«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Ел аумағынан шығарылды

Маусым айында полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында заңсыз еңбекпен айналысу фактісін анықтады. Салынып жатқан құрылыс нысанында еңбектеніп жүрген Өзбекстан Республикасының бес азаматының жұмыс істеуге рұқсаты болмаған. Шетелдіктерді де, олардың жұмыс берушілерін де әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды. Сот шешімімен шетелдік бес азаматтың барлығы Қазақстанның аумағынан шығарылды. Биылғы алты ай ішінде көші-қон саласындағы қолданыстағы заңнаманы …

Ел аумағынан шығарылды Read More »

Мәдениетте мешіт ашылды

Тайынша ауданына қарасты Мәдениет ауылында қайырымды жандардың демеушілігімен ме­шіт салынып, пайдалануға беріл­ді. Бұл қуанышты күнді ауыл тұрғындары асыға күтті. Мешіттің ашылу салтанатына ауыл тұрғындарымен қатар, Қа­зақстан Мұсылмандары Діни бас­қармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Хам­зат Қажымұратұлы, “Крас­ный яр” мешітінің имамы Науан Мүтәлұлы, ауыл имамы Аманжол Ақайұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар …

Мәдениетте мешіт ашылды Read More »

Ұлттық тағам күні

Қазақ аналарынан құралған “Дәстүрге жол” ұйымының мүше­лері Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектепте жазғы ла­герьдегі балалар үшін ұлттық та­ғам түрлерінен үстел жайды. Бе­рекелі үстелде аналар оқушы­лар­ға ұлттық тағамдардың құнды­­­лығы жайында әңгімелеп берді. “Қызылжар. Қазақ аналары – дәстүрге жол” қоғамдық бірлес­тігінің мүшесі Сара Мейрамова­ның сөзінше, сарымай әзірлеудің де сыры бар. Оны таза қаймақтан қолмен былғайды. Бұның …

Ұлттық тағам күні Read More »

Балалардың қуанышында шек жоқ

Саумалкөл ауылындағы агротехникалық колледж маңындағы Новая көшесінде бір ай ішінде тұрғызылған спорт-ойын кешені мемлекеттік-жекешелік әріптес­тік­тің озық үлгісіне айналды. Сау­малкөл ауылында шағын фут­бол алаңын салуға мемле­кеттік сатып алудың жеңімпазы “Диас Инвест Групп” ЖШС екен­дігі биылғы жылдың мамыр айында жарияланған еді. Нысан­ның құ­ры­лысын қолға алған кәсіпкер өз қаражаты есебінен футбол ала­ңының жанындағы кеңістікті ойын және баскетбол ала­ңымен …

Балалардың қуанышында шек жоқ Read More »

Ізгілік шарасы

“Мек­теп­ке жол” қайырымдылық ак­ция­сы жыл бойғы форматқа кө­ші­рілгенімен, акцияның негізгі ба­ғыты балаларды жаңа оқу жылы­на дайындау болып қала береді. Биыл бұл әлеуметтік акция “Жақсылық жаса” ұра­нымен өткізіледі. Акция аз қамтылған, көп ба­лалы және тұрмысы төмен отба­сылардан шыққан балаларға, же­тім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала­лар­ға әлеуметтік қолдау көрсе­туге бағытталған. Өңірімізде игі шараға үлес қосатын кәсіпкерлер аз …

Ізгілік шарасы Read More »

Үздік түлектер марапатталды

Аққайың ауданында биылғы оқу жылының қорытын­дысы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген бірқа­тар түлектер марапатталды. Аудан әкімі Рүстем Елубаев­тың бастамасымен ауыл ша­руашылығы тауар өндірушілерінің қолдауымен 10 жылдан бері “Ал­тын белгі”, үздік аттестат иегер­лері мен Ұлттық бірыңғай тесті­леуде 100 және одан да жоғары балл алған түлектерді марапат­тау игі дәстүрге айналған. Биыл да үздік түлектер марапатталды. Салтанатты шарада …

Үздік түлектер марапатталды Read More »

Бас жүлде – біздің бишілерде

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Мәңгі­лік” би ансамблі Болгария елінде өткен халықаралық фес­тивальде бас жүлдені жеңіп алды. Витоша тауының етегінде ор­на­ласқан София қаласындағы мә­дени іс-шаралар күнтізбесі ая­сында өткен ХХVIII халықаралық фестивальде Қазақстан, Боли­вия, Үндістан, Италия, Албания, Мексика, Молдова, Грузия, Сол­түстік Македония мен Болгария елдерінің шығармашылық ұжым­да­ры бақ сынады. Хореография, кос­тюм дизайны, жұптық және ұжымдық орындау …

Бас жүлде – біздің бишілерде Read More »

ҚАЛАМГЕРДЕН ҚАЛҒАН ҚАЗЫНА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғы­лы­ми-әмбе­бап кітапханада жерлесіміз, белгілі жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың “Ортақкөл әңгімелері” кітабының тұсау­кесері өтті. Шараға Зейнел-Ғаби Иманбаевтың ба­лала­ры, туыстары, жерлестері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары қатысты. Кі­тап Алматыдағы “Асыл кітап” баспасында басылған. Жазушының туған жері – Шал ақын ауданында жыл ба­сынан бері қаламгерге арналып кітапхана, музей, өзге де мәде­ниет ордаларында шығармашы­лық кездесулер, …

ҚАЛАМГЕРДЕН ҚАЛҒАН ҚАЗЫНА Read More »

Оралдағы сәтсіз ойын

Биыл алғаш рет өтіп отырған лига кубогының үшінші турында Оралдың “Ақ­жайы­ғы” өз алаңында Пет­ропавлдың “Қызылжарын” қабылдады. Петропавлдық команда премьер-лига турнир кестесінде оныншы орында келе жатса, бі­рін­ші лигада ойнап жүрген орал­дықтардың жағдайы да мәз емес. Десе де осы жолғы кездесуде оралдық клубтың айы оңынан туды. Бірінші таймда алаң иелері есеп ашты. Гол авторы – Шыңғыс Құбашев. …

Оралдағы сәтсіз ойын Read More »

Үш адамның ажалы

Жексенбі күні Қызылжар ауда­нының орталығы Бескөл ауы­лы­нан үш шақырым жерде жол-көлік оқиға­сы орын алды. Облыстық поли­ция департаменті бас­пасөз қыз­ме­тінің мәліметінше, “Астана – Петропавл” автожо­лында “Infiniti FX45” автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан “Бе­ларус” тракторының тір­кемесіне соғылған. Жол-көлік оқиғасының салда­ры­нан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға ор­нында …

Үш адамның ажалы Read More »

Мал азығын дайындау — маңызды науқан

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарлы көрсеткіштеріне сай өңірде малдың жайлы қыстап шығуы үшін 940 мың тонна шөп, 234,6 мың тонна пішендеме, 278,1 мың тонна сүрлем, 867 мың тонна сабан және 818 мың тонна жем дайындау керек. Оның ішінде үй шаруашылықтарындағы малдың қыстауына 424,1 мың тонна шөп, 406,4 мың тонна сабан және 277 мың тонна жем қажет …

Мал азығын дайындау — маңызды науқан Read More »

ТАЗА ҚЫЗЫЛЖАР

Өткен сенбі күні Петропавл қаласында “Таза Қызылжар” эко-акциясы өтті. Бұл шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен депутаттар, бизнес құрылымдардың өкілдері, жастар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында өткен шарада Мещан орманының аумағы қоқыстан тазартылды. Жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын аумақ төрт учаскеге бөлінді. Сенбілікке қатысушылар Мещан орманынан бастап, Омбы тас жолын …

ТАЗА ҚЫЗЫЛЖАР Read More »

ЖЕДЕЛДІК КЕРЕК, САПА ДА МАҢЫЗДЫ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Петропавл ЖЭО-2 жабдығының 57,3, Солтүстік Қазақстан электр жабдықтарының – 96,6, жылу құбырларының 77,5 пайызға тозуын ескере отырып, өңірде жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл Петропавл ЖЭО-2-де 17,6 млрд. теңгеге жұмыс атқару жоспарлануда. 2027 жылға дейін 739 …

ЖЕДЕЛДІК КЕРЕК, САПА ДА МАҢЫЗДЫ Read More »

ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК

Енді қызметтік тұрғын үйге ке­зекке тұру тек “электрондық үкі­мет” порталы арқылы ғана емес, сонымен қатар смартфондардан да мүмкін. Жаңа қызмет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж азаматтық персоналы үшін “eGov Mobile” мобильді қосым­шасында қолжетімді.  Қызметтік тұрғын үйге кезекке қою рәсімі бұрын қағаз жеткізгіштердегі жұмыс орны бойынша құжаттарды жинау мен тапсыруды қарастырған. Енді смартфоннан …

ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК Read More »

ОТЫН ЖАРАТЫН ЖІГІТ ЖОҚ

Үйге азық-түлік алу қамымен жұрт жиі баратын сауда орталықтарының біріне қарай жол тарттым. Бірі келіп, енді бірі шығып жатқан сауда орталығының аумағында ине шаншар жер жоқ. Құдай-ау жұрттың бәрі мұнда не істеп жүр деген ой келді. Тышқан аулаған мысықтай көлік қоятын бос орын таппай бірер минут кідіруге тура келді. Оң қапталдан бір көлік шыққаны сол …

ОТЫН ЖАРАТЫН ЖІГІТ ЖОҚ Read More »

АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК – ОРТАҚ МІНДЕТ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласында реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады. Әдеп жөніндегі кеңестің қыз­меті – қызметтік тәртіпті нығай­туға, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттыруға бағытталған маңызды тетік. Департаменттің міндеті құқық бұ­зушылықтардың алдын алу, мем­лекеттік қызметшілердің қыз­меттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін артты­ру және тәртіптік теріс қылықтар­ды …

АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК – ОРТАҚ МІНДЕТ Read More »

Мұғалім тапшы

Биылғы оқу жылында өңірдегі бі­лім беру мекемелерінде 500-ге жуық маман жетіспейді. “2023-2024 оқу жылында облыс мектептерінде 11883 мұғалім жұмыс істеді. Ал биыл 473 маманға қажет­тілік бар. Әсіресе мате­матика пәні­нің мұғалімдеріне қажет­тілік ерек­ше. Физика, бастауыш сынып, қазақ және орыс тілі мұғалім­дері де тап­шы”, – деді облыстық бі­лім басқар­ма­сының бас маманы Да­ниил Степанов. Жалпы облыста 458 білім …

Мұғалім тапшы Read More »

Мас күйде көлік тізгіндеген әкім жұмыстан босатылды

Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің әкімі көлік тізгініне мас күйде отырғаны үшін жұмыстан шығарылды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департа­ментінің мәліметінше, оқиға биыл 27 қаңтарда сағат түнгі 22:30 шамасында Көкшетау қаласында болған. Тәртіп сақшылары аула­лар­дың бірінде “Лада 21713” көлігін тоқтатады. Рөлде Та­йынша ауданы Чкалов ауыл­дық округінің әкімі Сәкен Сәдуақасов болған. Меди­ци­налық куәландыру …

Мас күйде көлік тізгіндеген әкім жұмыстан босатылды Read More »

Ресей бидайын Қазақстанның атынан сатқан

Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қа­зақ­стан облысы бойын­ша эко­номикалық тергеп-тексеру департаменті өткен жар­ты жылдықты қорытынды­лады. Өңірлік коммуникациялар қыз­меті алаңында өткен брифингте ве­домство басшысы Бақытжан Абул­хаиров облыста жер қойнауын заңсыз пайдаланғандардың анықталғанын айтты. 4 адам­ға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған. Айыпталушылардан жалпы со­масы 3,7 млрд. теңгенің мүлкі тәр­кіленді. Тергеу барысында олардың ауыл шаруашылығы жерлерін заңсыз кен өндіруге …

Ресей бидайын Қазақстанның атынан сатқан Read More »

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА – ОҢ БАҒА

Облыс әкімі Мағжан Жұ­ма­­баев ауданына жұмыс са­па­ры­мен барып, ең алдымен По­луди­но ауылында орна­лас­қан өмір­лік қиын жағ­дай­да қал­ған балаларды қолдау ор­талығын жөндеу жұ­мыста­рымен танысты. Бүгін­де аталған мекемеде 50-ге жуық бала тәрбиеленуде. Орталық директорының тәрбие жұмысы жөнінде орын­басары Татьяна Сергееваның сө­зінше, 2018 жылы мұнда мұ­ра­жай ашылған. Онда өткен та­рихтан сыр шертер ақпараттар жинақталған. Өңір басшысы ме­кеме тәрбиеленушілерімен …

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА – ОҢ БАҒА Read More »