«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжде “Жеке тұлғалық өсу. кәсіпкерлік қызметтің негіздері. Ашық презентация” атты семинар-тренинг өткізді. Осы шараға облыс орталығындағы колледж бен университет студенттері қатысты. 

Қалалық жастар ресурстық орталығының “Ұқыпты жастар” жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар кешені аясында өткен семинар-тренинг барысында жергілікті жас кәсіпкер Жанат Кәкімов студенттерді “Қаржылық сауаттылық” ұғымымен таныстырып, оларға өзінің жеке бюджетін бөле білуі және оны жоспарлаудың қажеттілігі туралы айтып берді. Сонымен қатар бұл тақырыпта бейнеролик те көрсетілді.

“Солтүстік Фестиваль” жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Арманов өзінің әлеуметтік кәсіпкерлік тәжірибесі туралы тоқталып, студенттерге арналған тренинг өткізді. Ол қатысушыларға тайм-менеджмент және оның күнделікті өмірдегі артықшылықтары жайлы әңгімелеп берді.
Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Азат Мұхамеджанов өзі жетекшілік етіп отырған мекеменің жұмысы туралы сөз қозғады. Сонымен қоса ол елімізде жастар үшін жүзеге асырылатын кәсіпкерлік бағдарламалары және алдағы еріктілер жылы туралы да хабарлама жасады.
Қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар өңірде белсенді, іскер жастар қатары қалыңдауының көбеюіне ықпал тигізеді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp