«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАР ҚУАНЫШ – БАЛАЛАРҒА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың бір топ тәрбиеленушілері Қызылжар ауданына қарасты Березовка ауылындағы “Золотая осень” сауықтыру лагерінде демалуда. Жайма-шуақ жаздың шаттығын сезінген оларға Петропавлдағы Достық үйіндегі этномәдени орталықтардың өнерпаз мүшелері қайырымдылық концертін қойып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шарада сөз алған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов көздері жәудіреген өрендердің жазғы демалыстарының қуанышты өтуіне тілек білдіріп, аталмыш концерттің “Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс” республикалық жобасы аясында жүзеге асырылып отырғандығын тілге тиек етті.

Содан кейін “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту, “Дуслык” татар-башқұрт, “Кентрон” армян мәдени орталықтарының өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, балаларды шаттыққа бөледі. Мың бұрала би билеп, қосыла ән шырқаған өрендерге сыйлықтар үлестірілді.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp