«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАҚАНЫНДА – АЗИЯНЫҢ АЛТЫН АЛҚАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында облыс орталығындағы спортқа дарынды балалардың об-лыстық мектеп-интернатына Астанадан қуанышты хабар келіп жетті.

Бұл қуаныш иесі – осы мектеп-интернатта 10-сыныпта білім алып жүрген Евгений Горбузняк.

Он жеті жасар Е. Горбузняк – Қарағанды облысындағы Сарань қаласының тумасы. 2012 жылдың қыркүйегінен бері біздің спорт интернатымызда оқып жүр. Жасөспірімнің бапкері Серәлі Құсайынов Евгенийдің грек-рим күресі бойынша шеберлігін ұштай түсіп, осы екі жарым жылдың ішінде әдіс-тәсілдерге баулып келеді.

Бапкер мен балуанның төгілген тері жемісін беріп, жасөспірім бірталай ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге ие болды. Атап айтқанда, ол Қазақстан мен Ресейде бірнеше ірі жеңістерге қол жеткізді.

Ал «Сүйіншілеп!» отырған жеңістің жайы төмендегідей: грек-рим күресінен спорт шеберінен үміткер Евгений кадеттер арасында Азия чемпионатына жолдама алып, үстіміздегі айдың 11-13-ші жұлдыздары аралығында Үндістанның астанасы – Нью-Делиде өткен осы жарыста алтыннан алқа тақты.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

«Солтүстік Қазақстан».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp