«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРДЕ ШЕКАРА ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Небір дарындардың бағын ашып, жұлдызын жарқыратқан “Минута славы” байқауы біздің өңірімізде де өтіп, жеңімпаздар Мәскеу қаласындағы кезеңге жолдама алды.

Байқауда өнер көрсеткендер-дің қатарында танымал “Brooklyn” би мектебінің тәрбиеленушілері де бар. Брэйк данс, поппинг және твер, тағы басқа заманауи көше билерін меңгерген олар бұл жо-баға қатысуға аяқ астынан бел буыпты. Ал байқау талаптарына сай келетін биді әзірлеуге екі апта уақыттарын жұмсаған.
Ресейде ұйымдастырылған жобаға қатысып, жартылай фи-налға өткен Илья Ткаченко мен Анастасия Ерофеева бала кезде-рінен бері бірге мәнерлеп сырға-наумен айналысады. Олар жас-тардың өздерін әр қырынан та-ныта алуы үшін осындай жобалар керек деген ойларын білдірді. “Бұл алаңда дарындылар көсіліп тұрып көпшіліке өнерін көрсете алады. Жаңа би түрлері, жаңа жанрлар осындайда пайда бола-ды. Тек жастарға жағдай жасау керек”, – деген өнерлі жұп қазы-лар алқасының сапында үміткер-лерді бағалауға атсалысты.
Конкурсқа қатысқан елуден ас-там адамның біреуі ән салса, екіншісі би биледі, басқалары қа-зыларды ерекше қойылымдары-мен таңғалдырғысы келді. Әр үміткер бойдағы толқынысын ба-сып, орайы келіп тұрғанда талан-тын барынша көрсетіп қалуға тырысып бақты. 
Байқау қорытындысында брэйк данс биі және сурет салу өнерін біріктіре көрсеткен Станислав Алерт бас жүлдеге лайық деп танылды.
“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp