«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЫҚШЫНЫ ТОНАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл аң шаруашылығының қорықшылары рейд барысында Алуа көлінің маңында үш адамның “Lexus” автомашинасының жүк салғышына сібір елігінің етін тиеп жатқанын байқаған. Тексеру кезінде қорықшылардың бірі бейнетүсірілім жасау үшін ұялы телефонды пайдаланған. Алайда, браконьерлер күш көрсетіп оның телефонын тартып алған. Кейін олар аң етін тастай салып, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Алайда, қорықшылар ізіне түсіп, полиция шақырған.

Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Жезқазған – Петропавл” автожолында Николаевка ауылының маңында “Lexus” көлігін тоқтатты. Автокөліктің салонын тексеру кезінде қан іздері табылған.
– Полиция қызметкерлері күдіктілерден “ТОЗ-37” маркалы 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оның оқтарын тәркіледі, – деді Есіл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Сағындық Жантемі­ров.
Қорықшының телефоны қайтарып алынды. Ал заңсыз атылған сібір елігінің еті оқиға орнынан табылды.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің “Тонау” және “Заңсыз аңшылық” баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ресейде, Петропавл қаласы мен Есіл ауданында тұратын үш күдікті бір-біріне туыс болып шықты. Облыс аумағында үстіміздегі жылдың басынан заңсыз аң аулаудың 13 фактісі тіркелген.


Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp