«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

САЯБАҚ МАҢЫ МҰНТАЗДАЙ

Петропавлда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала басшысы Серік Мұхамедиев, депутаттар, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер және жастар қатысып, қалалық мәдениет және демалыс саябағын жинады. Қала тұрғындары да тазалық акциясынан қалыс қалмай, орталық көшелер мен үйлердің аулаларын қоқыстан тазартты. «Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстауға міндеттіміз. …

САЯБАҚ МАҢЫ МҰНТАЗДАЙ Read More »

СУБСИДИЯ ОРНЫНА – ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айта келіп, алда атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар – агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүйелі жүргізу, индустрияландыруды, жаңа технологияларды, озық техникаларды белсенді түрде енгізу, ауыл шаруашылығы ғылымын өркендету, экспорттық әлеуетін күшейту. Бүгінде пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау арқылы несиелеудің күрделі жүйесінен …

СУБСИДИЯ ОРНЫНА – ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ Read More »

АЖАЛДЫ ЖЕҢГЕН ҒАЛЫМ

Аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан ғұмыр. Шоқан Уәлихановтың өмірі қысқа болғанымен, жұмбақтары көп. Әсіресе туған жерден, туыс-туғаннан жырақта жан тапсыруы туралы түрлі пікірлер бар. Н.Погодин атындағы орыс драма театрында сахналанған «Шокан. Монолог шепотом» қойылымында көптеген сауалдарға жауап берілген. Өткен сенбі-жексенбі күндері спектакльдің премьерасы өтті. Қойылым басталар алдында театрдың екінші қабатындағы фойеде Сырымбеттегі Шоқан Уәлиханов …

АЖАЛДЫ ЖЕҢГЕН ҒАЛЫМ Read More »

АҚТАЛМАҒАН ҮМІТ

Жәлел Қизатов көшесінің бойында орналасқан көпқабатты 9 үйде тұратын отбасылардың басым көпшілігі – өзіміздің ағайындар. 2017 жылы «Нұр бала» деген атаумен 90 орынды бөбекжай-бақшаның есігі айқара ашылғанда тұрғындардың қуанышында шек болмады. Ашылу салтанатына қатысқанымызда қазақ бүлдіршіндерінің көптігін жақсы ырымға балап, атына заты сай ұлттық балабақша қатарының толығатынына көңілімізде титтей де күмән тумаған. Бірақ текке алданған …

АҚТАЛМАҒАН ҮМІТ Read More »

САҒЫНДЫРҒАН «ГАУҺАРТАС» Қызылжар төрін думанға бөледі

Биыл Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 25 жыл толды. Айтулы шараға орай Ақан сері атындағы облыстық филармонияда «Гауһартас» республикалық ұлттық өнер фестивалі өтті. – Бұл шараны өңіріміздің мәдени өміріндегі жарқын сәт десек те болады. Фестивальге республикамыздың түкпір- түкпірінен белгілі композиторларды, дирижерлерді арнайы шақырдық. Белгілі композитор, жерлесіміз Жоламан Тұрсынбаев өнердің қайнаған ордасы – …

САҒЫНДЫРҒАН «ГАУҺАРТАС» Қызылжар төрін думанға бөледі Read More »

КӨШЕЛЕР КҮЛ-ҚОҚЫСҚА ТОЛЫ

Петропавл қалалық Мәдениет үйінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада қоқыс шығару, қаланы абаттандыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысты.  – «Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ғана ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Қоршаған ортаның мұнтаздай таза болуы – халық денсаулығының кепілі. Былтыр жүзеге асырылған …

КӨШЕЛЕР КҮЛ-ҚОҚЫСҚА ТОЛЫ Read More »

ОЙЫН ОТҚА, ҚЫЗЫҚ ҚАЙҒЫҒА БАСТАМАСЫН

«Оралыңның барында ойна да күл» дейді қазақтың қара өлеңінде. Жауқазындай бүршік атқан жастық шақта өмірдің қызық-қуанышына кенеліп, көңіл сергіткен жақсы-ақ. Алайда қазіргі жастардың ойыны отқа, қызығы қайғыға бастап тұрған жоқ па? Уақытын көңілді өткізу үшін болашағына балта шауып, ертеңіне кесірін тигізіп жатқандар қаншама? Қас қарая қыз-жігіттердің көше кезіп, түнгі клуб жағалап кететіні қоғамды алаңдатып отыр. …

ОЙЫН ОТҚА, ҚЫЗЫҚ ҚАЙҒЫҒА БАСТАМАСЫН Read More »

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЫ АУҚЫМДЫ

Биыл облыста жол инфрақұрылымын жақсарту аясында 1,1 мың шақырым жол жөнделеді деп жоспарлануда. Атап айтқанда, 467 шақырым республикалық желі, 700 шақырым жергілікті жолдар және көше-жол желісі, соның ішінде 35 елді мекендегі 100 шақырым ішкі жол қамтылады. – Былтыр өңірде мың километрден астам жол жөнделіп, 91,3 млрд. теңге игерілді. Биылғы жұмыстардың 80 пайызы – орташа жөндеу. …

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЫ АУҚЫМДЫ Read More »

ҚҰС ӨСІРСЕҢ, ҚАЗ ӨСІР

Қызылжарда алғаш рет «Auyl Fest. Қаз шаруашылығы» атты бірінші халықаралық этномәдени фестивалі өтті. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры алаңында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Венгрия, Татарстан, Башқұртстан, Мари Элден келген және еліміздегі құс шаруашылығымен айналысатын мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің түрлі аспектілерін …

ҚҰС ӨСІРСЕҢ, ҚАЗ ӨСІР Read More »

ОТАНДЫҚ КИНОНЫҢ ОНКҮНДІГІ

Елімізде отандық киноны ілгерілету жұмыстары жалғасуда. Бұл – маңызды міндет, оның орындалуы қазақстандық кинематографияны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, әрі әрбір фильмге өз көрерменін табуға септеседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында киноиндустрияның дамуын ерекше атап өткен болатын. «Qyzyljar» креатив орталығында қазақ киносының күндері басталды. Басты мақсат – көпшілікті дарынды режиссерлермен және олардың …

ОТАНДЫҚ КИНОНЫҢ ОНКҮНДІГІ Read More »

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ КӨП

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік салаға ерекше назар аударды. Әсіресе ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуға басымдық берді. Президент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жекеменшік медицинаға пайдасын …

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ КӨП Read More »

ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАЛАЙ?

Дүниежүзінде жылыжай шаруашылығы бойынша ондаған жыл бойы көш бастап келе жатқан ел – Нидерланды. Бар аумағы Солтүстік Қазақстан облысының жартысына да жетпейтін мемлекеттегі жылыжайлардың көлемі 10 мың гектардан асады. Ал аумағы бойынша Нидерландыны 65 рет орап алатын Қазақстандағы жылыжай көлемі небәрі 1,3 мың гектар ғана. Еліміздің бір облысына да жетпейтін қарт құрлық төріндегі мемлекет ілгері …

ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАЛАЙ? Read More »

ЕҢ ӘДЕМІ ҚАЛА – ТАЗА ҚАЛА

Петропавлда биылғы алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараның мақсаты – қыстан кейін көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, ретке келтіру. Бұл сенбілік «Таза Қазақстан» жобасының аясында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Мұндай сенбіліктер үш ай бойы үздіксіз өткізіледі. Соның аясында көптеген абаттандыру іс-шарасын ұйымдастыру жоспарланған. Бұл жолғы сенбілікке қала тұрғындары, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік …

ЕҢ ӘДЕМІ ҚАЛА – ТАЗА ҚАЛА Read More »

ҮЙІ ЖОҚ, ЖАЛАҚЫСЫ МАРДЫМСЫЗ

Мәдениеті күшті елді жаулап алу, жаулап алған күннің өзінде уысында ұстап тұру қиын екенін түсініп, алдымен халықтың сүт бетіндегі қаймағы саналған ардақтыларын өлтірген сұрқия саясатты тарихтан жақсы білеміз. Қазір де мәдениеттегі мәселелері шешілмеген елдің айы оңынан туа қояды дегенге сену қиын. Мемлекеттің іргесін мықтап ұстап тұрған бұл салада маман тапшы. Орташа жалақының төмендігі жастардың келуіне …

ҮЙІ ЖОҚ, ЖАЛАҚЫСЫ МАРДЫМСЫЗ Read More »

ҚАУІП БҰЛТЫ СЕЙІЛДІ

Өңірде күн жылынғалы 24 автожолды су басты, қазір бұл учаскелердің басым бөлігінде жағдай жақсарған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Владимир Хутинаевтың айтуынша, қазіргі уақытта аудандық маңызы бар бірер жолды су басқан. – Уәлиханов ауданындағы Қаратал мен Бірлік ауылдарында энергетиктер мен департаменттің қызметкерлері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сілеті өзеніндегі су деңгейінің …

ҚАУІП БҰЛТЫ СЕЙІЛДІ Read More »

ТҮЙТКІЛІ КӨП КӨЛІК ТҰРАҒЫ

Қаламыздағы көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласындағы көліктердің ретсіз шоғырлануы тұрғындарға қолайсыздықтар тудырып отыр. Автокөліктер көп жағдайларда балаларға арналған ойын алаңдарына, көгал- гүлзарларға, тұрғын үйлердің кіреберістеріне, жолдың көлік жүретін бөлігіне және тротуарларға қойылып жатады. Тұрғындар көлік тұрағына қойылған қоршаулардың да емін-еркін жүріп тұруға кедергі келтіретінін айтуда. Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген болатын. Мемлекет басшысы соңғы …

ТҮЙТКІЛІ КӨП КӨЛІК ТҰРАҒЫ Read More »

СЕН КЕЛДІҢ ДЕ ЖЕРДІҢ ЖҮЗІН ЖАЙНАТТЫҢ!

Табиғат жаңарып, күннің шуағы айналаны нұрға бөлеп, жер бусанып жатқан шақта дүйім қазақ Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтеді. Мыңдаған жылдық тарихы бар ұлық мереке көшпенділер үшін жаңа жылдың басы саналған. Егемендік алған тұста қайта жанданған Наурыз мерекесі өзінің халықтық сипатын енді тауып келе жатқандай. Осымен екінші жыл қатарынан жұртшылық Наурызнама аясында он …

СЕН КЕЛДІҢ ДЕ ЖЕРДІҢ ЖҮЗІН ЖАЙНАТТЫҢ! Read More »

БАҒДАРЫ АЙҚЫН АЛТЫ ЖЫЛ: ҚАЗАҚСТАН ОРНЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тізгінін қолына алғанына алты жыл толды. Осы уақыт ішінде Қазақстан коронавирус пандемиясынан бастап жаһандық геосаяси шиеленістерге дейінгі көптеген сын-қатерге қарамастан экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге жетті. 2024 жылдың соңында ЖІӨ 288 миллиард долларды құрады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 14 мың доллардан асты. Қазақстан табысы жоғары елдер тобына едәуір жақындады. Мемлекет басшысы мұнайдан …

БАҒДАРЫ АЙҚЫН АЛТЫ ЖЫЛ: ҚАЗАҚСТАН ОРНЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА Read More »

СЕРГЕЕВ СУ ҚОЙМАСЫ ТОЛДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тимирязев және Шал ақын аудандарына барып, тасқынға дайындық жұмысын көрді. Іссапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды, агроқұрылымдарды аралады. Өңір басшысы Наурызнама онкүндігі аясында «Жаңару күні» мерекесін Степное ауылының тұрғындарымен бірге атап өтті. Ғауез Торсанұлы тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға бақыт пен ырыс тіледі. Биыл – Жеңістің 80 жылдығы. Осыған орай тыл ардагері …

СЕРГЕЕВ СУ ҚОЙМАСЫ ТОЛДЫ Read More »

АСҚАҚТАҒАН ӘН, ШАЛҚЫҒАН ЖЫР

Қазақ айтысы жаңа биікке көтеріліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген өткен ғасырдың 80-ші жылдары өңірлер арасында командалық айтыс ұйымдастырылып, талай жыр жүйріктері аламанның шаңын көтеріп, ұлттық өнердің тұғырын биіктете түскен еді. Осы оң бастама бүгін де жалғасын тауып, Қазақстанның 20 аймағының өнер майталмандары бір-бірімен сынға түсуде. Былтыр бастау алған ауқымды жоба ережесіне сай командалар өзара сайысып, …

АСҚАҚТАҒАН ӘН, ШАЛҚЫҒАН ЖЫР Read More »