дейін өз қасиетін жоғалтпай жеткен, қазақ ұлттық мәдениетінің аса құнды салаларының бірі – қолөнер. Қолөнер – ілкі заманның шежіресі, халқымыздың рухани болмысының айнасы, салт-дәстүрдің сарқылмас кеніші. Өңірімізде қазақтың тұрмыс-тіршілігінің өзегі болған мұраны жаңғыртып, төл өнерді жанына серік еткен жандар аз емес. Соның бірі – Қапура Әлімжанқызы. Тайынша ауданына қарасты Мәдениет ауылында …