«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Автобус жүрмейтін ауылдар бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, өзекті мәселелер қаралды. Отырыс өңірдегі жолаушылар тасымалының сапасын талқылаудан басталды.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исманов көлік қызметін ұсынудың сапасы қолжетімділікке, жолаушылар қауіпсіздігінің дәрежесіне, тарифтік құнына және пайдаланудың ыңғайлылығына байланысты болатынын тілге тиек етті. Бүгінде облыстағы 218 автобус бағытының 6-уы – халықаралық, 31-і – облысаралық, 71-і – облысішілік, 61-і – ауданішілік, 9-ы – қаламаңылық, 24-і – қалалық, 16-сы ауылішілік болып саналады. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында елді мекендердің қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуі 93,6 пайызды құраған. Ал 43 ауылға әлі де автобус қатынамайды екен. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселеге алаңдаушылық танытып, басқарма басшысынан себебін сұрады. Бейбіт Қайыркешұлының айтуынша, жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар бұл ауылдарға автобус жөнелткісі келмейтін көрінеді. Себебі, елді мекендерде тұрғандар саны аз әрі олардың көбінің жеке автокөлігі бар. Демек, бұл кәсіпкерлер үшін тиімсіз.

Жиында қоғамдық кеңес мүшелері облыс орталығындағы темір жол вокзалына эскалатор орнату мәселесін көтерді. Өйткені, ауыр жүгі бар жолаушыларға, әсіресе, қарияларға үшінші қабатқа көтеріліп-түсу қиынға соғуда. Сондай-ақ, отырыста қоғамдық көліктерге салқындатқыш, аялдамаларға автобустардың нақты келу уақыты жазылатын ақпараттық табло орнату мәселелері де талқыланды. Бүгінде облыс орталығында мұндай таблоның саны үшеу ғана. Кеңес мүшелерінің өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған басқарма басшысы барлық ұсыныстар алдағы уақытта бақылауға алынатындығын айтты.

Кеңесте қаралған келесі мәселе – үштілділікке ауысу. 2019-2020 жылға қарай 10-11-сынып оқушылары физика, химия, био-логия және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқитын бо-лады. Облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Кари-нованың айтуынша, биыл өңірімізде бұл мақсатта 547 мұғалімді қайта даярлаудан өткізу жоспарланған. Бүгінде оның 147-сі тіл меңгеру курсында оқып жүрсе, 38-і арнайы сертификат алып үл-геріпті. Қоғамдық кеңестің мүшелері жаңа реформаның оқу-шылар үшін қиындыққа соғатынын айтып, дайындықты күшейту керектігін сөз етті. Қоғамдық кеңес отырысында бұдан басқа 14 мәселе қаралды.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp