«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН АҚША ЖАСАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері (СҚО МКД ЭТҚ) 2015 жылғы 31 мамырда жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласының тұрғыны В. деген азаматтың Д. және Р. деген азаматтармен бірлесіп 2000 теңге номиналымен БИ 3763232 сериялы ақша белгісін жасаумен және өткізумен айналысқанын анықтады.

Осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел іздестіру шаралары барысында азамат В. бұған дейін БИ 3763232 сериялы 2000 теңге номиналымен азамат Д. жасаған 31 дана ақша белгісін табыс етті.

Қылмыстық істі тергеу барысында прокурордың санкциясымен күдікті азамат В.-ның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіліп, DVD дискілері, флэш карталар, жүйелі блок, планшет алынды.

Күдікті ретінде жауап алынған азамат В. 2000 теңге номиналындағы ақша белгісін сканирлеу тәсілімен көшіргенін және А4 форматты парақтарға түрлі түсті принтерде басып шығарғанын мәлімдеді.

Қазір тергеу істері жүргізілуде, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp