«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТИМУР БЕКМАМБЕТОВ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кинорежиссер, сценарист, продюсер Тимур Бекмамбетовтың есімі дүниежүзіне танымал десек, артық айтқандық болмас. Ол 1961 жылы Атырауда дүние есігін ашқан. Бойында өнерге деген қызығушылық бала кезінен оянған. Ата-анасы жас таланттың талабының ұшталуына, дарынының ашылуына, армандарының қияға қанат сермеуіне ықпал етті. Тимурды Ташкенттегі театр және өнер институтына алып келген де жақындарының берген дұрыс бағыт-бағдары.

Болашақ жұлдыз жоғары оқу орнын тамамдағаннан кейін Мәскеуге жол тартты. Оның өнер жолындағы ізденістері өз жемісін бере бастады. Мәселен, “Ёлки”, “Президент Линкольн: Охотник на вампиров”, “Особо опасен”, “Ирония судьбы”, “Дневной Дозор”, “Ночной Дозор” сияқты кинолары – әлемдік өнер кеңістігіндегі тамаша туындылар. Жерлесіміздің ресейлік “Bazelevs” кинокомпаниясының не­гізін қалап әрі оған бүгінгі күнге дейін жетекшілік етіп келе жатқанын айта кеткеніміз жөн.

Қазіргі уақытта Тимур Бекмамбетов шетелдік MGM киностудиясының “БенГур” деп аталатын ірі жобасындағы жұмысын жалғастыруда. Былтыр елімізге жұмыс сапарымен келген ол журналистерге берген бір сұхбатында: “Жас ұлғайды. Соңғы кездері туған жерім тартып тұратын болды. Елден тамырымды үзгім келмейді”, – деген болатын.

Нұргүл ОҚАШЕВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp