«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҮТІ КӨП, БАЛЫҒЫ АЗ ДАСТАРҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандықтардың басқа тағамдарға қарағанда сүт өнімдерін көп тұтынатыны белгілі болып отыр. Мысалы, былтырғы жылы орташа жан басына шаққанда 32,9 килограмм сүт пайдаланылған. Одан кейінгі орындарда – жұмыртқа, нан, жарма және ет өнімдері. Алайда, жан басына шаққанда жылқы етін тұтыну мөлшері 3,2 килограмм ғана.

Көкөністен пияз, қырыққабат, сәбіз, жаңа піскен қызанақ, қияр, сонымен қатар, тұздалған және маринадталған қиярды ұнататын жерлестеріміз картопқа да кет әрі емес. Біздің өңірде алма, қарбыз, мандарин сияқты жеміс-жидек өтімді көрінеді. Өткен жылы әр солтүстікқазақстандық 47 килограмм жеміс өнімдерін пайдаланған.

Тәттіден қант пен шоколадты кәмпиттерді ұнатады екенбіз. Дастарқанымызда жиі кездеспейтін өнімнің бірі балық екен. Азық-түліктің бұл түрі жан басына шаққанда небәрі 13,2 килограмм ғана.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp