«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі облыс орталығындағы жастар ұйымдарымен кездесу өткізді. Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин, этномәдени орталықтардың және осы ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Бұл шара барысында “S’Avancer” балдық хореография мектебінің, “Союз Автор” жастар шығармашылық бірлестігінің, Солтүстік Қазақстан университетіндегі дебат клубының жетекшілері мен рэпперлер қатысушыларға өздерінің шеберлігі және өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар олар негізгі қызметі, қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. 

“Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Диляра Хасанованың айтуынша, ұйымдастырылған игі шара этномәдени орталықтардың Петропавл қаласындағы жаңашылдығы мол шығармашыл жастар ұйымдардың тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға және белсенділігін арттыруға арналған. Себебі, осындай ұйымдар көптеген жастарға үлгі болып саналады.
 

petropavltv.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp