«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

“КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕН АСҚАН ҚҰРМЕТ ЖОҚ”

Театр – тәрбие мектебі, тәлім, рухани азық алар орда, еңбектің көркемі, көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ, идеологиялық құрал. Ондағы әрбір әртістің болмыс-бітімі мен қабілет-қарымы осы үлкен еңбекке арқау. Бүгінгі сұқбатымыздың кейіпкері – Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртісі, көрерменнің көзайымына айналған актер Асылхан Разиев. – Асылхан Талғатұлы, өңіріміз­дің өнер сүйер қауымы, …

“КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕН АСҚАН ҚҰРМЕТ ЖОҚ” Read More »

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ ЗӘРУ

Облыс орталығына жақын орналасқан Мамлют ауданында 11 ауылдық округ бар. Олардың құрамындағы 38 елді мекеннің 22-сі экономикалық жағынан әлеуетті саналса, 16-сы “болашағы бұлдыр” санатына енгізілген. Тұрғындардың саны 17 мыңға жуық. Ауданға ат басын тірегенімізде қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен қыж-қыж қайнап жататын күнделікті тіршіліктің бағдаршам-штабы іспеттес әкімдікке соқтық. Аудан әкімі Владислав Лукиннің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, …

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ ЗӘРУ Read More »

Мағжанға араша түскендер

Мағжантанудың ұзын көшінің басында Алаш көсемі Әлихан Бө­кейхан тұрғанын айту парыз. “Осын­дай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған бес миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады”, – деп тебіренеді ол. Жиырма жастағы ақынға Әлекең 1913 жылы-ақ осындай баға берген. Мағжанның ұстазы – Міржақып Дулатов. Мағжан “Оян, қазақты” қолжазба күйінде көрген. Осы Қы­зылжарда туған тұңғыш қазақ …

Мағжанға араша түскендер Read More »

Жеті шейіт

Шамамен 1830 жылдары қазіргі Айыртау ауданындағы Шолақөзек ауы­лынан екі шақырымдай қашық­тағы Түйебас деген жерде орын ал­ған жеті шейіт (шаһид) оқиғасы жай­лы білетіндер аз. Ол жерде жұрт “жеті шейіт” деп атап кеткен үлкен төре қорымы бар. Бұл оқиға Кенесары Қасымұлы көтерілісінен бұрынырақ, яғни Саржан Қасымұлының көтері­лісінің тұсында болған. Тарихқа көз салсақ, Сырым Дат­ұлы көтерілісінен кейінгі ірі …

Жеті шейіт Read More »

“Тау ішінде” әні кімге арналған?

Қазақтың біртуар ұлы, ұлттық жаз­ба әдебиетіміздің негізін қалаушы­лар­дың бірі, ақын-жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сей­фул­линнің халық арасында кең тара­ған, сүйікті әндерінің бірі – “Тау ішін­де”. Әннің қалай дүниеге келгені, кім­ге арналғаны туралы көп айтылып, көп жазылып жүр. Бірақ олардың бір­де-бірінде нақты дәлел жоқ. Сондық­тан мен әннің нақты тарихын оқыр­ман қауымға жеткізуді ұйғардым. Бұл материалды …

“Тау ішінде” әні кімге арналған? Read More »

ЖҮРЕКТЕГІ АЙЫҚПАС ЖАРА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында еліміздің ең басты құндылы­ғы еге­­мендік екенін айрықша атап көрсетіп, тарихымыздың ақ­таңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келе жат­қанын, бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауап­кер­шілікпен қарау қажеттігін, жалпы тарихи зерт­теулерді ұраншылдық пен даңғазасыз жүргізудің дұ­рыстығын еске сал­ды. Өткенімізге көз жүгіртсек, әр буынның белгілі бір сынақ­ты бастан өткеретіні …

ЖҮРЕКТЕГІ АЙЫҚПАС ЖАРА Read More »

Тәуелсіздіктен қымбат қазына жоқ

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған Тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көте­ре­тін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. 1991 жылы азаттықты аңсаған елдің сан ғасырлық мақсаты орындалды. “Қазақстан Респуб­ли­касының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң қабылданды. Елдіктің, мемлекеттіліктің барлық нышандары, белгілері орнықты. Кейбір сарапшылар “Тәуелсіздік бізге Алланың берген сыйы”, “Егемендік оңай уысқа түсті” дегенді айтып …

Тәуелсіздіктен қымбат қазына жоқ Read More »

БАСЫЛЫМ ОҚЫРМАНЫМЕН БАЙ

Оқырман – газеттің негізгі тірегі, қолдаушысы, ал газет, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, сол халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Өз оқырмандарымен жиі-жиі кездесіп, олардың ой-пікірлерін біліп отырған басылымның ұтары мол. “Soltüstık Qazaqstan” газетінің дәстүрінде бар, кейінгі жылдары сәл ұмыт қалған осы үрдіс қазір қайта жанданғандай. Қаракөздеріміз көбірек шоғырланған Уәлиханов, Ақжар, Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы …

БАСЫЛЫМ ОҚЫРМАНЫМЕН БАЙ Read More »