Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті. Республикалық жарыста өңір намысын қорғаған балуандар жеңіс тұғырынан көрінді.
Еркін күрестен 74 килограмда күрескен Нұрқожа Қайпанов алтын алды. Ол ақтық сында шығыстың өкілі Шыңғыс Мұхаметқалиевті жеңді. Грек-рим күресінен екі солтүстікқазақстандық балуан жүлдегер атанды. 55 килограмм салмақ дәрежесінде ақтық сынға шыққан Аманғали Бекболатов Алматы облысының спортшысы Нұрзат Қабдырахимовтан басым түсіп, ел чемпионы атанды. Ал 67 килограмм санатында финалда тағы бір қызылжарлық Данияр Кәленов шымкенттік Мейіржан Шермағамбетпен кездесіп, жеңіліп қалды. Даниярдың еншісінде – күміс медаль.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.