«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИГІЛІКТІ ІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында кеден қызметінің полковнигі Қайсар Малғаждаровты еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын кешке марқұмның туған-туыстары, әріптестері мен жора-жолдастары, қала тұрғындары жиналды.

Қайсар Малғаждаров осыдан алты жыл бұрын 40-тан асқан шағында Алматы маңында әуе апатында қаза тапқан болатын. Сол жылы марқұмның апасы Бақытжан Сәмиеваның мұрындық болуымен Қайсар Малғаждаров атындағы қайырымдылық қоры құрылды. Ол көзі тірісінде саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысқан. Спортшы балаларға қолдау көрсету, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған қорға 2 миллион теңгеден астам қаржы жиналған. Концерт барысында болашағынан үміт күттіретін жиырма шақты жас спортшыға сертификаттар табысталды.

Концертте Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері, марқұмның қызы Айзере және туысқаны Дариға Кәрімова өнер көрсетті.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp