«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі алдында жыл сайын спорттық сайыс ұйымдастырылады. Бұл жолы ол екінші рет Аққайың ауданындағы “Оқжетпес” балаларды жазғы сауықтыру лагерінде өтті. Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы ұйытқы болған додада республикалық, облыстық және аудандық БАҚ қызметкерлерінен құралған он команда спорттың сегіз түрінен сынға түсті.

Екі жүзге жуық әуесқой спортшы волейбол мен футболдан, теннис пен шахматтан, тоғызқұмалақ пен дартстан, жеңіл атлетика мен “Көңілді старттан” күш сынасты. Командалар күннің аптап ыстығына қарамастан, “Алға, жеңіске!” деп ұрандатып, бір-бірімен иық тірестіре сайысты.

Спартакиаданың ашылу салтанатында Аққайың ауданының әкімі Дәурен Байтөлешов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов, облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің бас редакторы Жарасбай Сүлейменов журналистерді келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы сайыстарда сәттілік тіледі.

Сайыс шымылдығын шахматшылар мен теннисшілер ашты. “Қызылжар-Ақпарат” ЖШС-нің командасы теннистен бірінші орынды еншіледі. Ал шахматшылар арасында жеңіс тұғырына “Қазтелерадио” командасының ойыншылары көтерілді. Футболшыларға тағайындалған бас жүлдені де “Первый Северный” телеарнасының спортшылары қанжығасына байлады.

Екі күнгі сайыстың қорытындысы бойынша спорттың әр түрінен жоғары көрсеткішке қол жеткізген “Первый Северный” командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші және үшінші орындарды “Спортшыл аудан” мен “Меншікті тілшілер” құрама командалары еншіледі.

Спартакиадаға “Қызылжар су” ЖШС, “Шағала Агро” мен “АКС” фирмалары, сондай-ақ, “Сбербанк” АҚ мен “Нептун” аквапаркі демеушілік етті.

Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар, сыйлықтар табыс етілді.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Суреттерді түсірген Наталья БАЛАШОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp