«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮРЕ ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ НАЗАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрылысы 2012 жылы басталған республикалық маңыздағы “Астана-Петропавл” тасжолын күрделі жөндеуге мемлекет бюджетінен 17,7 миллиард теңге бөлінген. Жол құрылысы жаңа инновациялық технологиялар бойынша жүргізілуде. Мәселен, қарапайым асфальттың үстіне целлюлозалық қоспа араластырылған модификацияланған битум құйылады. Соның арқасында 10 жылға дейін трассаның беті тақтайдай тегіс болып, шыдас береді деп күтілуде. Аталмыш жаңа әдіс Жапонияның тәжірибесінен алынған. Елімізде бұл технология 2006 жылдан бері қолданылуда.

Жаңа технологияның әлеуетін тексеретін күн де алыс емес. Ендігі жылы облыс орталығы мен Бескөл ауылын байланыстыратын күре жолдағы күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ. Мұндағы істің жайымен журналистерді “К-ДОРСТРОЙ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Александр Луценко таныстырды. Оның айтуынша, 4 жолақты трасса бойына 7 айналма жол салынады. 13 аялдама тұрғызылып, 6 бағдаршам орнатылады.

Бескөлден Келлеровка ауылына дейінгі жолдың 10 километрі ғана дайын. Ал Астраханка-Рублевка бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары жуырда ғана басталды. 25 километрге тасжол төсеуге ел бюджетінен 6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

“Астана-Петропавл” трассасын күрделі жөндеуден өткізуге 4 мердігер компания тартылған. Қазір аталмыш бағыттардағы жолдың құрылысына 42 бірлік техника мен 300 адам жұмылдырылған.

Аманжол НҰРТАЗИН,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp