«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аңқау студенттер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция бас­қармасына жуырда алаяқтық­қа қатыс­ты бірнеше арыз келіп түс­ті. Жәбірленушілердің айтуларынша, жас жігіт оларды интер­нет арқылы несие ресімдеуге үгіттеген және белгісіз бір акция шарты бойынша қарыз кейін толығымен өтеледі деп сендірген. Алаяқтың арбауына түскендер ұялы телефон сатып алған, алайда олар уәде етілгендей оны сатудан еш пайда көрмеген, несие­лері жабылмай сол қалпында қалған. Алаяқ әр адамға 200 мың теңгеге жақын шығын келтіріп отырған.

Полицейлер облыс аумағында өткізілген “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен 18 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол бір сценарий бойынша бірнеше алаяқтық жасағанын мойындады.

Күдіктінің сөзінше, бұл алдау тәсілін тамыз айынан қолданып келген. Тергеушілер барлық мән-жайды анықтап жатыр, қазіргі уақытта эпизодтар жиырмадан асады. Күдіктінің құрбаны – негізінен студент жастар.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp