«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛПЫНҒАН ЖЕТЕР МҰРАТҚА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастардың патриоттық рухын оятуға оң әсе­рін тигізетін “Елбасы медалі” туралы естіп, жобаға қатысуды ұйғардым.

“Елбасы медалі” жобасы 2020 жылы бастау алды. Әр қатысушыға “Спорт және дене шынықтыру”, “Кітап оқу”, “Дарын мен дағды”, “Ұлттық мұра”, “Еріктілік”, “Туристік саяхаттар” және “Еңбек тәжірибесі” сынды өзін-өзі дамыту үшін жеті бағыт ұсынылды. Жоба­ның бағдарламасы үздік әлемдік тәжірбенің негізінде әзірленді. Өзіміз таңдаған бағыт бойынша жетекшім Бәйімбет Құбайдолламен 13 аптаға жоспар құрып, сол арқылы алға қойған мақсатқа қол жеткіздік. Біздің жұмысымызға бас төрешілер оң бағасын берді.

Тынымсыз еңбектің арқасында “Дарын мен дағды” бағыты бойынша көпшілікке жақсы таныс “Хатико” фильмінің саундтрегін синтезаторда еркін ойнай алатын болдым. Ал “Кітап оқу” бағыты бойынша үш ай ішінде түрлі кітаптар оқып, әр апта сайын эссе жазып, бейнежазба түсірдік. Әр бағыттың өз қағидалары бар. “Спорт және дене шынықтыру” бойынша әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасау немесе би билеуге дағдыландым. “Еріктілік” бағыты – жастарды қайырымдылық істерге жетелеп, қиналған жандарға қол ұшын созу үлкен қасиет екенін ұғындырды. Жеті бағыттың да өзіндік мәні, көтерген жүгі ерекше.

Жеткіншектердің таным көкжиегін кеңейтіп, ертеңгі күнге сенім қалыптастырған “Елбасы медалі” жобасының біз сияқты жастарға берері көп деп ойлаймын. Осы шарадан кейін мен өзімнің бойымда қалыптасқан жақсы қасиеттерді одан ары дамытып, айналамдағы адамдарға үлгі боларлықтай істермен айналысудамын. Соңымнан ерген бауырларыма болашақтың ертеңгі иесі жастар екенін, кемеңгер тұлға Елбасының елге сіңірген еңбегінен үлгі алу қажет екенін айтып отырамын. Ол үшін бүгіннен бастап еңбексүйгіштік қасиет қалыптастырып, бойымыздағы жаман энергиядан арылуымыз қа­жет. Еліміздің ертеңі үшін ешкім де аянып қалмауы тиіс.

“Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір” деген сөздің астарында терең ой жатыр. Бұл қанатты сөз өрендерге ертеңі бітпес еріншек емес, еліңе пайдаңды тигізер азамат болуды нұсқап тұрғандай. “Елбасы медалі” жобасының да мақсаты осы деп ұғындым. Қазір кітап оқуды әдетке айналдырып, қазақ халқының айтулы жазушыларының шығармаларымен кеңінен танысудамын. Кер заманның құрбандары болған қайсар тұлғалардың қазақ деп соққан жүрегі ұлт жадынан өшпейді. Біз өскелең ұрпақ соны мәңгі есте сақтауымыз қажет.

Бұл жобада мен қола медальға ие болдым. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біз сияқты жастарды қанаттандырып, өз көкжиегімізде еркін самғауымызға мүмкіндік жасаға­нына айтар алғысым шексіз.

Меруерт ӘШІМОВА,

Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 11-сынып оқушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp