«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

ОН АЙДАҒЫ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов елордадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндама жасап, өңірдің 10 айдағы даму нәтижелерін қорытынды­лады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 13 пайызды құ­рап, ақ қайыңдар өлкесі ел бойын­ша бесінші орынға тұрақтаған. Аталған кезең ішінде ауыл шаруашылығында 9,3, өнеркәсіпте 19,1, құрылыста 30,1, тұрғын үйді пайда­лануға беруде 3,9, инвестиция тар­ту ісінде 7,3 пайыздық өсім …

ОН АЙДАҒЫ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫ – АУЫЛДА

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің форумы өтті. Айтулы жиында Мемлекет басшысы елді мекендерді өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындап, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономика­лық дамуының маңызды мәселелеріне кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысы бұл жиынға еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері арнайы шақырылғанын атап өтті. – Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы …

ХАЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫ – АУЫЛДА Read More »

КЕРІ КЕТКЕН КОМПАНИЯ

Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бері түрлі салаларда оң өзгерістер орын алуда. Жаңа заман талабына сай дамып келеді. Соның ішінде бір мекеме ғана өзінің ті­келей міндетін толық атқара алмай, кері кетіп бара жатқан сыңайлы. Ол – пошта. Еңбекақылары ең төмен қызметкерлер де осы салада. Қызмет сапасының сын көтермейтініне қара­мастан тасымалдау құнын өсіруден алдарына жан салар емес. …

КЕРІ КЕТКЕН КОМПАНИЯ Read More »

ДИҚАН ЕҢБЕГІ – ЕЛ ЫРЫСЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Көрме ұйымдастырылып, өңірдің үздік кәсіпорындары өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады. Өңір диқандары биылғы жылды көңіл қуантарлық көрсеткіштер­мен қорытындылап отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім кө­лемі 1 триллион теңгеге жетті. …

ДИҚАН ЕҢБЕГІ – ЕЛ ЫРЫСЫ Read More »

ҮЙ ҮШІН УАЙЫМ ЖЕГЕНДЕР

Петропавлдағы Оқушылар сара­йында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, оның орынбасарлары, шаһар басшысы, жергілікті департаменттер мен басқармалардың жетекшілері қатысып, тұрғындардың сұрақта­рына жауап берді. Өңір басшысының қабылдауына келген­дердің бірі – Қызылжар ауданының тұрғыны Татьяна Климашенко. Тұрғынды өзі тұратын ауылдағы бөгет құрылысы алаңдатып отыр. Прибрежное ауылының тұрғындары бөгет құ­рылысы кешеуілдесе, көктемде үйлер су …

ҮЙ ҮШІН УАЙЫМ ЖЕГЕНДЕР Read More »

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ –ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Астанада Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтіп, жиында агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы мәселе­лері талқыланды, соны­мен қатар салаға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапаттал­ды. Президент ауыл ша­руашылығы еңбеккер­лерін кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан қажырлы еңбек­тері үшін ризашылығын білдірді. Ауыл шаруа­шылығы экономика­ның стратегиялық мәні айрықша саласы екенін атап өтті. Мемлекет басшысының …

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ –ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ Read More »

МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Орал қаласында Қазақстан-Ресей арасындағы ХІІ Халықаралық аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті. Дәстүрлі жиын «Кәсіби мамандықтар – экономкалық өсудің қозғаушы күші» тақырыбына арналды. Екі елдің Мемлекет басшылары форумның пленарлық сессиясына бейнебайланыс режімі арқылы қатысып, сөз сөйледі. Алқалы басқосуда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Омбы облысының гу­бернаторы Виталий Хоценко 2025-2028 жылдарға ар­налған іс-шаралар жоспарына қол қойды. …

МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚТЫҢ НЕГІЗІ Read More »

ТЕРІСКЕЙГЕ БЕТ ТҮЗЕГЕН КӨШ тоқтамауы тиіс

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов көші-қон мәселесі жөнінде жиын өткізіп, аталған саладағы түйткілдерді шешу, теріскейге қандастар мен оңтүсік, батыс облыстардың тұрғындарын көшіру жолдарын талқыға салды. Жиынға «Amanat» партиясы партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Абай Тасболатов, өңірдегі мемлекеттік орган басшылары, аудан, ауылдық округ әкімдері, қаржы институттары мен кәсіпорын жетекшілері қатысты. Жиын еңбек және …

ТЕРІСКЕЙГЕ БЕТ ТҮЗЕГЕН КӨШ тоқтамауы тиіс Read More »

ТАЗА АУЫЗСУ — ӘР ҮЙГЕ

Қызылжар өңірінде 88 ауылды орталықтандырылған тіршілік көзімен қамтитын 4 сорғы стансасы пайдалануға берілді. Тайынша ауданында өткен топтық су құбырлары мен ауылішілік су желілерін іске қосу салтанатты рәсіміне Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Үкіметтің қолдауының, Су ресурстары және ирригация министрлігінің жергілікті ат­қарушы органдармен бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асқан …

ТАЗА АУЫЗСУ — ӘР ҮЙГЕ Read More »

ӘКІМ БОЛ – ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ

Өңірде барлық деңгейдегі әкімдердің форумы өтіп, онда бас қосқан ауыл, аудан, қала басшы­лары он айда атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, түйінді мәселелерді тал­қыға салды. Форумның практикалық бөлімінде әкімдер креатив орталығында өткен шеберлік сабағына қатысып, ЖИ бойынша білімдерін жетілдіріп, сарапшылардың жаңа технологияны жұмыс барысында пайдалану туралы дәрісін тыңдады. Форумның пленарлық отыры­сын ашқан өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ауылдарды …

ӘКІМ БОЛ – ХАЛҚЫҢА ЖАҚЫН БОЛ Read More »

ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапа­рымен Аққайың ауданындағы Дайындық ауылына барды. Елді мекенде үш нысан – мәдениет үйі, балабақша, ойын-сауық орталығы ашылды. Бүгінде Дайындық ауылы – өңір­дегі алдыңғы қатарлы елді мекендердің бірі. Бұл еселі еңбек – ауылына жана­шырлық танытып отырған «Дайын­дық-Агро» ЖШС директоры Біржан Шаймерденовке тиесілі. Бұл ауылда небәрі 28 үй қалса, қазіргі таңда олар­дың …

ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ Read More »

АУЫЛЫНА МЕКТЕП САЛЫП БЕРДІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Есіл ауданына жұмыс сапа­рымен барып, Еңбек ауылында бастауыш мектептің ашылу салта­натына қатысты. Бұған дейін ауыл балалары білім алу үшін күн сайын көршілес елді мекендер­ге қатынайтын. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Мектеп жергілікті кәсіп­кер, «Бай Еңбек» ЖШС басшысы Қайырбек Қо­жасовтың жеке қаража­ты есебінен салынды. Жобаның жалпы құны 350 миллион теңгені құрады. Бұл …

АУЫЛЫНА МЕКТЕП САЛЫП БЕРДІ Read More »

ҚҰС СҮТІНЕН БАСҚАНЫҢ БӘРІ БАР

Астана қаласында еліміздің барлық өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізу, сол арқылы отандық өнімдердің сапасын және бәсеке­ге қабілеттілігін арттыру үрдісі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Арнайы жасалған кестеге сәйкес өңірлер биыл да астаналықтарды өздерінің нарық ба­ғасына қарағанда арзан әрі сапалы өнімдерімен қуан­туда. Биылғы жәрмеңкелер тамыз айының соңында басталып, Республика күні өз мәресіне жетпек. 18-19 қазан …

ҚҰС СҮТІНЕН БАСҚАНЫҢ БӘРІ БАР Read More »

ӨҢІРДІ ДАМЫТУДАҒЫ АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР

Өңірге жұмыс сапарымен Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев келіп, облыс активімен кездесті. Алқа­лы басқосуда «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдаудың негізгі бағыт­тары талқыланды. Ондағы басты мақсат – берілген тап­сырмаларды бұлжытпай орындау. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің экономикалық ахуалымен таныстырды. 200 мыңнан астам адам тұратын 600-ге …

ӨҢІРДІ ДАМЫТУДАҒЫ АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР Read More »

ЖАҚСЫ КӨРШІ – ТЫНЫСЫҢ

Алғашқы танысу қадамы «Alegeum Elektrik» кәсіпорнынан басталды. Петропавл электротехни­калық зауыты шығаратын транс­форматорлық жабдықтар негізінен ТМД елдеріне экспортталады. Ке­лесі нысан – 1928 жылы құрылған С.Киров атындағы зауыт. Мұнда темір жол және мұнай-газ саласына арналған құрал-жабдықтар құрас­тырылады. Бұдан бөлек, Орта Азия­да баламасы жоқ 16 қабатты баспа платалары өндіріледі. Қонақтарға баспа платаларын жинайтын цехтың жұмысы туралы баяндалды. Бүкіл …

ЖАҚСЫ КӨРШІ – ТЫНЫСЫҢ Read More »

НҰРҒА БӨЛЕП БІЛІММЕНЕН ЖЕР БЕТІН

Мұғалімдер күніне орай С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында ерекше мереке ұйымдастырылды. Білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген ұс­таздарды ұлықтауға арналған бұл жиын – шын мәнінде рухани мазмұны терең, жүрекке жылы тиетін маңызды іс-шара болды. Мерекелік жиынның шымылдығы театрдың әсем безендірілген сахнасында жүргізушілердің әсерлі сөзімен ашылды. Алғашқы сөз кезегі облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке берілді. …

НҰРҒА БӨЛЕП БІЛІММЕНЕН ЖЕР БЕТІН Read More »

ӘЙЕЛМЕН ГҮЛДЕНЕР АУЫЛ

Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылында «Ауыл әйелдері – ел мақтанышы» деген атаумен әйелдер форумы өтті. Мұндай шара Қазақстан­да алғаш рет ұйымдастырылды. Есіл ауданының әкімдігі мен «Ауыл» партиясы облыстық филиа­лы ұйымдастырған форумға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, облыстық фтизиопуль­монологиялық орталық, үкіметтік емес ұйымдар қолдау танытқан. Форумға Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер …

ӘЙЕЛМЕН ГҮЛДЕНЕР АУЫЛ Read More »

ҚАМБА АСТЫҚҚА ТОЛАР КҮН ЖАҚЫН

Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл шаруашылығы саласындағы жобалармен танысты. Алдымен Ғауез Торсанұлы «СК Агро-2050» серіктестігіне қарасты тауарлы-сүт фермасы­ның құрылысын аралап көрді. Жоба құны – 8 млрд. теңге. Ферма елдегі ірі қараға арналған ең көлемді кешендердің бірі болмақ. Құрылыс жұмыс­тары аяқталғаннан кейін мұн­да заманауи қондырғылар орнатылады. Жаңа сауу аппара­ты бір …

ҚАМБА АСТЫҚҚА ТОЛАР КҮН ЖАҚЫН Read More »

МЕКТЕП КҮЗЕТШІЛЕРІНІҢ ЖАСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Облыстың білім беру мекемелеріндегі күзет қызмет-керлерінің 76 пайызының жасы елуден асқан. Яғни өңірдегі мектептер мен балабақшаларды негізінен физикалық дайындығы төмен егде адамдар күзетеді деген сөз. Бұл мәселені облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов көтерді. – Олар нақты қауіп төнген жағдайда өздерінің физи­калық мүмкіндіктері мен даярлығының жоқтығынан ша­буылды немесе террористік актіні болдырмайтын тиісті шараларды қабылдай алмайды. …

МЕКТЕП КҮЗЕТШІЛЕРІНІҢ ЖАСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ Read More »

КҮЗГІ ОРАҚ ҚЫЗҒАН ШАҚ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданын­да болды. Облыс әкімі орақ науқанының барысымен, тауарлы-сүт ферма­сының құрылысымен және жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде аудандағы 312 мың гектар егіс алқа­бының 35 пайызынан өнім жиналған. Жоғары технологияларға иек артқан шаруалар мол өнім алып отыр. Мұнда алқаптарды химиялық өңдеу, зиянкестермен күрес, сұрып жаңарту және ми­нералды тыңайтқыштар енгізу көрсеткіштері …

КҮЗГІ ОРАҚ ҚЫЗҒАН ШАҚ Read More »