«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

“Сырғанақ тебеміз, шынықсын денеміз!”

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылының тұрғыны Юрий Красно­пер балаларға арнап биік сырғанақ жасады. 74 жастағы зейнеткер биік сыр­ғанақты Бескөлде бесінші жыл қа­тарынан тұрғызып отыр. Ол биыл қыс түсісімен үйінің жанынан ұзын­дығы шамамен 150 метрге жететін сырғанақты ешкімнің көмегінсіз жал­ғыз өзі салыпты. Қазір ол мұндағы қауіпсіздікті өзі қадағалайды әрі сырғанақты қалыпта ұстап, ма­ңайын­дағы қоқысты жинайды. “Балаларым есейіп …

“Сырғанақ тебеміз, шынықсын денеміз!” Read More »

Алаяқ кәсіпкер

Өңірдегі “Жарқын-СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы сотталды. Ол ауыл тұрғындарының жер үлесін жалған құжат жасау арқылы банкке кепілге қойып, 600 млн. теңгені қалтасына басқан. Петропавл қалалық соты серік­тес­тік басшысы М.-ға бір топ адам­мен алдын ала келісім бойынша аса ірі мөлшерде жұрттың дүниесін ұр­лады деген айып таққан. Сотталушы шаруашылық қаты­су­шы­ларының ортақ жиналысының жалған хаттамасын жасап, сол …

Алаяқ кәсіпкер Read More »

Арманы асқақ жеткіншектер

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Айдарбек Сапаров отбасылық үлгідегі балалар ауылында болып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Кездесу барысында ұл-қыздарды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Өңір басшысы өз сөзінде 2022 жыл есте қаларлық ерекше оқиғаларға толы болғанын жеткізді. – Өткен жыл біз үшін берекелі болды. Қиындықтар қай кезде де орын алып тұрады. Біз соның бәрінен аман …

Арманы асқақ жеткіншектер Read More »

ҚЫСҚЫ КАНИКУЛДЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗБЕК

Екібастұздағы үйлерінің құбырлары жарылған тұрғындардың отыз бес баласы қысқы каникулды қызықты өткізбек. Кішкентай қонақтарды “AMANAT” партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров қарсы алып, Зерендідегі “Парус” лагеріне орналастырды. – Бұл жолғы демалыс “AMANAT” партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Партияның облыстық филиалы балалардың демалысын ұйымдыстыру үшін демеушілер тапты. Апат кезінде бүкіл …

ҚЫСҚЫ КАНИКУЛДЫ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗБЕК Read More »

Сәби саулығының сақшысы

Дүниедегі барлық тіршіліктің мағынасы артқа өнегелі із қалдырып, өмір сабақтастығын одан әрі жалғауға тіреледі. Сол үшін әлемде күн сайын мыңдаған сәби дүниеге келіп, қаншама отбасын қуанышқа бөлеуде. Ата-ананың арманы жүзеге асып, жаңа өмір есігі ашылып, осынау ғажайыптар орындалатын жер – перзентхана. Перзентхана дегенде есімізге алдымен дүниеге жаңа келген сәби мен аналар, қуанған отбасылар елестейді. Алайда …

Сәби саулығының сақшысы Read More »

Батыл бойжеткен

Петропавлда 1 қаңтар күні кеш­ке тұрғын үйден өрт шықты. Баспана иесі оқиға орнында қаза тапты, ал үйдегі екінші адам бойжеткеннің арқасында аман қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Жұмысшы кентін­дегі жекеменшік баспаналардың бі­рінен шыққан. Жалынды толығы­мен сөндіруге бір сағат уақыт жұмсалып­ты. Құтқарушылар оқиға орнынан 33 жастағы үй иесінің денесін тапты. Өрт салдарынан …

Батыл бойжеткен Read More »

Қош келдің жарық әлемге!

