«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саясат

Татулықтың туы биік

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы мүшелерімен кездесті. Жергілікті жерде этносаралық қатынастарды нығайту мақсатымен құрылған 29 қоғамдық бірлестік өздеріне артылған сенімді ақтап отыр. Бүгінгі таңда 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында достық пен татулықта өмір сүріп, еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Түрі бөлек болса да, тілегі бір жандардың басын қосқан Қазақстан халқы …

Татулықтың туы биік Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ ҚЫМБАТ

Жақында өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы – Жаңа Қазақстан құру мақсатындағы тағы бір оң қадам. Бұл саяси науқан бұрынғылардан өзгерек өткені баршаға мәлім. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші шақырылымдағы Мәжілістің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде: “Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық …

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІ ҚЫМБАТ Read More »

Қазақша сөйлеу — мәртебе

Мемлекеттік тілдің қолданыс ая­сын кеңейту мәселесі егемендік ал­ғалы бір сәтке де күн тәртібінен түс­кен емес. Өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін үйрету үшін көптеген оқыту орталықтары мен үйірмелер ашылған. Бүгінде бұл іске өз үлестерін қо­суды мақсат тұтқан жекелеген ұйым­дардың да қатары артуда. “Amanat” партиясының “Жастар рухы” жастар қанаты жүзеге асырып отырған “Сөйле” жобасының берері мол. “Сөйле” …

Қазақша сөйлеу — мәртебе Read More »

Жүйелі өзгерістердің жемісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тілей отырып, жұртшылықтың шынайы қолдауына ие болған аса маңызды саяси жаңғыру бағдарламалары дәйекті түрде жалғасатынын қадап айтты. Байыптап қарасақ, соңғы бір жылдың ішінде көп жұмыс тындырылғанын аңғару қиын емес. Ата Заңымызға ауқымды реформа …

Жүйелі өзгерістердің жемісі Read More »

Жаңа құрамға жүктелген міндет жоғары

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясын аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев ашты. Мажоритарлық-пропорциналдық жүйемен өткен сайлау нәтижелері бойынша “Amanat”, “Ауыл”, “Ақ жол” және “Respublika” партияларынан 15 және бірмандаттық сайлау жүйесі арқылы 15 адам облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Мандатқа ие болған халық қалаулылары таныстырылып, оларға арнайы куәлік пен …

Жаңа құрамға жүктелген міндет жоғары Read More »

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын тіркеу туралы хабар

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 28 наурызда облыстық мәслихат депу­тат­тары ретінде тіркеді: “AMANAT” партиясының тізімі бойынша: Ербахыт Амантай, Геннадий Геннадьевич Зенчен­ко, Гюлага Маис Оглы Илдырымов, Мақсат Мадиярұлы Құдратул­лаев, Есжан Қабиұлы Оразалин, Әсем Қалашбайқызы Рахметова, Досан Шияпұлы Садықов, Галина Петровна Семёнова, Владимир Владимирович Эр­ман. “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясының тізімі бойынша: 1. Бейбіт Айбасұлы Сыздықов, …

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын тіркеу туралы хабар Read More »

Ауылдағы айшықты өзгерістер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау қажеттігін, жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыруға бағдарланатынын атап көрсетті. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен …

Ауылдағы айшықты өзгерістер Read More »

Қолдау тапқан жобалар

Елді мекендердегі өзекті мәселелердің шешіліп, ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарына жүктелген міндет үлкен. Аталған ұйымдар аудан-ауылдардағы оң өзгерістерге бастамашы болып, жергілікті бюджетке мониторинг жүргізеді. Осылайша шешім қабылдауда тұрғындар арасынан шыққан белсенділердің де пікірі ескеріледі. Мұның бәрі 2021 жылы қабылданған жергілікті өзін-өзі басқарудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мүмкін болып отыр. Бұл …

Қолдау тапқан жобалар Read More »

Сайлаушылар таңдауы – Еркебұлан Мәмбетов

Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Өңірлерден алынған жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12035578 адам енгізіліп, барлық сайлау учаскелеріне 6366441 ел азаматы келіп, өз таңдауын жасаған. Облыстар мен республикалық ма­ңызы бар қалалардың сайлау учаскелері берген алдын ала нә­тижелер бойынша Парламент Мә­жі­лі­сіне 6 партия өтті. Атап …

Сайлаушылар таңдауы – Еркебұлан Мәмбетов Read More »

МӘЖІЛІСКЕ АЛТЫ ПАРТИЯ ӨТПЕК

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетень алғанын хабарлады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сайлаушылардың Абай облысы бойынша – 57,2 пайызы, Ақмола облысы бойынша – …

МӘЖІЛІСКЕ АЛТЫ ПАРТИЯ ӨТПЕК Read More »

ТАҢДАУЫМЫЗ — ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Үкімет алдына экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, қоршаған ортаны сақтау ісін дәріптеу талаптарын қойып, “Бірге – таза Қазақстан” жобасының мәнін ашып көрсетті. Парламентке Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын талқылап, қабылдау жүктелді. Жолдауда экология, ауа тазалығы жайына ерекше көңіл бөлініп, осыған орай мейлінше ластанған 10 қаланы ортамерзімді кезеңде …

ТАҢДАУЫМЫЗ — ТАЗА ҚАЗАҚСТАН Read More »

Бақылауды күшейту қажет

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Бірінші мәселе бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанар Мұсақұлованың есебі тыңдалды. Ол веб-портал деректеріне сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге 151,8 млрд. теңге бағытталғанын жеткізді. Оның ішінде 71,3 млрд. теңгесі ауыспалы жобаға жататындықтан, мемлекеттік сатып алуды өткізу талап етілмейді. Бүгінгі күні 93,7 млрд. теңгеге …

Бақылауды күшейту қажет Read More »

ӨҢІР МҮДДЕСІН ҚОРҒАДЫҚ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! 2023 жылдың қаңтар айында менің Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттігім тоқтатылды. Осыған орай мен сайлаушыларымды халық қалаулысы ретінде бес жылдан астам уақытта атқарған жұмыстарымнан хабардар етуді жөн көрдім. Парламент Сенатының мәртебесін есепке алсақ, жұмыс барысында бірінші кезекте заң шығару қызметіне, әсіресе экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелеріне басымдық берілді. Менің тікелей …

ӨҢІР МҮДДЕСІН ҚОРҒАДЫҚ Read More »

Халықаралық бақылаушыға жүктелетін міндет көп

19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау процесіне қатысатын белсенді топтың бірі – бақылаушылар. Шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген бұл топ Қазақстанның әр өңірінде өз өкілеттіктері шеңберінде жұмыстар атқаруда. Олардың ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) жанындағы Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның (ДИАҚБ) бақылау миссиясының орны …

Халықаралық бақылаушыға жүктелетін міндет көп Read More »

Мал мен жанның амандығы үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жаңа Қазақстанға анықтама бере келіп, барлық саланы түбегейлі жаңғыртуға кіріскенімізді мәлімдеді. Оның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді байланысы негізінде қаланатынын, бұл елімізді дәйекті түрде ілгері дамытуды және азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз ететінін ерекше атап көрсетті. “Мақсатқа жету үшін мемлекеттік аппаратты жаңарту немесе кадрлық ауыс-түйіс жасау жеткіліксіз. Өзгерісті …

Мал мен жанның амандығы үшін Read More »

Бағаны өсіру – тығырықтан шығар жол емес

Өңірімізде жолдың сапасы да, жолаушыға жасалған жағдай да көңіл көншітпейді. Оны ауылдағы да, қаладағы да тұрғындардың құзырлы органдарға қарата айтылған арыз-шағымының толастамай тұрғанынан аңғаруға болады. Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында осы мәселе қызу талқыланды. Облыста қоғамдық көліктер 123 бағыт бойынша қатынайды. Оның 8-і өңіраралық, 54-і облысішілік, 30-ы ауданішілік, 11-і қала маңындағы жақын ауылдарды қамтыса, 19-ы …

Бағаны өсіру – тығырықтан шығар жол емес Read More »

БОС ЛАУАЗЫМДАР АЗАЙДЫ

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Елена Степаненко өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекетік қызмет саласындағы базалық көрсеткіштер мен атқарылып жатқан реформалардың негізгі бағыттары туралы баяндап берді. Ведомство мүдделі органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейлерін арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарып келеді. Бүгінде өңіріміздегі мемлекеттік қызмет жүйесінде 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы …

БОС ЛАУАЗЫМДАР АЗАЙДЫ Read More »

Саяси науқанның талаптары түсіндірілді

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге арналған көшпелі семинар өтті. Оның жұмысына Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, комиссия мүшесі Сабила Мұстафина, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аудандық және қалалық әкімдік аппараттарының басшылары, электораттық оқытудың тренерлері, саяси партиялардың …

Саяси науқанның талаптары түсіндірілді Read More »

Конституциялық соттың мәртебесі айрықша

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде Конституциялық сот институты біршама уақыт жұмыс істеген. 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң Конституциялық сотты Ата Заңымызды сот арқылы қорғаудың жоғары органы ретінде бекітіп, 1992 жылы 6 маусымда қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы” және “Конституциялық сот ісін жүргізу туралы” Заңдардан кейін өз жұмысын бастаған болатын. 1995 …

Конституциялық соттың мәртебесі айрықша Read More »

Саяси бәсекеге жол ашық

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметке кірісісімен саяси реформаларды батыл әрі жедел жүргізудің іргелі міндеттерін бірден қолға алды. “Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды, “Саяси партиялар туралы”, “Сайлау туралы”, “Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы” заңдарға өзгерістер енгізілді. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу …

Саяси бәсекеге жол ашық Read More »