«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар ауданының Талшық ауы­лындағы “Талшық Астық LTD” жа­уапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарақшылық шабуыл жасағандар іздестірілуде.

Кешкі уақытта белгісіз төрт адам серіктестікке басып кірген. Аң ау­лайтын шолақ мылтыққа ұқсас қарумен кәсіпорын басшысын қорқытып, 170 миллион теңгеден астам ақша мен екі ұялы телефонды қолды қылған.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің “Қарақшылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қылмысты жедел ашып, күдіктілерді анықтауды облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев және облыстық прокуратура басшылығы өз бақылауына алды. Жедел-іздестіру шаралары қолға алынып, полиция ведомствосының барлық жасағы қылмыскерлерді іздеуге жұмылдырылды.

 

Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp