«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПӘРМЕНДІ КҮРЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Amanat” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Құмар Ақсақалов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында өңірде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Үш жыл ішінде өңірде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың төмендеу үрдісі байқалады (104-тен 90-ға дейін). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерінің бірі – мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру болса, бұл саладағы цифрландыру деңгейі 93 пайызды құрайды.

“Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдететін өзіне-өзі қызмет көрсетудің 900-ден астам бұрышы жұмыс істейді. Жер қатынастары, құрылыс және қала құрылысы саласында қызмет көрсетудің айқындығы, мерзімдерін қысқарту үшін өңірлік геоақпараттық жүйе әзірленді. 1071 тексерудің нәтижесі бойынша 609 бұзушылық анықталды. Сот тәртібімен 52 жер учаскесі мәжбүрлі түрде алынды”, – деді Құмар Іргебайұлы.

Баяндамада көлеңкелі экономикамен күресу үшін өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап Петропавл қаласында 200 автобусқа электрондық төлем жүйесі енгізілді. Республикада бірінші болып “Ашық әкімдік” жобасы іске асырылды. Сондай-ақ бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу саны азайып келеді. Жыл басынан бері 22,5 млрд. теңге сомасына 9355 сатып алу өткізілді, бұл – өңірлер арасындағы ең төмен көрсеткіш. Жалпыға қолжетімді “Ашық бюджеттердің интерактивті картасы” белсенді жүргізілуде.⠀“Amanat” партиясының филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер тарапынан 2019 жылдан 2021 жылға дейін 1200-ге жуық ұсынымдар әзірленіп, олардың 99 пайызы орындалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, арнайы мониторингтік топтардың қызметі жолға қойылып, 180 нысанды партиялық бақылау арқылы қамтамасыз етті.

Ілияс САБДИНОВ,

“Amanat” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp