«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

ДӘРІГЕРЛЕР ЕКІ ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ

Өңірде дәрігер тапшы. Қазір аймақта 130-дан астам маманның орны бос тұр. Аудандарды айтпағанда, Петропавлдың өзінде жағдай мәз емес. Биыл өңірге 59 дәрігер келгенімен, қордаланған мәселені шешу үшін бұл аз. Себебі еңбек етіп жатқан ақ халаттылардың көбі – зейнет жасына таяғандар. Астана қаласының тумасы Дина Әбдірахманова қолына дипломын ала салысымен өңірде ақ халаттыларға жа­салып жатқан жағдайды …

ДӘРІГЕРЛЕР ЕКІ ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ Read More »

ОРГАНИКАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ АУЫЛЫ АЛЫС ПА?

Қадірін білген жанға қара жердің де жаны бар. Топырақ та табиғатпен бірге түлеп, бірге тыныстайды. Түрлі химиялық пре­параттар мен тыңайтқыштарды шектен тыс қолданған жер құнарынан айырылып, қанша күш салса да бір тал шөп өспейтін қу тақырға айналады. Жүздеген жылдар бойы соқа тимей жатқан қазақ даласының бетіндегі құнарлы қабаты әлі ондаған жыл бойы мол өнім алуға …

ОРГАНИКАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ АУЫЛЫ АЛЫС ПА? Read More »

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ МЕКЕНІ

Жыл өткен сайын құрылысы қарқын алып келе жатқан «Жас өркен» шағынауданында биыл бірқатар нысан пайдалануға берілді. Оның бірі — за­манауи үлгіде салынған балабақша. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала тұрғындарын сәбилер үйінің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін арнады. «Түрлі себептермен 2017-2023 жылдар аралы­ғында бюджет қаржысына облыс орталығында бірде-бір балабақша салынған жоқ. Соңғы екі жылда бұл іс қайта …

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ МЕКЕНІ Read More »

ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ МА?

Елімізде не қымбаттамай жатыр?! Халыққа қажеттінің барлығының құны құбылып тұр. Алайда кейбір қызмет түрлерінің бағасы көтерілсе, қоғамда наразылық ушығады, ал енді біреулері елеусіз қымбаттай береді. Мәселен, қоғамдық көліктегі жолақы өссе, бұл міндетті түрде қызу талқыланады. Ал такси қызметінің құны артса, ол көп жағдайда ескерусіз қалады. Шындығына келсек, ТМД елдерінің ішінде такси қызметінің ең жоғары тарифі …

ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ МА? Read More »

БЕРЕКЕДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ

Облысқа жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қызыл жалынмен күрес үстінде ерлікпен қаза тапқан Алтынбек Әбдірахмановтың есімі берілген мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ашылу салтанатына қатысты. Қала аумағында мұндай соңғы депо 1975 жылы пайдалануға берілген. Ал заманауи ғимарат­тың құны 2 млрд. теңгеге жуық. Облыс әкімі Ғауез Торсанұлы өз сөзінде …

БЕРЕКЕДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ Read More »

ҚҰСТАР НЕДЕН ҚЫРЫЛДЫ?

Соңғы кездері өңірімізде құстардың жаппай қырылуы тұрғындар арасында үрей туғызуда. Салдарынан дерт ошағы табылған бірқатар аудандардағы елді мекендер карантинге жабылып, ауру ошағы жойылған. Алайда мамандар құстардың құс тұмауынан емес, пастерел­лезден қырылғанын айтуда. Мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін сала мамандарына жүгіндік. Биыл күзде алдымен Қызылжар ауданындағы Бугровое елді мекенінде, кейін Шаховское ауылында үй құстарының жаппай қырылып жатқандығы …

ҚҰСТАР НЕДЕН ҚЫРЫЛДЫ? Read More »

КӨПІРДЕ КЕМШІЛІК БОЛМАУЫ ТИІС

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмысшы кентіндегі темір жолдың үстімен салынып жатқан көпір құрылысының барысын тексерді. Бүгінгі таңда жол өт­келінің қаңқасы дайын. Сонымен қатар үйінді қабатын қалыптастыру, тіреу қабырғасын орнату, суағар жүйесін құру жұмыстары қарқынды атқарылуда. Бастапқыда құрылыстың аяқталуы осы жылдың соңына жоспарланған бола­тын. Алайда бас мердігердің жауапсыздығы мен заңнама нормаларын бұзуы салда­рынан қалалық әкімдік келісімшартты …

КӨПІРДЕ КЕМШІЛІК БОЛМАУЫ ТИІС Read More »

ТУРАШЫЛ ТҰЛҒА

Баяғы батыр бабаларымыз жауды жеңіп, Есіл бойына ел қондырғанда алғашқы қазығы қағылған қоныстардың бірі Есіл ауданындағы Өрнек ауылы. Аядай ғана елді мекендегі шыр етіп дүниеге келген перзенттерді еске алсақ ойымызға оралатыны – Ермек Құсайынов. Маңдайының соры бес елі екен оның: туа сала аштыққа тап болды, бала болып ойын қуа бастағанда соғыстың кесапатын көрді. Әкесі Құсайын …

ТУРАШЫЛ ТҰЛҒА Read More »

БІЛІМ САЛАСЫ ЖИ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Тың технологиялар дәуірінде білім беру саласын да күрделі өзгерістер күтіп тұр. Білім берудегі дәстүрлі ұстанымдар қайта қаралып,мектеп мұғалімдеріне жаңа міндеттер жүктелуде. Алдағы бірнеше жылда мектептерге ЖИ дендеп еніп, білім беру мен тәрбиенің жаңа тәсілдері қолданысқа енгізілмек. Бұл өзгерістердің бәрі – ата-аналар мен сала қызметкерлерінің қызығушылығын тудырып отырған тақырып. Облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова газет …

БІЛІМ САЛАСЫ ЖИ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ Read More »

ҚАЗ ӨСІРГЕН ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ

«Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай саяси ұйымның облыстық филиалы «Жаңажылдық қаз» фестивалін ұйымдастырды. Облыстық әкімдіктің қолдауымен өткен іс-шараға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Ауқымды мерекелік іс-шара фермерлік өнімдер, қолөнер бұйымдары мен тағамдар жәрмеңкесімен, сондай-ақ этно-фольклорлық ұжымдардың өнерімен ажарлана түсті. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Төренова жиналған қауымға бұл көктемде өткен «Auyl Fest. Қаз …

ҚАЗ ӨСІРГЕН ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ Read More »

«ПАРЫЗ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ

Астанада «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстары жалғаса беретінін айтты. «Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. …

«ПАРЫЗ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ Read More »

ЖАЛАҚЫСЫ АЗ, ЖҰМЫСЫ АУЫР

Жасанды интеллект, жаңа технологиялар, ақпа­раттың көптігі мен жылдамдығы үдеп бара жат­қан өмір ағысы балалардың жүйкесіне де салмақ түсіруде. Ертегі айтып беретін әжесі, сабақ оқуға көмектесетін ата-анасы, аулада доп тебісетін қатарласы жоқ балалар ес білген шағынан бастап жалғыздықта өмір сүруде. Ақыр соңында бұл олардың оқу үлгеріміне, зейініне, мектептегі қа­рым-қатынасына, тұлға болып қалыптасуына кері әсер ететіні анық. …

ЖАЛАҚЫСЫ АЗ, ЖҰМЫСЫ АУЫР Read More »

АЛАЯҚТАР АЙЫЛЫН ЖИМАЙ ТҰР

«Алло, сіздің есіміңіз Амангелді ме?». Өз атын бейта­ныс жанның аузынан естіген Амангелді ақсақал «Иә» не «Жоқ» деп жауап берерін білмей, үрейлі көзбен маңа­йын бір шолып өтті де, тұтқаны тастай салды. Арада сүт пісірімдей уақыт өткен жоқ, қалта телефоны тағы да бе­зектеп қоя берді. «Алло, сіз Амангелдісіз бе?» – деп сұра­ды тұтқаның арғы жағындағы жан. Ақсақал …

АЛАЯҚТАР АЙЫЛЫН ЖИМАЙ ТҰР Read More »

С. Сәдуақасов мақалалары

Алаш қайраткерлерінің осыдан бір ғасыр бұрын атқарған істері қазір өз жемісін беріп жатқандай, ал айтқан сөздері әлі өзектілігін жойған жоқ. Мәселен, сол кезде Омбыда оқып жүрген Смағұл Сәдуақасұлының ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру туралы идеясы қазір ауылдарды сақтап қалудың бір жолы ретінде ұсынылуда. Жаңа әрі әділетті Қазақстан құрып жатқан біздің билік Алаштың арда ұлының ескі мен …

С. Сәдуақасов мақалалары Read More »

ТЕРІСКЕЙДЕГІ ТЕАТР ТОЙЫ

Теріскей өңіріндегі қазақ өнерінің қасиетті қарашаңырағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ саз­ды-драма театрының шымылдығы алғаш түрілгелі бері 25 жыл өтіпті. Өнер ордасы­ның ширек ғасырлық тойына орай Қызыл­жарда бірқатар іс-ша­ра ұйымдастырылып, жұртшылық мерекелік кешке куә болды. Театр тойына жиналғандар ал­дымен руханият ордасына есімі берілген Сәбит Мұқановтың ру­хына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Qyzyljar Creative Center»-де …

ТЕРІСКЕЙДЕГІ ТЕАТР ТОЙЫ Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫ – АУЫЛДА

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің форумы өтті. Айтулы жиында Мемлекет басшысы елді мекендерді өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындап, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономика­лық дамуының маңызды мәселелеріне кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысы бұл жиынға еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері арнайы шақырылғанын атап өтті. – Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы …

ХАЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫ – АУЫЛДА Read More »

ЖЫР БӘЙГЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Биыл Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының дү­ниеге келгеніне 140 жыл толды. Туған күніне орай Қостанай облыстық халық шығармашы­лығы орталығы ұйымдастырған «Рухқа толы жалын жырлар» атты республикалық ақын­дар мүшайрасына еліміздің түкпір-түкпірінен 12 ақын қатысты. Сөз сайысында бақ сынаған ақындар Алаш арысының өнегелі өмірін, тағылымды тағдырын, бай шығармашылық мұрасын жырға қосып, Міржақып Дулатұлының өлең­дерін …

ЖЫР БӘЙГЕСІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ Read More »

СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТҚАН САПАР

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды. Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтің қолдауымен ұйымдастырылған бұл сапар — Қытайдың жетекші корпорацияларымен экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам. Бейжің қаласында осы елдің ең ірі мемлекеттік және жеке компанияларымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер жүргізіліп, жеті стратегиялық меморандумға қол қойылды. Сапар барысында …

СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТҚАН САПАР Read More »

КЕРІ КЕТКЕН КОМПАНИЯ

Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бері түрлі салаларда оң өзгерістер орын алуда. Жаңа заман талабына сай дамып келеді. Соның ішінде бір мекеме ғана өзінің ті­келей міндетін толық атқара алмай, кері кетіп бара жатқан сыңайлы. Ол – пошта. Еңбекақылары ең төмен қызметкерлер де осы салада. Қызмет сапасының сын көтермейтініне қара­мастан тасымалдау құнын өсіруден алдарына жан салар емес. …

КЕРІ КЕТКЕН КОМПАНИЯ Read More »

ОЙМАҚ АУЫЗ, ҚИҒАШ ҚАС

Басы ауырып, балтыры сыздаған адамның алғашқы маңдай тірері – дәрігер. Атақты Ибн Сина өмір сүрген дәуірден бүгінге дейін арқауы үзілмей жеткен кәдімгі классикалық медицинаның игілігін көрмеген жан кемде-кем. Алайда соңғы жылдары медицинада көптеген жаңа бағыттар пайда болуда. Солар­дың бірі – эстетикалық медицинаны таңдайтындар да бар. Эстетикалық медицина – адамның сыртқы келбетін жақсартып, жас көрінуіне, сондай-ақ …

ОЙМАҚ АУЫЗ, ҚИҒАШ ҚАС Read More »