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірімізде 22 сәби дүниеге келді. Ата-аналарын шаттыққа бөлеген шақалақтардың он үші – ұл, тоғызы – қыз бала. Өткен жылдармен салыстырғанда биыл шекесі торсықтай ұлдардың саны басым. Облыстық перинаталдық орта­лықтың бас дәрігері Елена Калюж­ная әрбір ана мен баланың денсау­лығы ақхалаттылардың назарында екенін айтты. Сондай-ақ ол 2023 жыл­дың алғашқы тәулігінде меди­циналық қызметкерлер кезекшілікті …

Қош келдің жарық әлемге! Read More »

БАЛАЛЫҚ ШАҚ – БАЛ ДӘУРЕН

Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Кез келген халық ұрпақ тәрбиесін – ұлттың тағдыры деп біледі. Ертеңін ойлаған ел жас ұрпақтың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – жалпыұлттық міндет, ал жарияланған “Балалар жылы” – еліміздің ертеңіне деген қамқорлығымыз”, – деп атап өткен …

БАЛАЛЫҚ ШАҚ – БАЛ ДӘУРЕН Read More »

СҰҢҒЫЛА САЯСАТКЕР

Көрнекті мемлекет қайраткері, сұңғыла саясаткер, ірі ғалым Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровтың ұшқыр ойы мен жүйрік қаламынан туған әр кітапты қолыма алған сайын, оның жансебіл еңбегіне, ізденімпаздығына, ойының тереңдігіне, шынайы суреткерлік шеберлігіне сүйсініп, тәнті боламын. Осы еңбектерге зер салған әркімнің де алдында Тайыр Аймұхаметұлының шығармашылық қырлары жарқырап, азаматтық тұлғасы асқақтай түсері анық. Оның қай кітабын алсаң да, …

СҰҢҒЫЛА САЯСАТКЕР Read More »

БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері Мағжан Жұмабаев ауданындағы өздері қамқорлыққа алған Полудин балалар үйіне барып қайтты. Олар бүлдіршіндерге тәттілер сыйласа, балалар өз кезегінде меймандарға концерттік бағдарлама ұсынды. Іргесі 1965 жылы қаланған Полудино балалар үйінде бү­гінде 54 бүлдіршін тәрбиеле­нуде. Он сәбиді департамент ма­мандары қамқорлықтарына ал­ған. Қызметкерлер әр мереке сайын …

БАЛАЛАРҒА – БАЗАРЛЫҚ Read More »

Түрім орыс болса да, тілім қазақ

Мен қазақ тілінде әріп таныған жастардың бірімін. Яғни, қазақ тілін үйренген жоқпын, сол тілде білім алдым. Менің туып-өскен жерім Есіл ауданындағы Горное ауылында тек қазақ мектебі болды. Мектеп жасы­на жеткенде мені ата-анам сол білім ордасына жетектеп апарды. Яғни, қазақ тілін үйрену мектеп табалды­рығын аттаған сәттен басталды. Ме­нің отбасымда ешкім қазақша біл­мейді. Себебі олардың бәрі орысша …

Түрім орыс болса да, тілім қазақ Read More »

Аққайыңда газет оқымайтындар көп екен

Соңғы екі ай бойы облыстық “Soltüstık Qazaqstan” қоғамдық-саяси газетінің ұжымы жол үстінде болды. Күннің суығына, жолдың сапасыздығына қарамастан, ауыл-ауданды аралап, тұрғындармен кездестік. Сапар барысында көп адаммен таныстық, жергілікті тұрғындардың тыныс-тіршілігін көрдік. Газет үшін де, оқырмандарымыз үшін де маңызды сапарды Аққайың ауданымен түйіндедік. Аққайың – қазағынан қонағы басымдау аудан. Мұнда өмір сүріп жатқан қазақтардың үлесі 40 …

Аққайыңда газет оқымайтындар көп екен Read More »

ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу міндетін қойған болатын. Бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшері орташа алғанда 27 пайызға өседі деген сөз. Сондай-ақ әлеуметтің талап-тілектері ескеріле отырып, әйелдердің зейнет жасы 2028 …

ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСЕДІ Read More »

СӘБИДІҢ КҮЛКІСІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл “Балалар жылы” болып жарияланғаны белгілі. Тәуелсіз ел болғалы балалардың жайына ден қойып, маңыз беріп жатқанымыз осы шығар. Өйткені балалар – мемлекетіміздің табыс­ты болашағының негізі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов бір жылда атқарылған жұмыстарды баяндады. Өңірімізде 139 мыңнан астам бала бар. Өскелең …

СӘБИДІҢ КҮЛКІСІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ Read More »

Балғындарға сый

Жаңа жыл – барша бүлдіршіндердің асыға күтетін сүйікті мерекесі. Бұл мейрамның жылдан-жылға жалғасып келе жатқан игі дәстүрлері бар. Мереке жақындаған сайын балалар өз тілектерінің орындалуын қалап, үлкендерден, сый-сияпат күтеді. Желтоқсан айының соңында түрлі мерекелік кештер мен арнайы концерттер ұйымдастырылады. Сол шаралардың ішінде ең ерекшесі – әр бүлдіршіннің арманы болған Президент шыршасы. Оған оқу мен өнерде, …

Балғындарға сый Read More »

Татулықтың мекені

Достық үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының жыл бойғы жұмысы қорытындыланып, бірқатар азамат марапатталды. Ассамблея мүшелері – ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосып жүргені белгілі Марат Тасмағанбетов жиналғандарға өңір басшысының құттықтауын жеткізді. Марапат алғандардың арасында Ләззат Жолмұқанова да бар. …

Татулықтың мекені Read More »

АЗИЯ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН НҰРСҰЛТАН

Тайланд астанасы Бангкок қаласында кикбоксингтен Азия біріншілігі өткені мәлім. Сарықұр­лықтың үздік спортшылары бас қосқан додада жалпыкомандалық есепте ел құрамасы жеңіс тұғырына көтерілсе, екінші орын жарысты ұйымдастырушы мемлекеттің еншісіне жазылды. Ал өзбекстандық кикбоксшылар қола жүлдегер атанды. Дүбірлі аламанда солтүстікқазақстандық былғары қолғап шеберлері Отанымыздың көк байрағын көкке желбіретіп, медаль тағынды. Қы­зылжарлық Нұрсұлтан Жақыпов 86 килограмм салмақ дәрежесінде …

АЗИЯ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН НҰРСҰЛТАН Read More »

Шыршалар “шырылдамасын”!

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден қорғау – жаңажыл­дық мереке қарсаңындағы полиция міндеттерінің бірі болып табылады. Желтоқсанның 15-ші жұлдызынан облыста “Шырша” акциясы жүріп жа­тыр. Табиғатты қорғау полициясы­ның қызметкерлері орман алқапта­ры­на рейдтер жүргізуде. Бұл іс-шараларға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инс­пекциясының өкілдері де қатысуда. Полицейлер орман қорына кірмей­тін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақым …

Шыршалар “шырылдамасын”! Read More »

“Шошқа тұмауына” шалдыққандар

Өңірдің екі тұрғынына “шошқа тұмауы” диагнозы қо­йылды. Санитар дәрігерлер бұл аурудың қаншалықты қауіпті екенін және белгілері туралы айтты. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жедел респираторлық вирус­тық инфекция бойынша эпидемио­логиялық жағдай сырқаттанушылық­тың маусымдық өсуімен сипатта­ла­ды. Эпидемиялық маусым 1 қазанда басталды. Осы күннен бастап дерттің 20483 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыр­ғанда …

“Шошқа тұмауына” шалдыққандар Read More »

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ ЗӘРУ

Облыс орталығына жақын орналасқан Мамлют ауданында 11 ауылдық округ бар. Олардың құрамындағы 38 елді мекеннің 22-сі экономикалық жағынан әлеуетті саналса, 16-сы “болашағы бұлдыр” санатына енгізілген. Тұрғындардың саны 17 мыңға жуық. Ауданға ат басын тірегенімізде қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен қыж-қыж қайнап жататын күнделікті тіршіліктің бағдаршам-штабы іспеттес әкімдікке соқтық. Аудан әкімі Владислав Лукиннің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, …

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ ЗӘРУ Read More »