«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНЫП КЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық «Нұр» мешітінен өрт шықты. Зардап шеккендер, қаза тапқандар жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің, облыс орталығындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің және жедел-құтқару жасағы бөлімшелерінің құтқарушылары жіберілді. Өрт мешіт асханасына іргелес ағаштан салынған шаруашылық нысанында тұтанған. Ғимарат толығымен отқа оранды.

Жалын мешіт пен автокөліктерді шарпымауы үшін мамандарға жедел қимылдауға тура келді. Нәтижесінде асхана мен ғибадат ету орны  өрттен аман қалды. Оқиға орнынан жеті 50 литрлік газ баллоны шығарылып, өрт толық сөндірілді.

Өрт салдарынан 2 жеңіл автокөлік ішінара зақымданды, шаруашылық құрылысы жанып кетті. Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болған.

Рабиға ЕРАЛЫ

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp