«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Өнегелі отбасы

Облыс орталығында “Өне­гелі отбасы” байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара хал­қымыздың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсе­те отырып, олардың бойларына патриотизм, адамгер­шілік пен еңбекқорлық ұялатады. Қазақ халқында шаңы­рақ­­тың қадір-қасиеті айрықша. Ол аспан күмбезі, үй-жай, тірек, ба­қуаттылық пен қауіпсіздік, ұр­пақ­тар сабақтастығы мағы­насын береді. Шаңырақ – от­ба­сының бел­гісі. Сондықтан да қазақ хал­қы жас жұбайлардың отау құ­рып, ша­ңырақ көтеруіне ерекше мән …

Өнегелі отбасы Read More »

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТКЕНДЕР КӨП

Радикалды жат ағымдар күллі әлемді алаңдатып отырғандықтан, оларға тосқауыл қоюдың жолдарын жан-жақты қа­растырудың мәні айрықша. Бұл орайда, рухани-адамгершілік құндылығымыздың ажырамас бір бөлігі бо­лып табылатын, қазақтың ұлттық дәстүрлерімен тамырлас, руханиятымызға етене жақын, түпта­мыры әріден басталатын дәстүрлі дінімізді жұртшылық арасында кеңінен насихаттаудың, оған қатысты ке­шенді іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырудың маңызы зор. Жасыратыны жоқ, арамызда ислам атын жамылып …

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТКЕНДЕР КӨП Read More »

“Жастар жарыс сайын шыңдалады”

Соңғы жылдары теріскейлік бозкілем шеберлері ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүр. Әсіресе қазақ күресінен жауырыны жер иіскемей, әлемдік аренада жүлде иеленген саңлақтарымыз бар. Грек-рим және еркін күресте де қор­жынымыз бос емес. Ал самбо спортындағы жағдай қалай? Бұл сұрақтардың жауа­бын күрестің осы түрінен облыстың аға бапкері Виктор Вахриннен сұрап білдік. – Виктор Викторович, өңі­рі­міздің спортшылары, со­ның …

“Жастар жарыс сайын шыңдалады” Read More »

Ұлы тұлғаларымыз туған елді мекендерді сақтап қалудың кешенді жоспары керек

Қызылжар өңірі жекелеген елді мекендердің жойылуы жөнінен республикада алдыңғы қатарда десек қателесе қоймаспыз. Соның дені – қазақ ауылдары. Оған себеп жетерлік. Бәрін санамалап шығуды жөн көріп отырған жоқпын. Бүгінгі сөз еткелі отырған жағдай басқа. Біздің облыста бүкіл еліміз мақтан етерлік ұлы тұлғалар шыққан ерекше үш аудан бар. Олар – Айыртау, Мағжан Жұ­мабаев және Жамбыл аудан­дары. …

Ұлы тұлғаларымыз туған елді мекендерді сақтап қалудың кешенді жоспары керек Read More »

Әйелінің тегін алғандар шежірені қалай тарқатады?

Қоғамдық дамуға тірек болып келе жатқан діңгек­тер­дің бірі – неке инсти­ту­ты. Әр ержеткен жігіт пен бой­жеткен қыз өз сы­ңарларын тауып, отба­сын құруға асы­ғады. Дегенмен салт-дәстүріміз басқаша сипат алып, тұрмысы­мыз өзгерген қазіргі за­ман­да үй болу да оңай іс емес. Бұрынғыдай шағын той-домалақ жасап, некесін қиғызып тар­қайтын туыс жоқ. Үйленудің айна­ласында толып жатқан дәс­түр­лер, ырым-тыйымдар тым кө­бейіп …

Әйелінің тегін алғандар шежірені қалай тарқатады? Read More »

ШӨБЕРЕНІҢ ШАТТЫҒЫНА БӨЛЕНГЕН

Мен ауыл-аймаққа, ел-жұртқа сыйлы Бақытжан Рақымжанов ақсақалды ертеден білемін. Ғұ­мырнамасына, еңбек жолына қанықпын. Тайынша ауда­нына қарасты Донецк ауылынан қазір тұрып жатқан Черкасскоеге көшіп келгенде қылшылдаған жігіт болатын. Отызында орда бұз­ған азамат екені сөзінен де, ісінен де бірден білінетін. Кең­шар директоры Николай Пи­льтяев өте талапшыл, сонымен қатар әділ басшы болды. Қара­мағындағы жұмысшыларды жа­сына, қызметіне қа­рап бөлмей­тін, …

ШӨБЕРЕНІҢ ШАТТЫҒЫНА БӨЛЕНГЕН Read More »

Әріптестік байланыс

Қостанай қаласындағы На­зарбаев зияткерлік мектебінің ұс­таздары іссапармен Петропавл­ға келді. Мұнда мамандар жер­гілікті әріптестерімен тәжірибе алмасты. Шараның негізгі бөлігі алдында делегацияға білім ұя­сының жұмысы мен оқушылар­дың талайды таңдай қаққызған жобалары таныстырылды. Қонақтар­­ға мектепті басқару ісінде цифрлық ресурстарды пайда­лану тәсілдері ерекше ұнады. – Бізге “Горизонталды жос­парлау” жобасы қызық болды. Оны бәріміз іске асырып жатыр­мыз. Алайда бұл мектептің …

Әріптестік байланыс Read More »

ДЕРТКЕ – ДӘРУ, САУҒА – ҚУАТ

Есіл ауданындағы Бірлік ауы­лының тұрғыны Қуатбек Ықышов бірнеше жылдан бері бие байлап, ұлттық сусын – қымызды табыс көзіне айнал­дырып отыр. Санаулы биені сауудан бастаған кәсібі қазір шағын отбасылық кәсіпке айналған. Қазақ халқы үшін төрт түлік­тің осалы жоқ. Дегенмен жылқы­ның адам үшін орны бөлек. Тү­ліктің бұл түрі – жылқы жанын тү­сінгеннің жан серігі, адал досы. – …

ДЕРТКЕ – ДӘРУ, САУҒА – ҚУАТ Read More »

ТЕОРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ ҮШІН ҚАЛАҒА КЕЛЕДІ

Аудандардағы автомектептер Халыққа қызмет көрсету орталығының жергілікті жердегі бөлімдерінде емтихан сыныбын ашу мәселесін көтерді. Белгілі болғандай, кейбір аудандарда болашақ көлік жүргізушілеріне теориялық емтихан тапсыруға жағдай жасалмаған. Сондықтан олар облыс орталығына келіп емтихан тапсыруға мәжбүр. Бұл мәселені облыстық кәсіпкерлер палатасының кә­сіп­керлердің құқықтарын қор­ғау және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесіне Мамлют және Шал ақын ауданындағы автомектеп …

ТЕОРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ ҮШІН ҚАЛАҒА КЕЛЕДІ Read More »

Жалған брокерлерден сақтаныңыз

Бүгінгі күні брокерсымақтар мен жалған инвестиция тартушы делдалдар санының жылдам артып, белсенді жұмыс атқарып жатқанын байқауға болады. Алаяқтар брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асырып жатырмыз деп сендіріп, қарапайым схема бойынша азаматтардан ақша тартады, олар қолдарында қаржы реттеушісінің тиісті лицензиясы болмай тұра, өздерін табысқа жеткен және болашағы бар компаниялардың қызметкерлеріміз деп таныстырады. Соңғы жылдары қаскүнемдер азаматтарды алдау үшін …

Жалған брокерлерден сақтаныңыз Read More »

Қызметтің құлы

Бақытбек БЕЛГІБАЕВ, 49 жаста. Адам өмірі үздіксіз қозғалыс­тан тұрады. Біз шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап жыбырла­ған тіршілікке араласып, ақырғы рет көзіміз жұмылғанша жай тап­паймыз. Тіпті ұйықтап жатқан сәтте де әр түрлі ойлар санамыз­ды сілкіп, түсімізде де тынымсыз әрекет етіп жүреміз. Кейде маған адамның саналы ғұмырының мәні де осы қозғалыс сияқты кө­рінеді. Біздің басқа тіршілік …

Қызметтің құлы Read More »

Зияткерлер ойыны

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қыздар арасында “QUEEN’S PLAY” ашық турнирі өтті. Шахматтан өткен додаға 60-қа жуық бұ­рымды қатысты. Турнирді зияткерлік мек­тептің қабырғасындағы “Mag­nus” шахмат клубы ұйым­дас­тырды. Жүлдегерлерге баға­лы сыйлықтар табысталды. – Клуб мүшелері бұл жа­рысты өткізуді дәстүрге айнал­дырмақ. Биылғы турнирді ұйымдастыруға демеушілер көмектесті, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің дирек­торы Данияр Уәлиев. Турнир жеңімпаздары үш жас …

Зияткерлер ойыны Read More »

Қыздарым — өмірімнің шуағындай

Жер дүниеге шуақ ша­шып, сұлулығымен айна­лаға нұр сепкен арулар мен қыздардың мейрамы жа­қын­дап келеді. Наурыз­дың алғашқы мейрамында бар­лығымыз ардақты әже­лер­ді, аяулы аналарды, жарымызды, әпке-қарындастарымызды, қыз­дары­мызды құттық­тап, сый-құрметке бө­лейміз. Олар­дың жүзіндегі күлкі, жүре­гіндегі қуаныш айналаны нұрландырып, дүниені жа­рық етеді. Бү­гінде үш қыз тәрбиелеп отырған мен үшін де ха­лықаралық әйелдер мере­кесі үлкен маңызға ие. Бұл күні мен …

Қыздарым — өмірімнің шуағындай Read More »

Отбасында бақытты, қызметінде табысты

Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуын қамтамасыз ететін демократия­лық жолды ұстана бастады. Со­дан бері экономикалық еркіндік үшін тең мүмкіндіктерді пайдалану, билік құрылымына әйелдер мен ерлердің бірдей қатысуы, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, қоғам дамуында әйелдердің рөлін да­мыта беру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызып отыру – біздің …

Отбасында бақытты, қызметінде табысты Read More »

Әр рөлім қымбат

“Театр – хас сұлудың көз жа­сындай мөлдір өнер”. Әрбір сахна­гер өзіне берілген рөлді көзінің қарашығын­дай көріп, аялауы керек. Өңіріміз­дегі қазақ өнерінің қара­ша­ңырағы – Сәбит Мұқанов атын­дағы облыстық қазақ сазды-драма театрының та­балдырығын 2013 жылы аттаған күннен бастап Ғ.Мү­сіреповтің “Қыз Жібегінде” Дүрия­ның, Б.Нушичтің “Қарапайым ада­мында” София­ның, Софоклдың “Эдип патша­сында” Иокастаның, Д.Исабеков­тің “Өйтпесе Мағжан бола ма?” туындысында Мәдина­ның, …

Әр рөлім қымбат Read More »

Ананың көңілі балада

Адам баласының өлшеусіз мейірім көретін сәті ана құшағында жатқан кезеңі екен. Тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, толғақ майданында перзентінің аман-есен жарық дүние есігін ашуы үшін жанын салатын ана үшін бақыт атаулының бастау көзі – сәбиінің іңгәсі. Ана бойындағы шексіз қуа­ныш пен сәби жүзіндегі риясыз күлкі үйлесім тапқан кезде, жер бетіндегі барлық тіршілік ана мен бала …

Ананың көңілі балада Read More »

КРИМИНАЛИСТ КЕЛІНШЕК

Полиция қатарында ерлермен қатар қызмет атқарып жүрген қыз-келін­шек­тердің бірі – полиция аға лейтенанты Маржантай Қанғозина. Ол Петропавл қаласы полиция басқармасының құрамындағы жедел-криминалистика бөлімінде 2020 жыл­дан бастап қызмет атқарып келеді. Төрт жылдан бері полиция қатарында еңбек етіп жүрген арудың бұл таңдауына нағашы­лары себеп болған көрінеді. “Анамның інісі ішкі істер орган­да­рында қызмет атқарады. Бала кезімде нағашы ағама …

КРИМИНАЛИСТ КЕЛІНШЕК Read More »

Жанар ТАЛАСПАЕВА: “Жаны сұлу әйел қартаймайды”

– Жанар Серкешқызы, ұлы Абай атамыз “Адамның адам­гер­шілігі жақсы ұстаздан бола­ды” депті. Сіз – талай шәкірттің жүрегіне білім шырағын жа­ғып, қазақ әдебиетінің тереңіне бойлатып келе жатқан жансыз. Данышпан айтқан жақсы ұстаз деген кім? – Адам ұстаздыққа жүрек қа­лауымен бет бұруы керек. Сонда ғана одан жақсы мұғалім шыға­ды. Менің ойымша, ұстаз – қо­ғам­дағы ең ұлағатты мамандық. …

Жанар ТАЛАСПАЕВА: “Жаны сұлу әйел қартаймайды” Read More »

Құрт – асыл ас

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан уни­вер­ситетінің студенттері “Құрт” акциясын ұйым­дастырды. Бастама авторы – Қазақстан халқы Ас­самблеясы кафедрасы. Ал акцияның жүзеге асуына еврей мәдени орталығы атсалысқан. “Қазақтың ұлттық тағамы, қа­сиетті құрт – саяси қуғын-сүргін жылдары жер аударылған көп­те­ген адамның өмірін сақтап қал­ды. Тарихи оқиғаларға негіздел­ген аңыз бар: “АЛЖИР” лагерінің тұтқындарына қазақ балалары қоршаудан ақ тас лақтырған. …

Құрт – асыл ас Read More »

МАЛШЫ НЕГЕ ТАПШЫ?

Бұрынғылар “Мал-жаның аман ба?” деп амандасатын. Ол кездегілер төрт түліктің қадірін білетін. Елдің еңбекпен көркейе­ті­нін ескерсек, ата-бабамыз ежел­ден мал бағып, соның ырыз­дық-несібесі мен ырысына кенелген. Ал бүгінгі таңда мал­шы тапшы. Бұл мәселе ауылда­ғы ағайынға да, мал өсіріп отырған шаруашылықтарға да жақсы таныс. Өткенде Есіл ауда­нына қарасты Ақтас елді меке­ніне барғанда жерлестерінің құр­метіне бөленіп жүрген жылқышы …

МАЛШЫ НЕГЕ ТАПШЫ? Read More »