«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сұхбат

Алтын ШАЯХМЕТОВА: “Елдің байлығы да, берекесі де – ауылда”

– Алтын Сейтахметқызы, біздің еліміз – аграрлы мемле­кет. Бұл дегеніміз – байлығымыз да, біліміміз де ауыл­да жатыр деген сөз. Сіздің ғылымның бұл саласына келуі­ңіз­ге алтын тамыр – ауылда туып-өскеніңіз өз септігін тигіз­ген болар? – Мен қарапайым отбасында дүниеге келгенмін. Бала жасым­нан бақшаға картоп пен басқа да көкөніс дақылдарын отырғызуға, оларды күтіп-баптауға әуес бол­дым. Уақыт өте …

Алтын ШАЯХМЕТОВА: “Елдің байлығы да, берекесі де – ауылда” Read More »

КӨПСАЙЫСҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ

Спорттың бірнеше түрін біріктірген ерекше жарыс түрі – көпсайыс. Жүгіру мен жүзу спортшының жылдамдығын арттырса, граната лақтыру мен нысана көздеу дәлдікті шыңдайтыны белгілі. Жеке спорт ретінде әрқайсысы бөлек, тіпті кейбірі олимпиадалық бағдарламаға енгізілген. Десе де, соңғы жылдары олар біртұтас спорт ретінде қарастырылып, түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.  Көпсайыстан облыстық команда да жасақталған. Бірнеше спорттың басын қосқан көпсайыс …

КӨПСАЙЫСҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ Read More »

МҰРАЖАЙ – ТАРИХ ҚОЙМАСЫ

Теріскей өңірінің тарихымен танысып, өмір өткелдерінен сыр ұққысы келетін әрбір адам қаламыздағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне ат басын тірейтіні анық. Мәдениет ошағының ашылғанына биыл 100 жыл толды. Осы мерейтойға орай және   18 мамыр – Халықаралық музей күніне байланысты руханият ордасының директоры Гүлнар Мұқышевамен әңгімелескен едік. – Гүлнар Ботанқызы, алдымен бір ға­сырлық жолдан өткен музей­дің тарихына тоқталып …

МҰРАЖАЙ – ТАРИХ ҚОЙМАСЫ Read More »

“ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ТАЛҚЫЛАУ — ӨЗ МӘСЕЛЕМІЗДІ ҰМЫТТЫРАДЫ”

Бүгінгі қоғамның келбеті жайлы сөз қозғалғанда түрлі пікірлер айтылады. Сынаушылар да бар, үмітпен қараушылар да көп. Себебі қазіргідей аумалы-төкпелі заманның құндылығы қым-қиғаш. Осының әсерінен болар біздің қоғамды түрлі мәселелер толғандырады. Оларға жауап табу да қиын. Өңірімізге белгілі клиникалық психолог, “Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығының басшысы Резеда Баймұхаметовамен жанымызды ауыртқан кейбір жайттар жайлы сұхбаттасқан едік. …

“ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ТАЛҚЫЛАУ — ӨЗ МӘСЕЛЕМІЗДІ ҰМЫТТЫРАДЫ” Read More »

“Елін сүйген нар тұлға еді”

Өңірімізде жыр алыбы Жамбылдың атымен аталатын ауданды атақты Қожаберген жырау, сөз зергерлері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов туғаннан болар, жергілікті жұртшылық “Ұлылар мекені” деп қастерлейді. Сондай киелі топы­рақта дүниеге келген ардақты азамат, көзі тірісінде 20-ға жуық кітап жазған рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтің туғанына 12 мамыр күні 70 жыл толады. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы зайыбы …

“Елін сүйген нар тұлға еді” Read More »

“Екінші орын — мен үшін жеңіспен тең”

Жақында Петропавлда қазақ күресінен “Қызылжар барысы” облыстық турнирі өткен болатын. Дәстүрлі жарысқа өңір аудандары мен облыс орталығынан барлығы 32 балуан қа­тысты. Сайыс ережесіне сәйкес, бұл сынның финалына шыққан екі спорт­шы елордада ұйым­дастырылатын “Қазақстан барысы” додасында өңір намысын қорғауға мүмкіндік ала­­ды. Биыл бәсекенің республикалық кезеңіне қатысу жолдамасын Ал­тын­бек Аусағитов пен Әділет Мырзаш иеленді. Соңғысы алғаш рет …

“Екінші орын — мен үшін жеңіспен тең” Read More »

Спартак РАМАЗАНОВ: “Орыс театрында ұлттық болмысымызға сай қойылымдар көп сахналануы керек”

– Театр сыншысы, марқұм Әшірбек Сығай бір сұхбатында: «Сахнада, экранда кілең шіңкілдек, ұсақ актерлер көбейді. Екі иығына екі кісі мінгендей фактура жоқ. Кескін келбеті келіскен кермиықтарға зәруміз. Майда тартып барамыз. Шіңкілдеп, елпілдеп кеттік», –  деп ашынады. Мұның себебі неде? Шығар жолы қайсы? – Бұл сауалға  жауап бермес бұрын қоғамдағы жастарға бір сәт көз жүгірткеніміз жөн …

Спартак РАМАЗАНОВ: “Орыс театрында ұлттық болмысымызға сай қойылымдар көп сахналануы керек” Read More »

Жекпе-жек — батылдардың спорты

Соңғы жылдары елімізде аралас жекпе-жек спорты қанатын кеңге жайып келеді. Сөзімізге отандық файтерлердің халықаралық аренада атой салып, “М-1” және “UFC” сынды турнирлерде жеңіске жетулері дәлел. Петропавлдағы “Қызылжар” спорт клубының бапкерлері отандасымыз Шавкат Рахмонов сияқты атақты спортшы тәрбиелеу үшін барын салып жұмыс істеуде. Клубтың басшысы әрі бапкері Жалғас Тортуловпен сұхбатта осы және өзге де жайттар туралы …

Жекпе-жек — батылдардың спорты Read More »

“Жастар жарыс сайын шыңдалады”

Соңғы жылдары теріскейлік бозкілем шеберлері ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүр. Әсіресе қазақ күресінен жауырыны жер иіскемей, әлемдік аренада жүлде иеленген саңлақтарымыз бар. Грек-рим және еркін күресте де қор­жынымыз бос емес. Ал самбо спортындағы жағдай қалай? Бұл сұрақтардың жауа­бын күрестің осы түрінен облыстың аға бапкері Виктор Вахриннен сұрап білдік. – Виктор Викторович, өңі­рі­міздің спортшылары, со­ның …

“Жастар жарыс сайын шыңдалады” Read More »

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ: “ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТ…”

– Хамзат Қажымұратұлы, мұсылмандар үшін қасиетті са­налатын Рамазан айының бас­талуымен құттықтаймын! Әң­гімеміздің әлқиссасын осы та­қырып төңірегінде бастасақ. Оразаны тамақтан ғана тыйы­лу деп түсінетіндер көп. Неге? – Ораза араб тілінде “саум” деп аталады. Саум сөзінің тілдік ма­ғынасы барлық нәрседен ты­йылу деген ұғымды берсе, ша­ри­ғаттағы мағынасы – таң атқан­нан күн батқанға дейін ораза ниеті­мен ішіп-жеуден тыйылу де­генді …

Хамзат ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ: “ДІН – ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАСИЕТ…” Read More »

Жанар ТАЛАСПАЕВА: “Жаны сұлу әйел қартаймайды”

– Жанар Серкешқызы, ұлы Абай атамыз “Адамның адам­гер­шілігі жақсы ұстаздан бола­ды” депті. Сіз – талай шәкірттің жүрегіне білім шырағын жа­ғып, қазақ әдебиетінің тереңіне бойлатып келе жатқан жансыз. Данышпан айтқан жақсы ұстаз деген кім? – Адам ұстаздыққа жүрек қа­лауымен бет бұруы керек. Сонда ғана одан жақсы мұғалім шыға­ды. Менің ойымша, ұстаз – қо­ғам­дағы ең ұлағатты мамандық. …

Жанар ТАЛАСПАЕВА: “Жаны сұлу әйел қартаймайды” Read More »

АДАМ САУДАСЫ – КӨЛЕҢКЕЛІ БИЗНЕСТІҢ КӨЗІ

Өңірде былтыр адам саудасына қатысты 11 дерек тіркелді. Оның басым бөлігі – жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлыққа қатысты. Ал екі жағдайда 40 жастағы әйел бойжеткенді басыбайлы сатпақ болған. Неліктен қылмыстың бұл түрін сотқа дейін жеткізу қиын? Кімдер “қармаққа” түседі? Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев …

АДАМ САУДАСЫ – КӨЛЕҢКЕЛІ БИЗНЕСТІҢ КӨЗІ Read More »

“АРЗАНҚОЛ ӘНДЕР АҚСҮЙЕК ӨНЕРДІҢ ҚҰНЫН ТҮСІРЕДІ”

Қызылжар өңірі өнерімен елді тамсантып, көрерменді аузына қаратқан өнерпаздардан кенде емес. Түрлі додаларда топтан озып, бәйге алып жүрген дарынды жастар да бар. Со­лардың бірі – Махамбетәлі Әбілда. Талапты жас бірнеше жылдың ішінде “X Factor”, “Qazaqstan дауысы” сынды мега жобаларда бақ сынап, көзге түсті. Өнерге деген көзқарасы жаңашыл, ойы еркін, болмысы бөлек әншімен болған сұхбатты назарларыңызға …

“АРЗАНҚОЛ ӘНДЕР АҚСҮЙЕК ӨНЕРДІҢ ҚҰНЫН ТҮСІРЕДІ” Read More »

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚОЛДАУ

Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, қаржы көзін тарту­дың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде тиісті тапсырмалар беріп келеді. Әділ және бәсекелі эко­номика қалыптастыру үшін заңдылық сақталуы тиіс. Кейінгі жылдары бұл бағыттағы жұмыстар­дың құқықтық тұрғыдан қорғалуына ерекше мән берілуі – осының айғағы. Инвестициялық жоба­лар­ды қорғауда прокуратураның жаңа міндеттерін білу үшін облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттармен әңгімелестік. …

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОРҒАУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ҚОЛДАУ Read More »

Зарқын ТАЙШЫБАЙ: “ЖУРНАЛИСТИКА – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ”

– Шәкірт тәрбиелеу, соның ішінде болашақ журналистерді оқыту – ешқандай атақ пен ақ­ша­ға айырбастамайтын аяулы ең­бек. Ғұмырымды осы шаруаға ар­нағаным үшін бақыттымын. Біз­дің кезімізде мектепте қабырға газеті деген болатын. Сегізінші сы­ныптан бастап үш жыл қа­быр­ға газетінің редакторы бол­дым. Әрине, мұғалімдердің кө­ме­гімен. Мектеп бітіргеннен ке­йін бір жыл колхозда трактор жүр­гіздім, келесі жылы он жеті жа­сым­да аудандық …

Зарқын ТАЙШЫБАЙ: “ЖУРНАЛИСТИКА – МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ” Read More »

Жомарт ОМАРОВ: “Өз ісіңді сүйіп атқарғаннан асқан бақыт жоқ”

– Жомарт Жақсылықұлы, сіздің есіміңіз өңір жұртшылы­ғына жақсы таныс. Жерді несі­бе көзіне айналдырған диқан­сыз. Бұл саланы таңдауыңыз­дың сыры неде? – Диқан боламын деп еш ой­ламаған едім. Бұл кәсіпті тағдыр­дың сыйы деп білемін. Әкем Жақ­сылық – жер төсін емген шаруа адамы. Еңбек Қызыл Ту орденін иеленген, адал еңбекті өмірінің мә­ніне айналдырған. Келмеске кет­кен кеңес өкіметі құрамында …

Жомарт ОМАРОВ: “Өз ісіңді сүйіп атқарғаннан асқан бақыт жоқ” Read More »

“МЕН ӨЗІМДІ БАТЫРМЫН ДЕП ЕСЕПТЕМЕЙМІН”

Ербол Отарбаевтың 2010 жылы Ақтаудағы түзеу мекемесіндегі қарулы қақтығыс кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі көпке мәлім. Содан бері он төрт жылдай уақыт өтті. Батырлық пен жанқиярлықтың үлгісі бола білген сол кездегі жас сарбаз қазір – офицер. Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында магистратурада білім алып жатқан Ербол Отарбаевпен әңгімелесудің сәті түсті. – Ербол Есілбайұлы, Отан алдындағы әскери борышы­ңыз­ды …

“МЕН ӨЗІМДІ БАТЫРМЫН ДЕП ЕСЕПТЕМЕЙМІН” Read More »

Қайырлы ҒАФУРОВ: “СҰРАП АЛҒАН АТАҚТАН АБЫРОЙЫҢ АРТПАЙДЫ”

– Қызылжарлық өнерсүйер қауым сізді алдымен айтыскер ақын ретінде таныды, кейін әншілігіңіз бен күйшілігіңізді көрді. Соңғы жылдары дирижерлік етіп жүрсіз. Жергілікті өнер колледжінде ұстазсыз. Диплом бойынша қай саланың маманысыз өзі? – Жалпы мен өнерлі отбасынан шыққанмын. Мектепке бармай тұрып, яғни, бес жасымнан бастап домбыраны жаныма серік еттім. Ата-әжемнің қолында өстім. Мектеп бітірген соң Көкшетау қаласындағы …

Қайырлы ҒАФУРОВ: “СҰРАП АЛҒАН АТАҚТАН АБЫРОЙЫҢ АРТПАЙДЫ” Read More »

Болат ҚОЖАХМЕТОВ: “АҚЫН АМАН БОЛСЫН ДЕСЕК, АРДАҚТАЙ БІЛЕЙІК!”

– Болат Қожахметұлы, сізді Қызылжар жұртшылығы ақын әрі журналист ретінде жақсы та­ниды. Бірнеше кітаптың авто­ры­­сыз. Жырларыңыздың бас­ты тақырыбы – адам өмірі, қа­ра­пайым еңбек адамдарының тыныс-тіршілігі. Оқыған жан­ды терең мазмұнымен тұңғиы­ғына тартады. Өткен жылы жа­ңа өлеңдеріңіз топтасты­рыл­ған қос жинағыңыз жарық көр­ді. Өзіңізді, жазған дүниеле­рі­ңіз­­ді жарнамалай бермейсіз? Неге? – Әлекедей жаланған жұлы­мыр ақындардың бірі болып шық­пағаныма – …

Болат ҚОЖАХМЕТОВ: “АҚЫН АМАН БОЛСЫН ДЕСЕК, АРДАҚТАЙ БІЛЕЙІК!” Read More »

Дәстен БАЙМҰҚАНОВ: “АРТЫНДА ЖОҚТАУШЫСЫ БАР ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДАҢҚЫ АСПАНДАП ТҰР”

– Дәстен Абылайұлы, сізді өңір жұртшылығы руханият жа­нашыры, өлкетанушы ретінде жақсы таниды. Абай атамыз айтқандай, “көңілдің кейбір сәт­терін” қағаз бетіне, нотаға түсіруді сүйікті ісіңізге айнал­дыр­ғансыз. Жуырда 66 жас­тың биігіне көтерілдіңіз. Уа­қыт­тың таразысына салып қа­ра­ғанда аз ғұмыр емес. Осы жа­сыңыздың биігінде тұрып, өт­кен өміріңізге көз жібергенде қан­дай сезімде боласыз? – Алланың пендесіне өлшеп берген өмірінің әр …

Дәстен БАЙМҰҚАНОВ: “АРТЫНДА ЖОҚТАУШЫСЫ БАР ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ДАҢҚЫ АСПАНДАП ТҰР” Read More »