«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қораға түскен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның екі тұрғыны өткен аптада қорадан қойлары ұрланғанын айтып, полицияға жүгінген. Біреуінің саулық қойы, ал екіншісінің екі тоқтысы жоғалған. Екі жағдайда да қылмыскерлер қораға түскен. Облысымызда өткізіліп жатқан “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бұл қылмыстар ізі суымай ашылды.

Бұдан бөлек, бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтілді. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында өткен күндері осындай бес факті ашылды, оның төртеуі бұрын жасалған қылмыстар. Мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталды.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер ветеринария қызметінің инспекторларымен бірлесіп, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді, оларды өткізу орындарын тексерді. Аудандарда бұл жұмысты арнайы құрылған мобильді топ атқаруда. 157 автокөлік, 60 ет өткізу орны, 169 ферма, шаруа қо­жалықтары мен жайылым жерлер тексерілді. Ветеринария саласында 19 құқық бұзушылық анық­талды, малды жайылымға қараусыз жіберудің 53 фактісі тіркелді.

Марат ЖҰМАЛИЕВ,

облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp