«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРҒАНСЫЗДАРҒА КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауа райының суық күндері Петропавл қалалық полиция басқармасының қаңғыбастарға арналған қабылдап-тарату орнының қызметкерлері күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Олардың басты міндеті үй-күйсіз жүрген азаматтардың суықтан үсіп қалуының алдын алу болып табылады.

Тәртіп сақшылары тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар паналауы мүмкін барлық орындарда тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қаңғыбастардың кейбірі арақ-шарап ішіп, суықтан қорғану үшін жылу құбырларын, көлікжай кооперативтерін паналайды. Ал басқалары, тіпті, ашық аспан астында жылу құбырларында түнейді. Қазіргі аязды күндері мұның соңы қайғылы аяқталуы да мүмкін. Сондықтан полицейлер олардың барлығын жинап, қабылдап-тарату орнына, сондай-ақ, тұрғылықты мекенжайлары жоқ тұлғаларға арналған түнеу пунктіне жеткізеді. Аталмыш мекеме Жұмысшы кентінде орналасқан. Онда 50 адамға шақталған орын бар. Тәулік бойы полиция қызметкері кезекшілік етеді. Медициналық көмек көрсетіледі, сондай-ақ, “Қызыл Жарты Ай” қоғамы филиалының, басқа да ерікті ұйымдардың өкілдері оларға ыстық тамақ ұйымдастырады. Олар криминалистикалық, жедел-анықтамалық және ішкі істер органдарының есептеріне алынады. Өткен жылы қабылдап-тарату орнының қызметкерлері 69 қылмысты ашқан болатын.

Жылдың басынан бері қабылдап-тарату орнына 188 адам жеткізілді. Сондай-ақ, қыс айларында қабылдап-тарату орнының қызметкерлері Жұмысшы кентіндегі түнеу пунктіне күн сайын 15-20 адамды жеткізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp