«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХИ ЖЕРЛЕРМЕН ТАНЫСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында “Туған жер” бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты.

Сол себепті, ол білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына назар аударды. Өлкетану арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің бір жолы – туған аймақтың археологиялық ескерткіштерімен таныстыру. Осы орайда өңір аумағында ауқымды экспедиция ұйымдастырылмақ.

Алғаш болып сапарға облыс орталығындағы №43 орта мектеп пен әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушылары аттанбақ. Екі бағыт бойынша сапарға шығатын олар өлкенің 13 ауданын аралап, тарихи-мәдени орындарымен, белгілі адамдарымен танысады. Мәселен, әл-Фараби мектеп-лицейінің ұжымы Ақжар, Айыртау, Уәлиханов, Тайынша аудандарына барады. Осылайша, 1100 шақырымнан аса жолды еңсермек. Бұл топ ең бірінші ат басын бұратын жерді де белгілеп қойыпты. “Әрбір жас өзінің кіші Отаны – туған аймағында тарихтан қалған қандай жәдігерлер барын, олардың мән-маңызын білгенде ғана туған өлке шежіресін білуге, құрметтеуге деген сезімі оянады. Сол себепті, біз әуелі табиғаты тамаша Есіл ауданындағы Бұлақ ауылына барып, Құлсары әулиенің басына зиярат етпекпіз”, – деді әл-Фараби мектеп-лицейінің директоры Күлімкөз Смаилова.

Айта кетейік, “Туған жер” бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын экспедиция 6 күнге созылмақ.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp