«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қараша 21, 2019

ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТ

Үздіктер іріктелді 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатында өнер көрсететін 24 команданың 20-сы белгілі болды. Қарт құрлықтың басты додасында бақ сынау құрметіне Португалия, Бельгия, Испания, Италия, Польша, Түркия, Ресей, Украина, Франция, Англия, Чехия, Швеция, Финляндия, Германия, Нидерланды, Хорватия, Уэльс, Швейцария, Дания және Австрия құрамалары жолдама алды. Жарақаттан көз жұмды Англиялық “ММА” файтері және кикбоксшы Саида Алетаха …

ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТ Read More »

АҚСҮЙЕКТЕР ОЙЫНЫ

Өткен демалыс күндері Петропавл қаласында бильярдтан ашық турнир ұйымдастырылып, оған Нұр-Сұлтан, Павлодар, Көкшетау қалаларынан келген және жергілікті жердегі 30 үміткер қатысты.

БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Петропавл қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысында кемшіліктер аз емес екен. Атап айтқанда, мұнда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережелері сақталмайды, көліктердің техникалық жағдайы нашар. 

ТАҢДАУЛАРЫ – ТАЙЫНША

“Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылжар өңіріне еліміздің оңтүстік облыстарынан жеті жүз отбасы, яғни 3 мың адам көшіп келген. Қоныс аударушылар жаңа мекенде тұрақты жұмыс тауып, жайлы баспанаға ие болуда. Астықты аймаққа көшіп келушілердің қатары келешекте арта түспек. Олардың дені ауылдарға қоныс аударуды көздеп отыр.

ЕРЛІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ

Облыс орталығындағы №6637 әскери бөлімінің жанындағы тәжік-ауған шекарасында қаза болған 17 жауынгерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған жергілікті билік өкілдері, Ұлттық ұлан әскери институтының басшылығы мен курсанттары, ардагерлер мен сарбаздар қатысты. ТМД елдері қабылдаған “Ұжымдық қауіпсіздік туралы” халықаралық келісімшартқа сәйкес еліміздің бітімгершілік батальоны 1993-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасын күзетуге жұмылдырылған болатын. Осы …

ЕРЛІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ Read More »

МАЙДАНГЕРГЕ — ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА

Петропавлда Ұлы Отан соғысының ардагері, “Парасат” орденінің иегері Мәжкен Ғаббасовқа ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға марқұмның туған-туыстары мен зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

ÁZİL ÁLEMİ

“МОСКВИЧПЕН” БАРЫП…   Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов туған Қарағай ауылында Зия есімді ағамыз тұрды. Ұзақ жылдар ауылда механик, бригадир болып жемісті еңбек етті. Елге сыйлы адам еді. Мінезі тұйық, ашылып сөйлей бермейтін. Өмірден озып кетсе де, ағайдың аңғалдығын, кейбір езуге күлкі үйіретін қылықтарын жерлестері сағынышпен айтып жүреді. 

САНДА БАР, САНАТТА ЖОҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА БЕЛСЕНДІЛІК ҚАЖЕТ

  Үкіметтік емес ұйымдар – азаматтық қоғамның қозғаушы күші. 2003 жылы елімізде 5 мыңға жуық қоғамдық бірлестік тіркелсе, бүгіндері олардың саны 22 мыңға жетті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі 20 миллиард теңгеден асты. Әйтсе де, азаматтық қоғам институттарының белсенділігін арттыру, жұмыстарын жолға қоюда түйткілді тұстар аз емес. Өңірімізде 400-ге жуық үкіметтік емес ұйым тіркелгенімен, іс …

САНДА БАР, САНАТТА ЖОҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА БЕЛСЕНДІЛІК ҚАЖЕТ Read More »

“МЕНІҢ ШЕТТЕ ЖҮРГЕНІМ ҚАЗАҚҚА ПАЙДАЛЫРАҚ”

Кезінде тағдырдың жазуымен елді тастап, шекара асуға мәжбүр болғандары бар, жерді бөлісу кезінде шекараның арғы жағында қалып қойғандары бар – бүгінде әлемнің ондаған елінде қандастарымыз тіршілік етіп, қазақ диаспораларын құрып отыр. Ресей Федерациясы – қандастарымыз көп шоғырланған мемлекеттердің бірі. Кей деректерде көрші елде миллионнан астам қазақ тұрып жатқандығы жайында мәліметтер бар. Нақты көрсеткіш әлдеқайда көп …

“МЕНІҢ ШЕТТЕ ЖҮРГЕНІМ ҚАЗАҚҚА ПАЙДАЛЫРАҚ” Read More »

АҚЫННЫҢ АҚЫЛЫ

Бірде ақын Сырбай Мәуленов шығармашылық сапармен Жамбыл облысын аралайды. Ол жақтағы жергілікті бір жас ақын Сырағаңды қолтығынан жетелеп, үйіне қонаққа апарады. Оның аздап кеудесінің желі бар ма, айтар сөзін ұйқаспен, өлеңмен айтуға тырысады екен. Құрметті қонағын төріне жайғастырған бойы өзі де тізе түйістіріп отыра қалып: 

МЕРЕЙ ТАСЫҒАН МЕКЕН

  “Нежинка-Ерке” — іргелі агроқұрылым Бұл дәстүр қазір де жалғасын табуда. “Нежинка-Ерке” ЖШС-ін 21 жылдан бері осы ауылдың тумасы Мұрат Жұмабеков басқарады. 

ӨТКЕННЕН ӨНЕГЕ АЛСА ИГІ

Халқымызда “көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген аталы сөз бар. Көнекөз қарттар – ұшан-теңіз ақыл-ой қазынасының иесі ғана емес, олар халықтың дәстүр-мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін алтын көпір. Сондықтан жас құрақтай өсіп келе жатқан ұл-қыздарға аға буынның өнегелі ісін үлгі еткен жөн. 

ЕСІРГЕН ЕСЕПШІ

Қызылжар аудандық ауруханасының есепшісі 20 млн. теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырғаны үшін жазаға тартылды. 

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ – ЕРДІҢ БАҒЫ

Бүгінгі күні шағын және орта бизнес саласында бағын сынап көрем деген адамға кедергі жоқ. “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ның облыстық филиалы да қаншама жерлестеріміздің бастамасына қолдау білдіруде. Сол қолдаудың игілігін көріп жүрген азаматтың бірі – Мұратбек Сүлейменов. 

ЕСКІ ҮЙДЕН ЖАҢА ҮЙГЕ КӨШЕДІ

  Облысымызда “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлерге сұраныс жоғары болғанымен, құрылыстың қарқыны төмен. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің ішінде тұз бағасы қымбаттаған. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында аталған мәселелер көтерілді. 

ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІ

Әулиелер мекені қарт Қаратаудың қойнауы киелі орындарымен ерекшеленеді. Ел есінде қалған аңыздардың бірі Үкаша ата есімімен байланысты. Үкаша ата дегенде ең әуелі адамдар тау басындағы құдықты есіне алады. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаша атаның кесенеcіне кіріп, Құран оқиды. Одан кейін тау басындағы құдыққа барып, су алады. Кереметке толы құдық пен әулие жерленген кесене жайлы …

ҮКАША АТА КЕСЕНЕСІ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНІҢ АЙНАСЫ

Облыстық “Soltústik Qazaqstan“ газеті ұзақ жылдардан бері қоғам жаңалықтарын, әдеби-мәдени өмірін қарасөзбен кескіндеп, оқырманның талғамынан шығып жүр. “Халықтың көзі, құлағы һәм тілі” атанған, Қызылжар өңірінің шежірешісіне айналған басылымның алғашқы санының шыққанына 100 жыл толады. Ғасырлық мерейтойы қарсаңында және баспасөзге жазылу науқанына орай Тимирязев ауданында оқырмандармен жүздесу өтті. 

УӘДЕНІ ОРЫНДАУ – СЕНІМДІ АҚТАУ

Біз “Nur Otan” партиясының партиялық тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланғалы үш жарым жылдың жүзі ауды. Осы уақыт ішінде партиямыздың “Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық” сайлауалды бағдарламасын өз қызметіміздің басты бағыты етіп ұстанып, сайлаушыларға берген уәделерімізді орындауға барлық күш-жігерімізді салып келеміз. Осы жөнінде үстіміздегі жылғы 18 қазанда Елбасы, “Nur Otan” партиясының Төрағасы Нұрсұлтан …

УӘДЕНІ ОРЫНДАУ – СЕНІМДІ АҚТАУ Read More »

ТАЗАЛЫҚ – САУЛЫҚ КЕПІЛІ

Жіті респираторлық вирустық инфекция дегеніміз – жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы. Оның өршуіне тұмау вирусының әсері зор. Ауру жұқтырғанда адамның дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріліп, қалтырау мен құрғақ жөтел пайда болып, бас, ауырады. Дене қызуы төмендеген соң ғана тұмау басталады. Тұмауды асқындырып алса, пневмонияға ұласып, тыныс алу жолдары аурулары пайда болады. Өкпе мен мидың …

ТАЗАЛЫҚ – САУЛЫҚ КЕПІЛІ Read More »

ИНВЕСТИЦИЯ – ДАМУҒА СЕРПІН

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен облыстық әкiмдiкте инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысы өттi. Жиында инвестициялық жобалар таныстырылып, 2020-2024 жылдарға арналған облысқа инвестиция тарту бағдарламасы талқыланды.