«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЙБЫННАН” ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық “Жас батыр” клубының мүшелері Қарағанды қаласында өткен “Айбын” республикалық әскери-патриоттық жиынынан оралды.

“Жас батыр” клубының мүшелері бес күн бойы Қарағанды облысындағы “Спасск” оқу орталығында болды. Елімізде бірінші рет ұйымдастырылып отырған аталмыш жиынға республикамыздан он алты команда қатысты. Бір апта бойы оқушылар алғашқы әскери дайындықтарын пысықтады. Әскери жиын барысында еліміздің әр түпкірінен жиналған оқушылар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, болашақта Отан алдында өтейтін парыздарының жауапкершілігін сезінді. Сондай-ақ, танысып, жаңа достар тауып, бой сергітіп қайтты.

Жиын соңында қатысқандардың барлығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қолынан Алғыс хат алып, еліміздің бес үздік әскери клубының қатарына енді.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp