«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәуелсіз елдің төлқұжаты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жыл­­дығын атап өтеді. Қазақстан бұл белеске елеулі жетістіктермен жетіп отыр. Еліміздің Туы мен “бірлік” деп аталатын “төлқұжатын” қазір әлемнің барлық республикалары біледі. Оларды кең-байтақ елде тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпэтносты халқымыздың ынтымағы қызықтырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыс­ты біріктірді, бір шаңырақ ас­тына ұйытты. Осының арқасында тағдырдың жазуымен қазақ жерін құтты мекеніне айналдырған түрлі этнос өкілдері елімізде бейбітшілік пен келісімнің орнығып, дамуына өз үлестерін қосып келеді. Еліміз еге­мендікке қол жеткізгеннен кейін өт­кен ғасырдың отызыншы жылдары жазықсыз атылып, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына айналған боздақтардың есімдері ақ­талды. Қазақтың Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шо­қай, Міржақып Дулатов сынды ардақты ұлдарымен қатар, репрессияға ұшырап, басқа елдерден Қазақстанға айдалған өзге этнос өкілдері де ақталып, олардың ұрпақтарына еркін өмір сүру мүмкіндігі берілді.

Ассамблеяның қолдауымен “Представители этносов Казахстана в искусстве и культуре: энциклопедия персоналий” кітабы басылып шықты. Онда баршамыздың мәдениетіміз жайлы құнды деректер келтірілді.

Бүгінде дарынды жастарымыз әлем сахналарында Қазақстанның мерейін абыроймен қорғауда. Біз­дің мақтан етер жетістіктеріміз көп, алға қойған мақсат-мұраттарымыз да орасан. Елімізде жастарға жар­қын болашақ құруға бар мүмкіндік­тер беріліп отыр. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі түрлі этностар қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеп, қолдап, өз мәдениетін қатар жаңғыртуда. Ассамблея еліміздің әр азаматына мемлекетіміздегі өзгерістерге үлес қосуға, мемлекеттік тілді дамытуға, оны меңгеруге, бұртұтас халықты қалыптастыруға жетелейді.

Валентина КОРНЕВА,

“Коперник” облыстық поляк мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp