«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ЖАСТАР КӨЗІМЕН”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мен білім, кәсіпкерлік және туризм басқармаларының мамандары бірлесіп, “Жемқорлыққа қарсы күрес – жастар көзімен” атты карикатуралық сурет байқауын ұйымдастырды. Сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Петропавлдағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде өтті.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға барлық аудандардан және Қызылжар қаласынан елуден аса үміткер ниет білдіріп, өз туындыларын ұсынған. Талапкерлер “ВКонтакте” әлеуметтік желісі арқылы да салған суреттерін жариялап, ғаламтор пайдаланушыларының да дауысын жинаған. Өрендердің дені қоғамның кеселіне айналған сыбайлас жемқорлықтың еліміздің жарқын болашағы үшін қауіпті екендігін өз қиялдарына ерік бере отырып, әсерлі бейнелеуге тырысқан. Бірі аузы-мұрнын доллармен тұмшалаған жанды, енді бірі пара алғаны үшін теміртордың арғы жағында екі көзі жәудіреп отырған адамды салған.  

Байқау қорытындысында “Жемқордың бет-бейнесі” аталымында Петропавлдағы өнер колледжінің студенті Надежда Гусельникова, “Қарапайым жемқорлық” аталымы бойынша Мағжан Жұмабаев ауданынан келген Анжелика Норик жеңімпаз деп танылса, “Жемқордың шынайы келбеті” және “Жемқорлықтың нағыз күрескері” аталымдарында Шәміл Қабдышев пен Ксения Кауц жүлдегерлер қатарынан көрінді.  

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕ: Анжелика Норик.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp