«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РАМАЗАННЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ азық-түлікті арзан бағамен сатуға шақырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты он екі айдың сұлтаны – Рамазанға арналды.

Игі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті ай 18 маусымда басталып, шілденің 16-сына дейін жалғасады. Биылғы ораза 29 күнге созылып, жаз мезгілінің тап ортасына келіп тұр. Мұндай тарихи сәт 36 жылда бір келеді, деп сөзін бастаған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имам Кенжетай қажы Байкемелұлы барша мұсылман жамағатты Рамазан айымен құттықтады.

Еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда, облысымызда күн кеш батып, ерте шығады. Сол себепті, бес парыздың бірі – оразаны ұстауға ниеттенген адамдардың аузы 19 сағатқа берік болады.  

Кенжетай қажы Байкемелұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті айға қатысты жасаған Үндеуіне бір адамдай үлес қосуға шақырып, жергілікті саудагерлер Рамазан айының құрметіне азық-түлікті төмендетілген бағамен сататын болса, нұр үстіне нұр болатынын айтты.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp