«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН АНЫҚТАМАНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ауруханада “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті.

Кездесуде ауруханалардағы кезек, медициналық қызмет сапасы және жемқорлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды. Емдеу мекемелеріндегі ұзын-сонар кезектен арылу үшін денсаулық сақтау саласын сандық жүйеге көшіру жайы да талқыға салынды. Отырыста науқастардың амбулаторлық карталарын сандық форматқа ауыстыру жөнінде ұсыныс айтылды. Бұл жаңашылдық жалған медициналық анықтама беруге тосқауыл болмақ.

– Біздің облыстағы жобалық кеңсенің жұмысы үш бағыт бойынша жүргізіледі. Қоғамдық бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру керек. Тегін медициналық қызметті ақылы көрсету жағдайларына баса мән берілмек. Науқастың жұмысқа жарамсыздығы туралы жалған анықтамаларды беруді тоқтату үшін оларды электронды форматқа көшіру мәселесі қарастырылады, – деген мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко медициналық көмек алуда қиындықтар туындаған жағдайда науқастар аталмыш мекеменің көмегіне жүгіне алатынын айтты.

Сәкен ҚҰБЫШЕВ, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp