«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сұхбат

ӨНЕР – АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Үстіміздегі жылдың шілде айында Грузия мемлекетінің Озургетти қаласында Нодар Думбадзе атындағы IV халықаралық театр фестивалі өткен болатын. Халықаралық шараға Қазақстаннан екі, атап айтқанда, Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры мен Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы қатысқан болатын. Қос театр төрт аталым бойынша марапатталып, елге үлкен мереймен оралды. Бұл сапардың …

ӨНЕР – АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ Read More »

Ұлттық құрамада ойнау — абырой

Футболдан ұлттық құрама тізгінін Магомед Адиев ұстағалы бері қазақстандық аяқдопшылар халықаралық аренада жақсы ойын өрнегімен көзге түсуде. Бұған Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі матчтар дәлел. Құрама сапына биыл жергілікті “Қызылжар” командасының қорғаушысы Еркін Тапалов шақырту алды. Жақында футболшымен кездесіп, команданың соңғы кездегі жетістіктері туралы әңгімелестік. – Биыл бас бапкер Магомед Адиев шақырып, ұлттық құрама­ға алындыңыз. Бұл …

Ұлттық құрамада ойнау — абырой Read More »

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ

Парламент Мәжілісі депутаттары арасында  белсенділігімен көзге түсіп жүрген халық қалаулыларының бірі – Еркебұлан Мәмбетов. Жерлесіміз туған жер төсіне келген жұмыс сапары кезінде өндіріс орындарын аралап, сайлаушылармен кездесуді қалыпты дәстүрге айналдырған.  Жақында халық қалаулысымен қысқаша сұхбаттасудың сәті түсті. – Еркебұлан Нұрмағанбетұлы, ауылдағы ағайынды көп нәрсе толғандырады.  Күнделікті тіршіліктің қамынан бөлек, су, жол, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту …

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ Read More »

ЖОЛ САЛУ – ЖАУАПТЫ ІС

Өңірде биыл 705 км жолды жөнге келтіру міндеті тұр. Оның 110 шақырымы – республикалық маңызы бар, қалғаны – жергілікті жолдар. Бұл мақсатқа 40 млрд. теңге бөлінген. Қыруар қаражат жұмсалып салынған жолдың сапасын “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өңірлік филиалы бақылауда ұстайды. Еркен Әбілмәжінов – аталған орталықтың жылжымалы жол зертханасының инженер-операторы. Білікті маманды …

ЖОЛ САЛУ – ЖАУАПТЫ ІС Read More »

ҚАНДАСТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ОРТАЙМАЙДЫ

Түрлі себептермен әлемнің түкпір-түкпірінен тарыдай тарап кеткен қандастарымыз аз емес. “Отандастар қорының” негізгі міндеті – сол жандардың тарихи Отаны – Қазақстанға деген қызығушылық отын сөндірмеу, бойларындағы қазақи болмысын барынша сақтап қалу мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Осы орайда, шетелде тұрып жатқан және атамекенге оралған этникалық қазақтарды қолдау мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар, алға қойған мақсаттар жайлы білу …

ҚАНДАСТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ОРТАЙМАЙДЫ Read More »

ҒЫЛЫМСЫЗ ҚОҒАМ ДАМЫМАЙДЫ

Кез келген мемлекеттің өркендеуі ғылым мен білімге байланысты. Ғылым жолында аянбай еңбек етіп, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ғалымдарымыз жетерлік. Олардың бірі – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы Бақытгүл Әубәкірова – “Кез келген ұзартылған нысандар мен темірбетон конструкцияларының апаттық бұзылуын ескертуге арналған күзет дабылының талшықты-оптикалық жүйесі” патентінің, “Ағаштан және пластмассадан жасалған конструкциялар” оқулығының, …

ҒЫЛЫМСЫЗ ҚОҒАМ ДАМЫМАЙДЫ Read More »

МАЛ БАҚСАҢ, АСЫЛЫН БАҚ!

Қазақ халқы үшін мал шаруашылығы – әлімсақтан келе жатқан атакәсіп. Қазір де өрістен қайтқан төрт түлік ауылдың сәнін кіргізіп, ырыздық-несібесін малдан тапқан жандардың негізгі табыс көзіне айналып отыр. Мал баққан соң, асылтұқымдысын таңдаған дұрыс. Себебі сойсаң еті мол, саусаң аузың ақтан бір арылмайды. Жерлесіміз Дәурен Салықов – ірі қараны асылдандыру үшін тер төгіп жүрген жандардың …

МАЛ БАҚСАҢ, АСЫЛЫН БАҚ! Read More »

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ: “МАҒЖАН ӘЛЕМІНІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ – КЕЙІНГІЛЕРГЕ ПАРЫЗ”

– Жарасбай Қабдоллаұлы, бүгінде өңіріміз, тіпті еліміз десек те болады, қазақтың ақиық ақы­ны, жерлесіміз Мағжан Жұмабаев­тың 130 жылдығын атап өтуде. Осы айтулы оқиға қарсаңында өзіңіздің басшылығыңызбен шығып келе жатқан “Мағжан” журналы туралы әңгімелессем бе деп едім. Алайда осы тақырыпқа ойыспас бұрын, жалпы сіз Мағжан әлеміне қалай келдіңіз? Ұлы ақынның өмірі мен шығар­ма­шылығы сізді несімен баурады? …

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ: “МАҒЖАН ӘЛЕМІНІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ – КЕЙІНГІЛЕРГЕ ПАРЫЗ” Read More »

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ӘР ТӨБЕСІ – ТҰНҒАН ТАРИХ

Өлке тарихын Отан тарихынан бөліп қарауға болмайды. Туған өлкенің өткенін түгендеп, оны халық тарихымен тұтастырғанда ұлттың жасампаздық рухы одан әрі асқақтайды. Облыс орталығынан шалғайда жатқан Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылында ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, мектеп басқара жүріп, жәдігерлерге бай этнографиялық мұражай ашқан Мұхтар Әутәліповтың еңбегі ерен. Бүгінде зейнет демалысында жүрген азаматпен ерекше мұражай жайлы сұхбаттасудың …

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ӘР ТӨБЕСІ – ТҰНҒАН ТАРИХ Read More »

БАПТАЙ БІЛСЕҢ — ЖЕР ЖОМАРТ

Өңір диқандары биыл 4 ,5 млн. гектар жерге дәнді дақыл сіңіріп, олардан мол өнім алуды жоспарлап отыр. Мамыр айының басында көктемгі егіске кірісіп кеткен шаруалар бүгінде науқанды аяқтауға жақын. Бидайдың шығымды­лығы, сапасы бірнеше факторға тәуелді болса, соның бірі – тұқымның дер кезінде жерге сіңірілуі. Өңіріміздегі Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы 70 жылға жуық уақыт …

БАПТАЙ БІЛСЕҢ — ЖЕР ЖОМАРТ Read More »

Арыстардың есімдерін ақтау – парыз

ХХ ғасырда қазақ халқының жартысына жуығын қырып салған алапат ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін зобалаңы – әлі де толық зерттелмеген тақырып. Жалған жаланың құрбаны болған ардақтыларымыздың кейбірі әділ бағасын алған жоқ. Есімдерін ел есінде жаңғырту – бүгінгінің міндеті. Сондықтан 2020 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Маңызды міндетті арқалаған комиссияның атқарған жұмысы …

Арыстардың есімдерін ақтау – парыз Read More »

“БОКС — МЕНІҢ ӨМІРІМ”

Қазақ боксы әлемге мәлім. Соңғы кездері жігіттермен бірге қыздарымыз да халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Олимпиада жүлдегері атанған бұрымдыларымыз да бар. Қазақстан чемпионаты – жүзден жүйріктерді анықтайтын маңызды жарыс. Жақында Петропавлға еліміздің мықты деген былғары қолғап шеберлері жиналып, өзара мықтыны анықтады. Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған жерлесіміз Наталья Богданова өз салмағында қарсылас шақ …

“БОКС — МЕНІҢ ӨМІРІМ” Read More »

ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

Облысымыздың 9 ауданында туляремияның табиғи ошағы орналасқан. Ал сібір жарасы дерті тарауы мүмкін қолайсыз 161 орын бар. Қауіпті аурулардың алдын алу үшін жылда өңірде жануарлар мен құстар жиі шалдығатын 10 дертке және 3 энзоотиялық ауруға қарсы екпе жүргізіледі. Биыл да бес миллионнан астам мал-құсқа қауіпті инфекцияларға қарсы вакцина егілмек. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аса қауіпті …

ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ Read More »

“ҒАБЕҢНІҢ АҚ БАТАСЫ ЖОЛЫМДЫ АШТЫ”

Халқымыздың осы уақытқа дейін сайын дала төсінде салтанат құрып, ұлттық бірегейлігін жоғалтпауына себеп болған бір құдірет болса, ол – біздің бай мәдениетіміз. Өнері өрістемей, мә­дениеті мандымаған елдің өзгелердің аранына жұтылып кетуі әп-сәтте. Сан ұрпақтың санасына сәуле құйып, көкірек көзін оятқан бағзы бабаларымыздан жеткен мұраны санап тауысу мүмкін емес. Сол іргелі мәдениетіміздің ішінде ән өнерінің алар …

“ҒАБЕҢНІҢ АҚ БАТАСЫ ЖОЛЫМДЫ АШТЫ” Read More »

ТРАКТОР ТІЗГІНДЕГЕН ӘЖЕ

Тайынша ауданының тұрғыны Қазиза Кеңесбаева биыл 80 жасқа толды. Ол – 26 жыл бойы трактор тізгіндеп, еңбексүй­гіштігі мен жауапкершілігінің арқасында абырой-құрметке бөленген жан. Еңбек ардагерімен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз. – Қазиза Қожанқызы, трак­тор­шы ерлерге тән мамандық қой. Сіз бұл кәсіпке қалай кел­діңіз? – Мен Тайынша ауданындағы Теңдік ауылының тумасымын. Әке­ден жастай қалдық, шешеміз бес …

ТРАКТОР ТІЗГІНДЕГЕН ӘЖЕ Read More »

БІЛЕКТІ СПОРТШЫЛАР АУЫЛДАН ШЫҒАДЫ

Өңірімізде гір көтеруден түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар қатары қалың. Жуырда Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен Азия біріншілігінде ел құрамасы сапында облыс намысын алты атлет қорғап, бесеуі жүлдегер атанды. Барлығы да Уәлиханов ауданының тұрғындары. Аталмыш аудан спортшыларының соңғы жылдардағы көрсеткіштері көз қуантады. Мұны гір көтеру спортынан өңір командасының жаттықты­рушысы Марат Молдыбаев та мойындап …

БІЛЕКТІ СПОРТШЫЛАР АУЫЛДАН ШЫҒАДЫ Read More »

Жүрек ауруы жиілеп барады

Елімізде 1-7 мамыр аралығында созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дертіне қатысты апталық өтті. Мұндай іс-шара республика аумағында биыл алғаш рет ұйымдастырылды, оған – сырқаттар санының көбеюі себеп. Облыстық көпбейінді аурухана жанындағы кардиологиялық орталықтың созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дерті бойынша үйлестірушісі, кардиолог Елена Донованың айтуынша, біздің өңірімізде осы ауруға шалдыққан 4,5 мыңға жуық сырқат бар. Дәрігер созылмалы жүрек жеткіліксіздігі …

Жүрек ауруы жиілеп барады Read More »

ҚАТЕРЛІ ІСІК – “ҮКІМ” ЕМЕС

Жұртшылық арасында “жаман ауру” аталып кеткен обыр дерті жылдан-жылға жасарып барады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда елімізде онкологиялық аурулар бойынша 205 мыңнан астам пациент бақылауға алынған. Жыл сайын 37 мыңнан астам жаңа жағдай анықталады. Әйелдер арасында аурушаңдық ерлермен салыстырғанда жоғары – 57 пайызды құрайды. Ал сырқаттанғандардың 56 пайызы – еңбекке қабілетті адамдар. Жыл сайын …

ҚАТЕРЛІ ІСІК – “ҮКІМ” ЕМЕС Read More »

“ҚУАНЫШТЫ” ЧЕМПИОН ҚЫЛУ ҮШІН КЕЛДІМ”

Ботагөз Есімхан – “Қуаныш” волейбол командасының ойыншысы. Былтырғы жылдың күз айында өскемендік “Алтайдан” ауысып келген. Теріскейлік команда сапында ойнағанына көп уақыт бола қоймаса да, өзін жақсы жағынан көрсетіп жүр. Ойын өрнегімен ғана емес, сұлулығымен де көрермендерін тамсандырып жүрген спортшымен жақында сұхбаттасудың сәті түсті. – Ботагөз Бауыржанқызы, жан­күйерлер ойыныңызды көріп жүр­генімен өзіңізді аса тани қоймай­тыны жасырын …

“ҚУАНЫШТЫ” ЧЕМПИОН ҚЫЛУ ҮШІН КЕЛДІМ” Read More »

Төрт түліктің төресі

Есіл ауданындағы Бірлік ауылының тұрғыны Қуатбек Ақышев бірнеше жылдан бері жылқы бағып, бие сауып, еңбегінің нәтижесін көріп отыр. Бір-екі биеден бастаған шаруашылығы бүгінде шағын фермаға айналған. Жеті қазынаның бірі, ер қанаты, мінсең – көлік, жесең – ет, сүтін ішсең – шипалы сусын – жылқы өсіруді кәсіп еткен еңбекқор азаматты әңгімеге тартқан едік. – Қуатбек Әшкенұлы, …

Төрт түліктің төресі Read More »